Піспекті және біріктірілген қозғалтқышардың қолдану салалары

Көбінесе ІЖҚ көлік құралдары мен ауыл шаруашылық машиналарында пайдаланылады.

Автомобильдерде, теміржол көлігінде, өзен және теңіз флотында ІЖҚ негізгі энергия көзі болып табылады. Бүгінгі күні автомобильді қозғалтқыштардың қуаты 1500 кВт-тан асады, теміржол көлігінде – 3000 кВт, ал өзен және теңіз флотында – 37500 кВт.

ІЖҚ шығуы авиацияның тез дамуына себепші болды. Қуаты 3750 кВт біріктірілген қозғалтқыштар жасалынды. Мұнан былай газтурбиналы қозғалтқыштар шығарылды, олар ұшақ жылдамдығын күрт өсіргуе мүмкіндік берді.

Піспекті және біріктірілген қозғалтқыштар ауыл шаруашылығын механикаландырудың негізі болады. Тракорлық қозғалтқыштардың қуаты 350 кВт асады.

ІЖҚ жол-құрылыс көлігінде, стационарлық энергетикада, сондай-ақ барлау жұмыстарын өндіру кезінде газ, мұнай, сұйық жанармай және с.с. құбыр жолымен беретін сығымдағыштар мен сораптардың жетегі ретінде де, газ және мұнай кәсібінде ұңғыларды бұрғылау кезінде бұрғылау қондырғыларын қозғалысқа келтіру үшін пайдаланылады.

Қозғалтқыштарды таңбалау үшін әріптер мен сандардан тұратын шартты белгілеу қабылданған.

Әріптердің белгілейтіні: Ч – төрт тактылы, Д – екі тактылы, Р – реверсивтік, С – кемелік, реверсивтік ажыратқышымен, П – редукторлық берілісімен, К – крейцкопфтық, Н – үрлеумен.

Сандардың белгілейтіні: бірінші сан – цилиндрлер саны; сызықшаның үстіндегі сан – цилиндрдің диаметрі, сантиметрмен алынған; сызықшаның астындағы сан – піспектің жүрісі, сантиметрмен алынған; соңғы сан қозғалтқыштың модернизациясын (1-ші, 2-ші және с.с.) сипаттайды. Тронктік дизельді қозғалтқыштың шартты белгісінде К әріпі, ал реверсивтік емес дизельдің белгісінде – Р әріпі болмайды.

Белгілену үлгілері:

Дизель 8ЧН 14/14 – сегіз цилиндрлі, төрт тактылы, реверсивтік емес, тронктік, үрлеумен, цилиндр диаметрі 140 мм, піспек жүрісі – 140 мм.

Дизель 3ДСП 19/30 – үш цилиндрлі, екі тактылы, тронктік, кемелік реверсивтік ажыратқышымен және редукторлық берілісімен, цилиндр диаметрі 190 мм, піспек жүрісі 300 мм.

Дизель 8ДКРН 55/120 – сегіз цилиндрлі, екі тактылы, крейцкопфтық, реверсивтік, үрлеумен, цилиндр диаметрі 550 мм, піспек жүрісі 1200 мм.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *