Логистика мәліметтер ағынын басқару арқылы зерттейді және іске асырады. Сондықтан да, түрлі бөлу сипатындағы есептерді шешу, төмендегі барлық бөлімдерде кездеседі:
— Тауарларды сатып алу кезінде, әр түрлі жеткізушілердің арасындағы тапсырыстарды бөледі;
— Кәсіпорынға жеткізілген жүктерді сақтау орны бойынша бөледі;
— Материалдық қорларды әр түрлі өндірістік қорларға бөледі;
— Сату барысында материалдық ағымдарды және т.б. түрлерді бөледі.
— Тұтынушыларға дейін тауарларды жеткізу.
Бөлгіш логистиканың шекарасын сызу үшін [2], бәрімізге белгілі, үш кезеңнен тұратын, капиталдың орнын толтыру барысындағы сызбаны қарастырамыз.
Бөлгіш логистика дегеніміз — логистиканың сол бір бөлігін, бөлу аясындағы түсіндірулерді көрсетеді немесе басқаша оны, маркетингтік логитика деп атайды. Бұл сөз тіркесі, логистиканың ерекшеліктерін, қазіргі талаптағы өндірістен кейінгі кезеңді өте жақсы көрсеткен. Бұл кезеңдегі тауарлдар маркетинг аясындағы салада тұрады. Оны – логистиканың буыны деп атайды:
Т –Д
Маркетинг пен логистика бір-бірін тек толықтырып қана қоймай, өз ара байланысады және де өздігінен бір-біріне тәуелді болып келеді.
Енді екеуінің айырмашылығына келер болсақ, маркетинг үшін бұл аумақ игерілген болып табылса, ал логистика үшін, бөлу – бүкіл процестің нақты бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Маркетинг логистикаға қарағанда, тарихы ерте кезеңдерде пайда болған, өйткені ол тауар айналу процесінде туындаған қиындықтардың себебінен практикада қажет болды.
Логистика тұтынушыларды байланыстырып, көлік пен жабдықтаушыларды біріңғай техникалық және технологиялық бірлескен жүйеге сала отырып, маркетингті толықтырады және дамытады.
Маркетинг туындаған тапсырысты зерттеп және анықтап отырады және де мынадай сұрақтарға жауап береді: қандай тауар қажет, қайда, қашан, саны және сапасы қандай. Логистика тұтынушығы қажетті тауар үлесінің физикалық қозғалысын қамтамасыз етеді. Логистикалық интеграция соңғы, алтыншы талаптарды орындалуына мүмкіндік береді, яғни қажет тауарларды минималды шығындармен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Себебі, өтіп жатқан тауар тізбегінің өзіндік құны төмен болады, егер де бұл тізбек логистикалық ұйымдастырылған болса.
Маркетинг жүйелік әдіс бойынша тауар қозғалысындағы ұйымдарға міндет қояды: «Тауар қозғалысын эффективті түрде басқару кезінде, оның әрбір кезеңі жақсы ұйымдастырылған, логикалық түрде құралған бір жүйенің бөлігі ретінде жоспарлануы» Бірақ та, бүкіл тауар жылжыту процесіне, қатысты технико-технологиялық интеграция тәсілі маркетинг емес, логистиканың негізгі зерттеу пәні болып табылады.
Маркетингтің нысанасы нарық, жарнама, сатып алушыға психологиялық әсер және т.б. түрлерін зерттейді, ал логистиканың ең негізгі бағыты – тауарлар өндіретін тізбек арқылы материалдарды өткізетін технико-технологиялық жүйені құрастыру, сонымен қатар олардың жүру, өту жүйелерін бақылау.
Бөлгіш логистиканың зерттеу объекті – таратушыдан тұтынушыға жеткізу кезеңіндегі материалдық ағын. Зерттеу пәні – өнімнің тұтынушыға физикалық жеткізу кезіндегі рационалдау процесі.
Бөлу процестерін микро және макрологистикалық мәселер бойынша қарастыруға болады.
Макрологистика – макрологистикалық мәселенаманың негізгі, керекті бөлімі болып келеді. Бұл дәрежеде көптеген міндеттерді шешу қажет. Бірақ ішіндегі екеуі ең өзектісі болып табылады:
— Бөлінген орталықтардың ұтымды санын анықтау және олардың қызмет көрсету аумағына орналасуы;
— Процесс ағындарын басқарудағы бүкіл өндірістегі логикалық тізбектерді қалыптастыру.
Бөлу аумағында микрологистиканың қызметі, дайын өнмдерді, мағұлматтарды көшіру процесін бақылау және басқару, ұйымдастыру және локальді дәрежеде жоспарлау болып табылады (қаржы ағыны – нақты қаржы және т.б.).
Микродеңгейдегі логистика төмендегідей мәселелерді қарастырады және шешеді:
— Іске асыру процестерін жоспарлау;
— Қабылдау ұйымы және тапсырысты өңдеу;
— Буманың сыртқы түрін таңдау, жинақтау туралы шешім қабылдау және де ұйымдастыру;
— Түсіру операцияларына жататын басқа да операцияларды орындау;
— Өнімді тіркеу орындары;
— Жіберу және жеткізу орындарын қадағалайтын ұйымдар;
— Қызмет көрсетуді орындағаннан кейінгі орталықтар.
Логистикалық канал – бұл материалдық ағынды нақты өндірушіден қолданушыға дейін жеткізетін, жартылай реттелген, әр түрлі делдалдар болып табылады.
Материалдық ағынды өндірушіден қолданушыға жеткізетін, анық бір қатысушыны таңдағанша, делдалдардың бәрі жартылай реттелген тізімде тұра береді. Логистикалық каналдан кейін – логистикалық тізбек пайда болады. Мысалға, өнімді тек қана агенттік фирма арқылы сату туралы шешім қабылдау, ал содан кейін, таратушы каналдың таңдауы – тікелей жұмыс жасайтын тұтынушыдан бас тарту. Сонымен, логистикалық тізбектің таңдауы – нақты бір агенттік фирма, нақты жүк тасмалдаушы, анық сақтандырушы және т.б.с.с. Логистикалық тізбек дегеніміз көптеген логистикалық процеске қатысушы. Ол сыртқы материалдық ағымдарды бір логистикалық жүйеден екіншісіне жеткізетін логистикалық операция.
Макрологистиканың дәрежесінде логистикалық каналдар мен логистикалық тізбектер макрологистикалық жүйедегі ішкі жүйелердің түріне де байланысты болып келеді.
Шартты белгілер:
Т1……Тn – тауарларды жеткізу, кешенді қызметін көрсететін, көптеген көлік-экспедициондық фирмалар;
Д1……..Дm – көптеген дистрибьюторлар.
Сурет 4. Логистикалық каналдың логистикалық тізбекке айналуы.
А) логистикалық канал
Б) логистикалық тізбек
Бөлгіш логистикада материалдық ағын қимылдарындағы каналдар мен тізбекті таңдау, өте қиын шешім болып табылады. Олар, басқа да басқару ағындар процесімен байланысты, тікелей өзге де бүкіл шешімдерге ықпалын тигізеді.
Тәжірибе жүзінде, көптеген логистикалық каналдар мен тізбектер тікелей шаруашылық байланыс арқылы емес (бірақ мұндай нысана әр қашанда керек болып келеді), сауда делдалдардың қатысуымен қалыптасады. Оларды өндірушілер және тұтынушылар үшін де қолдану ұтымды. Мұндай жағдайда, олар шектеулі іскер серіктестерінің санын қадағалап отыруға тура келеді. Тағы да бір артықшылығы, тауар ағынын, белгілінген нарыққа дейінгі жылжымалы жолының кез-келген жерінен қол жеткізуге болады (сурет 5).
Маркетинг тауарларды тиімді сатуды қамтамасыз ететін, нарықтық талаптардың өзгерістеріне бейімделу мүмкіндігін беретін, басқару жүйесі болып табылады.
Маркетинг өте ерте кезеңде, логистикаға қарағанда, тауар айналымы кезінде пайда болған қиыншылықтардың себебінен тәжірибеде ерте қолдана бастады.
XX ғасырдың ортасында тауар нарықына керекті өнім шығару, сұранысты зерттеу үшін маркетингтік әдістерді қолдану және де сұранысқа ықпал ету факторлары, нарықтың бәсекелестігін жоғарлатты. Материалдық ағындарды тікелей басқару жүйесін құру тапсырысы, маңызды міндет болып табылады. Біріншіден, экономикада мұндай жүйені құрастыру үшін техникалық мүмкіндіктердің болмауы. Екінщіден, маркетингтік қабылдаулардан тікелей өтіп кетуге болады. Қазіргі кезде «алға жылжу» жүйесін, маркетинг базасында қолдануға болмайды. Маркетингтің көрсетуі бойынша, сұраныс жаңа заманға лайық, тез әрі нақты тапсырысқа қанағаттануы қажет («жылдам жауап беру» технологиясы). Бұл «жылдам жауап беру» технологиясы туындаған сұранысқа тек реттелген логистикалық жүйеде жауап қайтарады.
Тарихи экономикалық алаңға кештеу шыққан логистика – маркетингті мобильді технико-технологиялық және жоспарлы-экономикалық реттелген жүйеге көлікті, тасмалдаушыларды тіркеп, толықтырады және дамытады.
Маркетинг туындаған сұранысты іздестіреді немесе анықтайды және де мынадай сұрақтарға жауап береді: қандай тауар керек, қашан, қайда, қандай салада және қанша шамасында т.б. Логистика тұтынушыға қажетті тауар көлемін физикалық қамтамасыз етеді. Логистикалық интеграция қажет тауарды керек орындарға дәл уақытында минималды шығындармен жеткізеді.
Маркетинг тауар жылжыту ұйымдарына жүйелік әдістерді мақсат ретінде қояды: «Тауар қозғалысын эффективті түрде басқару кезінде оның әрбір кезеңі жақсы ұйымдастырылған, логикалық түрде құралған, бір жүйенің бөлігі ретінде жоспарлануы» Бірақ та, бүкіл тауар жылжыту процесіне қатысты технико-технологиялық интеграция тәсілі маркетинг емес, логистиканың негізгі зерттеу пәні болып табылады.
Маркетинг – нарықта жарнаманы, сатып алушыларға психологиялық әсерлерді және т.б. түрлерді нысанды түрде зерттейді. Ал логистика болса, бірінші кезекте тауар өткізгіш тізбектегі материалды өткізетін технико-технологиялық жүйені құруға және де сол жүйенің жұмысын қадағалауға беттелген.
Маркетинг пен логистиканың арасындағы нақты айрмашылықты мына кестеден көре аласындар. Кесте 1.
Маркетинг пен логистика аумағындағы нысананың салыстырмалы сипаттамасы мен зерттеу пәні.
Маркетинг пен логистиканың салыстырмалы сипаттамасы Маркетинг Логистика
Зерттеу объекті Нарық және конъюнктура,
нақты тауар мен қызмет Мына нарықтарда айналатын материалдық ағымдар
Зерттеу пәні Тауар және қызметті іске асырудағы, нарықтың іс-әрекетін ықшамдау
Материалдық ағымдарды басқару процестерін ықшамдау
Зерттеу тәсілі Нақты тауар мен қызметтер арқылы сұраныс, ұсыныс және коньюнктураларды зерттеу тәсілдері
Тізбектегі мәліметтерді құрастырудағы жүйелік әдістеме, содан кейін, жүйе мен өндірістерді басқару және жоспарлау кезінде қолданылатын әйгілі тәсілдер
Қорытынды Компанияның өндiрiстiк — сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар және тактикалар: не өндіру, қандай көлемде, қандай нарықта, қандай уақытта және де осылардан қандай пайда алуға болады Логистиканың мақсаттарына жауап беретін жүйелер: керекті шамада, сапада, анықталған жерде, уақытылы , минималды шығынмен жеткізетін тауар.
Айналыс саладағы заттық ағынның логистиялық ықшамдауының мысалдары.
Заттық ағындардың басқаруға логистиялық жолының мәнi бiрыңғай жүйеге логистиялық процесстiң жеке қатысушыларының кiрiгуiнде болады. Олар қажет тауарды жылдам әрі ыңғайла керек жерге жеткізеді.
Бұл жүйенің қиындығы, түрлі мүмкіндіктерді бір ортақ жүйеге орналастыру жолдары болып табылады.
Логистикалық тәсілді мысал ретінде, айналыс саласындағы материалдар ағынының басқарудағы екі процесті қарастырамыз:
— Қант ұнтағын өндіруші заводтан жеке дүкендер желісіне дейін жеткізу процесі.
— Темірбетон конструкцияларын заводтан құрылыс нысаналарына дейін апару процесі.
Материалдық ағынның логистикалық оңтайландыру тауар қозғалысына кеткен шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді, ал соңғы шешімі болса, түрлі кеш іс-шараларды өткізу есебінен шығады. Солардың бір түріне тоқталайық. Шығындарды азайту үшін логистикаға не істеуі керек екенін қарастырайық.
Өндіріс кезінде қант ұнтағын қапшыққа әдеттегідей 50 кг салады. Логистикалық түрде, оңтайланған материалдық ағын, қант ұнтағының бүкіл тізбек бойы жылжыған қимылдарын көрсетеді.
Логистикалық ықшамдау процесі қант ұнтағын жеке дүкен желілеріне жеткізу кезінде, бүкіл логистикалық процеске қатысушылардың арасынан, серіктестік қарым-қатынас іздестіреді.
Гипотезалық жағдайды қарастырайық, егер де үш бөлімде бір меншік иесінің қолында болса, мынадай сұрақ туындайды. Бұл меншік иесі қант ұнтағын қапшыққа қай жерде өлшеп салар еді?
Қант ұнтағы өлшеу процесін біз мысалдың төрт жерінен қарастырамыз:
— Дүкендегі сатушының сатып алушыға қызмет көрсетіп тұрып, іске асырады.
— Дүкендердегі тауар дайындау бөлімшелерде, арнайы қызметшілердің қант ұнтағын өлшейді;
— Өлшеу цехндағы көтермелі ұймдардың қоймасында;
— Өндіру заводтарында.
Дәлелдерге тоқталмай айта кететін жайт, ең қымбатқа түсетін, жұмыс орында өлшеп, қаптау жұмысы болып табылады. Ал, ең төменгі шығындар көрсеткішін көрсететін, ол қант ұнтағын өлшеу процесін көтермелі ұйымдардың қоймада орындауы. Дегенімен, шектеулі қоймалар санын есептемегенде, бұл жерде мықты өлшеу техникасын әсерлі түрде қолдануы мүмкін емес.
Өлшеу кезінде, өзіндік құнын қысқартып, максималды экономикалық әсер алу үшін, өндіру-зауытына жоғарғы өндіргішін өлшеу құрал-жабдықтарын орнату керек.
Дегенімен қант ұнтағы, зауыттан дүкенге дейінгі ең жақсы жылжу тәсілі, өлшеу бағасына емес, тауар қозғалысымен байланысты барлық кешенді шығындарға байланысты.
Осыған байланысты, зауыттың, қойманың және де дүкеннің жалғыз иесі қант ұнтағын сол жерде өлшеуі ұтымды. Бұл тәсіл, қант жүретін бүкіл тізбектегі шығындарды азайтады. Тауар қозғалысында іске қосылып тұрған тізбектерді өлшеу орны, жалғыз меншік иесі тапқан жеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Қорытындысында, қазіргі тізбектен өткен қанттың өзіндік құны, жоғары болып келеді. Толығымен алғанда – бұл жоспарлау мақсаттарының кешені.
Айтылған төрт бағыт бойнша, міндеттерді орындағаннан кейін, тауар тасушы интеграцияланған жүйе пайда болады. Ол, тек қана материалдық ағынды басқару сапасын өзгерту бойнша, экономикалық ұтысты қамтамасыздындырады.
Бір мысалда айтылғандай, логистикалық әдіс техника, технология, экономика және жоспарлау ауданындағы керекті міндеттердің шешімін табуға көмектеседі. Осыған байланысты логистиканы біріккен келесідей элементтер арқылы көрсетуге болады.
Темірбетон конструкцияларын зауыттан құрылыс нысандарына дейін жеткізу процесінде логистиканы қолдау мысалы. Әйгілі мақалда көрсеткендей «қасықтың жолы асқа қарай», логистикада ол мынадай түсінік береді: уақытылы жеткізілген жүк, ерте және кеш жеткізілген жүктерге қарағанда жоғары бағаланады.
Мағұлматтар орталығындағы, кестеде көрсеткендей, құрылыс нысандарына қажетті темірбетондар туралы мағұлматтар, қызметтегі алаңдар, мықты өнімділігі бар зауттар мен арнайы көлік құралдары туралы мағұлматтар іріктеледі. Мағұлматтар орталығы күндегі темірбетон конструкцияларын жеткізу кестесін құрастырып отырады. Мұнда жеткізуші және алушы туралы толық мағұлматтар, тапсырысты орындайтын автокөліктердің нөмерлері жазылған.
Кестеде әр минут нақты құрастырылған. Темірбетон жеткізетін логистикалық ұйым, құрылыс алаңындағы керекті конструкцияларды түсіріп және сақтау жұмыстарын қысқартады, соған байланысты, сол алаңның көлеміне деген талапты қысқартады. Істен шыққан немесе уақытылы жеткізілмеген құрылыс конструкциялардың көмегімен, үй — алаңда емес ағаштардың арасында салынады. Адамдарға, техникаларға деген қажеттіліктер қысқартылады. Экономикалық және экологиялық артықшылықтар көрінеді.
Функциоланған жүйелердің міндетті шарттары:
-қатысушылардың бірлескен экономикалық қызығушылықтары (экономика)
-көлік әдістерінің түріне зауыттар мен құрылыс алаңдардағы темірбетонды материалдар жасаған техникалық құралдар белгіленген
-нақты белгіленеді: кім және не істеу керек, қалай, қандай жүйелікте жасау қажет (технология)
-жүкті жеткізу кестесі құрастырылып, автокөлік транспортының қозғалу маршруты анықталған.
Функционалды жүйенің қорытындысы болып, өнімнің қажеттілігі, керек сапада, шамада, қойылған уақытта, таңдалған жерде, миниалды шығындар болып табылады.
Енді гипотекалық біріңғай меншік иесін игеріп, орнына түгел өлшеулері заутта орындау шешімін қабылдайық.
Тауар қозғалысына қатысушыларға бірігіп кедесідей мәселелерді шешу қажет: