Әр түрлі колік түрлерінің тиімділігін көтеру жолдары

ТМД құрылуы мен оны алдына қойылған интеграциялық мақсаттар мен мәселелер ынтымақтастық елдерінің көліктік кешендері өзара тығыз байланыста болуы керек екндігін анықтады.

1991 жылы желтоқсанда қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Ынты-мақтастығын құру туралы Келісімде жазылғандай, «Ынтымақтастықтың жалпы координациялайтын институттары арқылы тең құқылы негізде жүзеге асырылатын осы мемлекеттердің бірлескен әрекеті аясына көлік пен байланысты дамытудағы әріптестік жатады».

Ынтымақтастықтағы көліктік әріптестіктің қиындықтарын шешу үшін 1992-1993 жылдары интеграцияның бірлескен мемлекетаралық салалық ор-гандар құрылды және осы органдардың жұмысы арқылы бастапқы кезеңдерде мемлекетаралық әріптестік жүзеге асырылып отырды. Жекелеген жағ-дайларда, олардың қатысуымен көліктің әрбір түрі бойынша жобалар дайындалды, мемлекетаралақ шешімдер, әсіресе, теміржол көлігі мен авиация саласында шешімдер қабылданды, бұл көлікшілер арасындағы өзара қарым-қатынастарда вакуум қалыптаспауына және бірлескен әрекеттерді құқықтық рәсімдеуге мүмкіндік берді.

Көлік саласында келісілген әрекеттерге 1993 ж. қыркүйекте қабыл-данған экономикалық Одақ туралы Келісім-шарт жетекшілік етті, онда былай делінген: «Жалпы нарыққа көшуде келісім-шартқа отырушы Тұлғалар ……. көлік және коммуникацияларды дамыту саласында тиімді жүк және жолаушы тасымалын іске асыруға бағытталған келісілген саясат жүргізеді».

ТМД-да жалпыкөліктік мәслелер мен көлік түрлері бойынша келесі координациялық комитеттер мен кеңестер жұмыс істейді:

– Координациялық көлік мәслихаты (ККМ);

– Теміржол көлігі бойынша кеңес (ТЖК);

– Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК);

– Теңіз көлігі мемлекеттік әкімшіліктерінің Кеңесі;

– Мемлекеттік автокөліктік әкімшіліктер Кеңесі;

– Су көлігі бойынша Кеңес;

– Жолшылардың мемлекетаралық Кеңесі.

ККМ – Ынтымақтастық мемлекеттері құрған бірінші өзара әрекеттесу координациялық органдардың бірі. Оны қалыптастыру туралы шешімді 1991 жылы 30 желтоқсанда Минск қаласында ТМД үкімет басшылары Кеңесі қабылдады.

ККМ мүшелері – жаңа тәуелсіз мемлекеттердің көлік министрлері. Мәс-лихат Ынтымақтастық мемлекеттерінің көліктік саясатын қалыптастырады, соның негізінде көліктік өзара әрекет анықталады. Мәслихатта Ынты-мақтастықта көліктік әріптес болу аясында негізгі құжаттар қаблыданды: көлік саласында әріптес болудың негізгі қағидалары туралы Алматы Деклара-циясы, экономикалық қоғамдастыққа мүше елдердің көлік саласында өзара қарым-қатынас шарттары мен қағидалары туралы Келісімі және басқалар.

ККМ отырыстарында көлік саласындағы әріптестікке қатысты жүзден астам сұрақтар қарастырылды. ТМД мүше елдерінің реттелген көліктік саясатының стратегиялық мақсаты анықталды – мемлекетаралық қатынастарда жүк және жолаушы тасымалына мемлекеттердің тұтыну-шылығын қамтамасыз ететін ұлттық көлік жүйелерін құру, әлемдік шаруашылық байланыстарына сіңісу.

Мәслихат жұмысына теміржол көлігі Кеңесінің, Мемлекетаралық авиациялық комитеттің, Мемлекетаралық жолшылар Кеңесінің, халық-аралық автокөлікпен тасымалдаушылардың өкілдері, автокөлік кәсіп-орындардың, теңіз және өзен порттарының жетекшілері, ТМД елдері көлікшілерінің кәсіподағы өкілдері қатысады.

Автомобиль көлігі саласында автомобиль көлігі мемлекеттік әкімшілігі мен халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар ассоциа-циялары жетекшілерінің Кеңесі жұмы істейді, бұл кеңес құқықтық база құруда, халықаралық конвенциялар мен тасымалдауды лицензиялау бойынша ұсыныстарды дайындауда, шекараны кесіп өту іс-шараларын ретке келтіру туралы ұсыныстар жасауда, автокөліктік құралдарға техникалық көмек көрсетуде және т.б. нақты шаралар қолданады.

1992 жылы құрылған ТМД мемлекеттерінің теміржол көлігі бойынша Кеңесін құру мен оның Басшылығы жүргізген жұмыс Ынтымақтастықтың біртұтас теміржол жүйесін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Кеңес жұмысына ассоциацияланған мүшелер ретінде Болгария, Латвия, сондай-ақ, Литва мен Эстонияның теміржол әкімшіліктері жекелеген келісім-шарттарға сәйкес қатысып отырады. Кеңес пен оның Басшылығы әрекеттерінің негізгі бағыттары туралы 3.2-параграфта толық айтылған.

ТМД авиаторларының күштері нығайтуда МАК үлкен рөл атқарады. МАК, халықаралық және ұлттық заңдар негізінде жұмыс жасай отырып, мемлекетаралық реттеу моделін экономикалық негізде тәжірибе жүзінде іске асырады. Бұл үлкен саяси, экономикалық және қорғаныс шығындарына әкеп соғу мүмкін болған Ынтымақтастық мемлекеттерінің авиакөлік нарығы құлауының алдын алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, Ынтымақтастықтың әрбір мемлекеті мен бүтіндей аймақтың мүддесін ескеретін мемлекетаралық реттеудің құқықтық және экономикалық механизмдері негізінде бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін ұсынды.

Бұдан басқа, интеграциялық көлік мәселелерін негіздеу және ғылыми қамтамасыз ету міндетін Ресей көлік академиясы, Халықаралық көлік академиясы, сондай-ақ, Ресей мен басқа да ТМД мемлекеттерінің ғылыми-зерттеу ұйымдары өздеріне жүктеді.

1996 жылы Халықаралық экономикалық комитетінің коллегиясында сөйлеген оның басшысы, Ресей Федерациясы Үкіметі Басшысының бірінші орынбасары А.А. Большаков:

«Интеграциялық процестердегі көліктің рөлі туралы көп айта беру артық деп ойлаймын. Бұл аймақтағы жағдай мынадай: көлік біздің экономикамызды байланыстырушы құралдан бөліктеуші құралға айналды.

Тариф кеддергі көзіне айналды. Сондықтан, қазіргі уақытта жасалып жатқан көлік саласында келісілген саясат жүргізу туралы құжаттардың өмірлік маңызы зор».

ТМД-ға мүше елдердің құрамына теміржол, әуе, су, көліктің автомобильдік түрлері мен олардың өзара әрекеті кіретін біртұтас көлік кеңістігінің Схемасын жасау да позитивті рөл атқарады.

Осы жұмысты реттеу үшін Мемлекетаралық экономикалық комитет-те – МЭК (кейін Орындаушы комитет құрамына кірген) көлік және байла-ныс саласында әріптестік Департаменті құрылды, оның функциялары:

– көліктік өзара әрекеттесуді әрі қарай тереңдету және қалыптастыру ұсыныстарын дайындау;

– жалпы көлік кеңістігі мен көлік инфрақұрылымының негізгі ережелерін құруға атсалысу;

– көліктің әр түрі бойынша салалық әріптестік органдар әрекетін реттеу;

– заңды бір ізге салу, кәсіпкелікті қолдау, тарифтік саясатты жетілдіру, т.б. ұсыныстар жасауға қатысу .

Департамент жұмысы істердің ахуалын зерттеу мен мемлекетаралық келісім-шарттар, келісімдер мен хаттамалар жобаларын дайындау болды. 1997 ж. 17 қаңтарда Ынтымақтастық аясында он мүше мемлекеттер (Грузия мен Түркменстаннан басқа) көліктік тарифтерді анықтау сала-сында келісілген саясат жүргізу туралы Келісімге қол қойылды, онда 3 статьяда анықталғандай:

«Көліктік тариф аясында халықаралық қатынастарда ТМД-ға мүше елдермен келісілген саясат жүргізу мақсатында тұлғалар сәйкес органдарға жүктейді:

– тауар мен жолаушыларды еркін тасымалдаумен қамтамасыз етуге бағытталған тарифтік саясатты реттеу шараларының кешенін жасауды;

– көлік-жол кешенінің экономикалық мүддесі мен көлік нарығының конъюнктурасын, өзара есептесулерді Тұлғалардың ұлттық мүддесіне қарай кешендік реттеу қажеттілігін ескеріп тарифтерді қалыптастыру;

– тұлғалардың заңдарын ескеріп, жекелеген жүктерді тасымалдау үшін тарифтік дәліздер бөлуді».

Теміржол көлігі саласында 1996 жылы 18 қазанда Тәуелсіз Мемле-кеттер Ынтымақтастығы Үкіметтерінің басшылары Кеңесі қабылдаған ТМД-ға мүше елдердің теміржол көлігінде келісілген тарифтік саясат орнату Концепциясы туралы Шешімі жұмыс істейді.

1997 жылы Мемлекетаралық экономикалық комитеті салалық интеграция органдарымен бірлесіп, өздері үшін жалпы мақсаттарға өзара келісілген көзқарастар жүйесі ретінде ТМД-ны экономикалық интеграциялық дамыту Концепциясын жасады, бұл мақсаттарды жүзеге асырудың кезеңдері, жолдары,шаралары мен механизмдері анықталды.

Концепцияда анықталғандай, көлік және байланыс саласында әріптестік мақсаты ТМД-ға мүше мемлекеттердің көлік және коммуникациялар, сондай-ақ, мемлекетаралық тасымалдауды (жүк және жолаушы тасымалын) тұтыну қажеттілігін қанағаттандыруға қажетті жағдайлар жасау, ТМД-ға мүше мемлекеттердің халықаралық қатынастарында олардың теміржол және автокөлік өткелдері, теңіз порттары, сондай-ақ, бір бірінің территориясымен транзит арқылы кедергісіз жүк және жолаушы тасымалдауға қажетті құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын жасау, көліктік (жүк және жолаушы) қызмет көрсетумен байланысты халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Біріккен көлік жүйесін қалыптастыру мен дамыту үшін келесілер қажет деп шешілген:

– мемлекетаралық салалық органдардың әрекетін сақтап және дамыту;

– көлік қызметтері үшін келісілген тарифтік саясат орнату қағидаларын қабылдау;

– көлік және жол шаруашылығы саласында нормативтік-құқықтық базаны үйлестіру;

– келсілген ғылыми-техникалық саясатты жүргізу мен қалыптастыруды қамтамасыз ету және басқа да шаралар.

Көлік кешендерінің интеграциясын құқықтық қамтамасыз етуде маңызды қадам 1997 жылы Бішкекте қабылданған жалпы көлік кеңістігін қалыптастырудың қағидалары мен көлік саясаты саласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің өзара әрекеттесуі туралы Келісім болды. Бұл Ынтымақтастықтағы көліктік әріптестік үшін негізгі құжат болып қалды.Келісім анықтағандай, көлік кеңістігін қалыптастыру концепциясын жасаумен, келісілген тарифтік саясат, көлік салалары бойынша бағдарламалар негізінде жалпы көлік кеңістігі қалыптасады.

Бірақ, кеңестік одақтан кейінгі кеңістікте қалыптасқан ахуал мен көлік интеграциясы органдарының әрекетін талдай отырып, Ынтымақтастық аясында қабылданған құжаттар іске асырылған жоқ деп тұжырымдауға болады. Тәуелсіз мемлекеттердің көлік кешендерінің өзара әрекеттесуіне жалпы немесе айтылған келсілген саясат та негіз бола алмады. Әр мемлекеттің көлігі көп жағдайларда өз бетімен және өз мүддесіне (орнатылған ережелер бойынша) жұмыс жасайды. Мұнда өзара әрекеттесу жүзеге асырылып жатқан әрекеттер туралы әріптестердің ақпаратына келтіріледі. Мұның салдары ретінде өзара әрекеттің төмен деңгейі мен тәуелсіз мемлекеттердің көлік кешендері жұмысының әлсіз тиімділігі пайда болды. Соңғы өнім құнының көліктік құрамы тек ТМД елдері арасындағы ғана емес, мемлекет ішіндегі саудада 1999 жылы бүтіндей ТМД бойынша 1991 жылдың деңгейінен 2 есе асып түсті және 20 пайызды құрайды.

Бірлескен әрекеттер мен нақты бағдарламалардың ведомостық сипаты, шешімдерді тәжірибелік іске асыру механизмдері мен бақылаудың жоқтығы, әрбір жақтардың өз экономикалық және көліктік кеңістігінен шықпай қалуы, бір сәттік аз кірістер алуға мүмкіндік беретін, бірақ үлкен шығынға ұшырататын көлік әрекетінде түрлі кедергілер қою өзара әрекеттесуді тереңдетуде қиындықтар келтіреді.

Экономиканың дамуына көлік кешендерінің интеграциялық процестері негізінен салалық деңгейде өтетіні де көмектеспейді. Көліктік интеграция органдарының жұмысына көліктік ұйымдардың жетекшілері ғана қатысады, осыған байланысты, қабылданған шешімдер мен әрекеттер негізінен көлікшілердің мүддесіне жүзеге асырылады және көлік қызметін тұтынушылар мүддесі ескерілмейді.

Осылайша, Достастықтағы көліктік әріптестік қарама-қайшы: бір жағынан, мемлекеттердің біртіндеп жақындасуға және көліктік жүйелер интеграциясына ұмтылысы бар, екінші жағынан, бұл интеграция өте жай жүреді, негізгі әрекеттер интеграциялық өзара әрекеттерді тереңдетуге емес, жекелеп келісілген көлік потенциалын пайдалануға бағытталған.

Бүгінде Достастық үшін өткен жолды талдау мен әріптестік тәжірибесін ұғыну ғана маңызды емес. ТМД мемлекеттерінің болашақ көлік кешендерін анықтау және кезең кезеңмен жүріп, айқын интеграциялау бағытында кішке-не болса да, нақты қадамдар жасау маңызды.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық.

Көліктік одақ:өзара әрекеттесі істері мен жоспарлары

Бес мемлекеттің – Беларусь Республикасының, Қазақстан Респуб-ликасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының интеграциялық процесі негізделетін негізгі құжаттар – 1995 жылғы 6, 20 қаңтардағы Кедендік одақ туралы келісім, 1996 ж. 29 наурыздағы гуманитарлық және экономикалық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы Келісім-шарт (оған сәйкес интеграцияны басқару органдары құрылды), 1999 ж. 26 ақпандағы Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы Келісім-шарт. Бұл құжаттар интегра-цияның мақсаттары мен мәселелерін, оларға жетудің кезеңдері мен әрекет бағыттарын анықтайды. Бірақ, олардың жалпы кемшілігі – мақсаттар мен міндеттерді іске асыру бойынша ұйымдастыру-құқықтық механизмінің әлсіздігі. 2000 ж. 10 қазанда қабылданған жаңа құжат «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты кеңселеу туралы Келісім-шарт» деп аталады, яғни іске асыру механизмі мен интеграция міндеттерін орындау үшін халықаралық ұйым құрылады.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық тек қана интегация мен Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер экономикаларын жақындатуға негізделген экономикалық альянс ретінде құрылады. ЕурАзЭҚ ақтық мақсаттары мемлекеттер экономикаларының теңдестірілген үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, дамудың тұрақтылығы мен халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің сарынын үдету болып табылады.

1998 жылы 22 қаңтарда мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары Көліктік одақ қалыптастыру туралы Келісімге қол қойды, оның негізгі мақсаттары көліктік инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану, көлікті бұдан да тиімдірек қолданып, көлік шығындарын азайту, Келісімге мүше мемлекеттер арасында және олардың территориясы арқылы көлік құралдарының еркін қозғалуы мен жүк және жолаушыларды кедергісіз тасымалдау, көліктік жүйелерді дамыту мен қайта құру келісілген саясатын жүргізу деп анықталды.

Келісімді іске асыру келесідей мүмкіндіктерді береді:

– теміржол көлігін біртұтас технологиялар мен параметрлер бойын-ша теміржолдардың әрекетімен қамтамасыз ету, ішкі қатынастар мен әріптес мемлекеттер арасында тасымалдауларда тариф деңгейін теңестіру, вагондар мен контейнерлер паркін бірлесіп пайдалану, жекеменшік жыл-жымалы құрамы бар трансұлттық экспедиторлық компаниялар құру;

– мемлекетаралық автокөлікпен тасымалдауды рұқсат алу жүйесін қолданбай-ақ еркін жүргізу, яғни резидент емес-тасымалдаушыны өз тасымалдаушысына қолданылмайтын түрлі алымдардан босату;

– өзен кемелерінің Көліктік одаққа мүше мемлекеттердің су жолдарын кедергісіз қолдануы;

– авиакомпаниялар соңғы ұшу пункті тасымалдаушы авиакомпания елінде орналасқан, маршрут бойынша үшінші елдің авиакомпаниясы екі мемлекет арасында жүк және жолаушы тасымалдауы.

Қарапайым өзара қарым-қатынастар аясында мүмкін бола бермейтін басқа да шешімдер жиынын қабылдау керек.

 Бұдан басқа, Келісім әріптес мемлекеттер территорисымен жүк тасымалдауда тең жағдайлар жасауды қарастырады, бұл мемлекетаралық қатынастарда көлікті тиімдірек пайдалануға көмектеседі.

2001 жылдың 19 наурызынан бастап, барлық мемлекеттер қажетті мемлекетішілік іс-шараларды орындауды аяқтағаннан кейін, Келісім өз күшіне толығымен енді.

Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы Келісім-шартта дәлелденген:

«Мемлекеттер Беларусь Республикасының, Қазақстан Республика-сының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасын-дағы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Көліктік одақ құру туралы Келісіміне сәйкес Көліктік одақ құрады.

Мемлекеттер Көліктік одақты өзара келісілген технологиялар мен параметрлер мен бір ізге салынған нормативтік-құқықтық база негізінде жұмыс істеп тұрған Мемлекеттердің көлік кешендерінің интегралдық жүйесі ретінде анықтайды.

 Көліктік одақты құру интеграциялық процестердің тереңдеуіне байланысты кезеңдермен жүзеге асырылады және Мемлекеттер территориясында тауар транзиті мен олар арасында жолаушы және жүк тасымалдау, көлік құралдарының кедергісіз қозғалуы үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру шараларын қолдануды қарастырады.

Мүше мемлекеттердің Көліктік одағын қалыптастыру екінші кезеңде аяқталады».

Кедендік одаққа мүше мемлекеттер Ынтымақтастықтың көліктік интеграциялау органдарына қатысуын уақытша тоқтата тұрмайды, себебі, олар қабылдаған шешімдер мен әрекеттер жалпы интеграциялық процестерді тереңдетуге беғытталған. Келісім Ынтымақтастықтың кез келген мемлекеті қосылуына ашық. Бұл мүмкіндікті жүзеге асырған Тәжікстан Республикасы болды, ол 1999 жылы мамырда Келісімнің толық құқылы мүшесі болып қабылданды және қалыптасқан Көліктік одақтың бесінші мүшесі болды.

Келісімнің басты мақсаттарының бірі – көліктік қызметтердің нарықтық қатынастарға көшуі. Әлемдік қатынастарда қызмет көрсету, оның ішінде көліктік қызмет нарығын реттеу негізі қызмет саудасы байынша Бас келісім – ГАТС болып табылады. Көліктік одақты құру туралы Келісім қазір Еура-зиялық экономикалық қоғамдастықты құрап отырған қатысушы мемле-кеттерге көліктік қызметтің ұлттық нарығын ГАТС/ВТО қағидалары бойын-ша жұмыс істеуге дайындауға, соның салдары есебінен ГАТС талаптарына ұлттық экономикалар мен көлік жүйелерінің бейімделуінің бастапқы кезеңіне «жұмсақ» өтуіне мүмкіндік береді.

Келісім қазіргі кезге дейін қатысушы-мемлекеттердің ұлттық заңдарына қайшы келмейтін бөліктерде қолданылып келгеніне қарамастан, оны жүзеге асыру жұмыстары үнемі жүріп отырды.

1999 ж. 29 қазанда №55 Мемлекетаралық Кеңес шешімімен Мемле-кеттер үкіметтеріне және Интеграциялық Комитетке Келісімге қатысушы-мемлекеттер арасында жүк тасымалдауға өзара пайдалы негізде бәсекеге қабілетті өткір тарифтік ақыларды сәйкестендіру жұмыстарын 1993 ж. 17 ақпанда қабылданған ТМД-ға қатысушы–мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің Тарифтік Келісіміне сай жүргізуді жалғастыру жүктелді.

Бұл жұмысты Интеграциялық Комитет жанынан арнайы құрылған Жұмыс тобы өткізеді. Оның құрамына тек қана теміржол әкімшіліктерінің өкілдері емес, тасымалдауға мүдделі министрліктер мен ведомостволар мамандары да кірді. Отырыстарда теміржол әкімшіліктерінің теміржол тарифтерін қалыптастыру мәселелеріне, оларды халықаралық қаты-настарда төмендету, қатысушы – мемлекеттер арасында жүк тасымалдауға өткір тарифтік ақыларды қолдану сұрақтарына өзара әсер етуді тереңдету мәселелері қарастырылып отырды.

Көліктік одақты құрайтын мемлекеттердің автокөлік кешендерінің интеграциясын тереңдету үшін үкімет басшылары халықаралық автокөліктік қатынастар туралы Келісімге қол қойды, ол қатысушы – мемлекеттер арасында жүк және жолаушы тасымалы мен автокөлік құралдарының рұқсат етілмей-ақ қозғалу ретін тағайындауға мүмкіндік береді. Құжат үшінші мемлекеттермен сыртқы шекарада көлік құралдарының кіруі мен шығу ретін және бақылауды ұйымдастыруды анықтайды. Келісімге сәйкес, әр мем-лекетке өзара келіскен түрде автокөлікпен тасымалдаушыларды авто-жолдарды қолданумен байланысты алымдардан босату керек, ал паритеттілік үшін көлік коммуникацияларына, жүктемелер мен көлік құралдарының габариттеріне, ауырсалмақты және ірі габаритті жүктерді тасымалдауларға талаптар қоюда біртұтас саясат жүргізуді бастау қажет.

Көлік заңдарын бір ізге салу үшін Интеграциялық Комитет шешімімен мемлекеттерде арнайы жұмыс топтары құрылды, ұлттық заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерді үйлестіру Бағдарламасы, Техникалық тапсырма мен көліктік заңдарға салыстырмалы-құқықтық талдау Негіздері жасалып, қабылданды, Жұмысшы топтың қызметкерлер құрамы анықталды, оған қатысушы-мемлекеттер парламенттерінің өкілдері, заңгерлер, экономистер мен көлікші- мамандар кірді.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекеттері 2000 жылы 10 қазанда жалпы көлік қызметі нарығы мен біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру Қоғамдастықтың негізгі міндеттерінің бірі екенін анықтаған Президенттердің 2000 жылы 10 қазанда жазылған өтінішінде көлік саласында интеграцияны тереңдету мәселесіне берілгендіктерін дәлелдеді.

Экономикаларды келісілген құрылымдық қайта қалыптастырудың Негізгі бағыттары бекітілді, олар нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту үшін мемлекеттер Көліктік одақ құру, көлік коммуникациялары мен байланыс құралдары жүйелерінің тұрақты, тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, көлік қызметтері нарығын қалыптастыру мен жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау жұмыстарын жалғастыра беретіндігін көрсетті.

 Осы мақсатта мемлекеттер келесідей:

– көлік және коммуникациялардың барлық түрінің техникалық деңгейін көтеруге (техникалық құралдар, жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерінің бірлескен өндірісін құру,т.б.);

– көлік жүйелерін басқаруды жоғарғы ақпараттық технологиялар мен қазіргі заманғы телекоммуникациялар негізінде жетілдіруге;

– қатысушы-мемлекеттердегі көлік құралдарын сертификаттау техникалық талаптары мен нормаларын бір ізге салуға;

– барлық көлік түрлерінде көлік шығындарын азайтуға күш беретін иілгіш және келісілген тарифтік саясат жүргізуге;

– мемлекеттердің транзиттік потенциалын бірлесіп пайдалануға

– бағытталған бірлескен шаралар қолданады деп күтілуде.

Осылайша, Көліктік одақ құру туралы Келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мемлекеттерінің көлік кешендерін әрі қарай интеграциялау үшін негізгі болып табылады.

Бақылау сұрақтар

1. ТМД-да жалпы көліктік мәселелер бойынша координациялық комитеттер мен кеңестер.

2. Ынтымақтастықтағы көліктік әріптестіктердің құрылуы, маңызы.

3. Әріптестік Департаментінің функциялары.

4. 1999 жылы 29 қазанда №55 Мемлекетаралық Кеңес өткізілу мақсаты.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *