Машина жасау технологиясы

Машина жасау технологиясы

1.1 Машина жасау технологиясының даму кезеңдері

Машина жасау технологиясы – бұл құрылған өндірістік бағдарлама саны мен берілген мерзімдегі өмір сүрудің және әлеуметтік еңбектің ең төменгі шығыны мен құны бойынша қажетті сападағы машиналарды жасау ғылымы.

МЖТ – ғылым ретінде даму барысында бірнеше кезеңдерден өтті:

— кезең 20 жылдары ауқымды өнеркәсіптің пайда болуымен басалды және 20–30 жылдары аяқталды.Алғашқы нұсқаушы және нормативті құжаттар пайда болды.

— (1930 – 1941 ж) кезеңде тәжірибе жинақталып,қосымша оны талдап қорыту мен жүйелеуге жалғасты.

— (1941–1970 жылдардағы)кезеңде ғылыми технологияның негізі қалыптасты және қарқынды дамыды.Практика жүзінде технологиялық өңделген жабдықты,жылдамдықта өңдеудің жаңа әдісін, жаппай өндірістік әдісті,саралау шарты мен шоғырлану операциясын тексерді.Осы жылдардың ішінде заманауи өңдеу дәлдігі теориясы қалыптасты.Озық өндірістік тәжірибе өткір білімнің негізінде табылды және теориялық ғылымдар мен қолданбалы ғылымдар кеңінен қолданылды.

Осы жылдардың ішінде заманауи өңдеу дәлдігі теориясы қалыптасты:

1. Есептік–аналитикалық әдіс-өңдеудің шағын қателіктерін және олардың соммасын анықтайды

2. Статистикалық және теориялық жұмыстарды жүргізу әдісін қолдану.

а) Өңдеу дәлдігін талдау, құрастыру, құрал – жабдықтар үшін.

б) Абразивті құралды және майда бедерлі (микро — рельефті) өңделген бетті талдауда.

 3. Өндірісте дәлсіздікті айқындау және технологиялық жүйенің қаттылық ілімі негізінде бөлшектеріне дейін даярланған.

 4. Орналасу теориясы. Механикалық өңдеулерді дәлдікке,кедір-бұдырлыққа, толқындыққа зерттеу барысында динамиканың технологиялық жүйелерге ықпал етуі жұмысты өркендете түседі.

 Ұйымдардың мәселелерінде жаппай және сериялық өндірісте дайындама өңдеулері автоматтандырылған технологиялық процесстермен игерілген. Машинаны технологиялық құрастыру ғылыми жұмыстарда игерілген. Машинаны құрастыру және дайындаманы механикалық өңдеу процестері өзара байланысты болып табылады және айрықша еңбекті қажет етеді( 80 …90 % өнім өндірудің жалпы еңбек сыйымдылығы). Машина жасау технологиясының басқа арнаулы ғылымдардан маңызды айырмашылығы болатын ерекшелік қатары бар. Прогрессивтік технологияны енгізу,кешенді механикаландыру және өндірістік процестерді автоматтандыру,өзіндік құнды кемітіп және зауыттарда шығарылатын өнімнің сапасын жақсартады, еңбек өнімділігін одан әрі арттыру үшін өндірісті ұйымдастыруды жақсарту негіз болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *