Логистикалық жүйелер

 

Жоспар:

1. Жүйенің түсінігі.

2. Логистикалық жүйенің қасиеті.

3. Логистикалық жүйелердің классификациясы.

4. Көліктік-логисти калық жүйе.

1. Жүйенің түсінігі

Логистикалық жүйенің түсінігі логистиканың негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Экономикалық механизмнің қызмет етуін қамтамасыз ететін түрлі жүйелер бар. Бұл көпшіліктің ішінен оларды талдау және жетілдіру мақсатында логистикалық жүйелерді бөліп қарастыру қажет.

Логистикалық жүйе түсінігі жалпы жүйе түсінігіне қатысты жеке болып табылады. Сондықтан да, ең алдымен, жалпы жүйе түсінігіне анықтама беріп, содан кейін қандай жүйелер класы логистикалыққа жататынын анықтаймыз.

Энциклопедиялық сөздікте «жүйе» түсінігінің мынадай анықтамасы берілген: «жүйе (грек сөзінен алынған — көліктерден құралған біртұтас, бірігу деген мағынаны білдіреді) бір-бірінен өзара байланысты және қарым-қатынаста болатын, белгілі бір «тұтастықты, бірлікті құрайтын көптеген элементтер».

2. Логистикалық жүйенің қасиеті.

Объект жүйе болуы үшін, оның төрт қасиеті болуы тиіс.

Бірінші қасиеті — тұтастық және мүшелік. Жүйе дегеніміз бір-бірімен өзара әрекет ететін элементтердің тұтастық жиынтығы. Элементтер тек жүйеде ғана болатынын ескеру қажет. Жүйеден тыс — бұл тек жүйе құраушы потенциалды қабілеттілігі бар объектілер. Жүйе элементтері түрлі сапада болуы мүмкін, бірақ олар бір уақытта үйлесімді болуы да мүмкін.

Екінші қасиеті — байланыстар. Жүйе элементтері арасында белгілі бір байланыс бар, олар осы жүйенің интегративті сапасын заңды кажеттілікпен аныктайды. Байланыстар заттай, ақпараттық, тура, кері және т.б. болуы мүмкін. Жүйенің ішіндегі элементтер арасындағы байланыстар, жеке элементтердің сыртқы ортамен байланысына қарағанда күшті болуы тиіс, әйтпесе кері жағдайда жүйе қалыптаса алмайды.

Үшінші қасиеті — ұйымдастыру. Жүйе элементтерінде жүйе құрушы факторлардың болуы тек оның құрылу мүмкіндігін ғана ұйғарады. Жүйенің пайда болуы үшін реттелген байланыстар қалыптастыру қажет, яғни жүйенің белгілі бір құрылымы, ұйымдастырылуы.

Төртінші қасиеті — интегративті қасиеттер. Жүйенің интегративті қасиеттерінің болуы, яғни жалпы жүйеге тән, бірақ оның жеке элементтеріне тән емес.

Материалды ағымдарды жылжыту білікті қызметкерлерімен түрлі техника арқылы; көлік құралдары, тиеу-түсіру жұмыстары және т.б. жүзеге асырылады. Логистикалық үрдіске түрлі үй-ғимараттар кіріседі, үрдістің жүруі оған деген ең қозғалмалы және мерзіммен қорда жинақталып отыратын жүктерді дайындық дәрежесіне тәуелді болады. Жүктердің өтуін қамтамасыз ететін өндірістік күштердің жиынтығы жақсы ма жаман ба, дегенмен әр уақытта ұйымдасқан. Егер материалды ағымдар болса, онда әр уақытта белгілі бір тауар өткізуші жүйе болады. Дәстүрлі түрде бұл жүйелер арнайы жобаланбайды, ол жеке элементтер қызметінің нәтижесінде пайда болады.

Логистика шығыста материалды ағымдардың параметрлері берілген түрлі, үйлескен материал өткізуші (логистикалық) жүйелердің жобалау мәселелерін койып, оны шешеді, бұл жүйелерді оған кіретін өндірістік күштердің материалды ағымдарды іштей басқару мәселелеріндегі үйлесудің жоғары дәрежесі айырады.

Алдыңғы бөлімде қарастырылған және кез келген жүйеге тән төрт қасиеттің шеңберінде логистикалық жүйенің қасиеттерін сипаттайық.

Бірінші қасиеті: жүйе дегеніміз бір-бірімен өзара әрекет ететін элементтердің біртұтас жиынтығы.

Логистикалық жүйені элементтерге бөлуді түрліше жүргізуге болады. Макродеңгейде материалды ағымның бір кәсіпорыннан екіншіге өткен кезінде элементтер ретінде кәсіпорындардың өздері, сондай-ақ оларды байланыстыратын көлік те қарастырылуы мүмкін.

Микродеңгейде логистикалық жүйе келесі негізгі элементтерден тұруы мумкін.

Сатып алу — материалды ағымның логистикалык жүйеге түсуін қамтамасыз ететін элемент.

Өндірісті жоспарлау және басқару — бұл элемент материалды ағымдарды сатып алу бөлімінен қабылдап алып, оны еңбек затынан еңбек өніміне айыратын түрлі технологиялық операцияларды орындау үрдісінде басқарады.

Өткізу — бұл элемент материалды ағымның логистикалық жүйеден шығуын қамтамасыз етеді (4-сур.).

Микрологистикалык; жүйе көріп отырғанымыздай, логистикалық жүйенің элементтері түрлі сапалы, бірақ бір уақытта олар үйлесімді. Үйлесімділік мақсаттық бірлігімен қамтамасыз етіледі, оған логистикалық жүйенің әр элементтерінің қызметі тәуелді.

Екінші қасиеті (байланыс) логистикалық жүйе элементтері арасында заңды қажеттілікпен интегративті сапаларын анықтайтын маңызды байланыстар бар. Макрологистикалық жүйелерде элементтер арасындағы байланыс негізін келісім-шарт кұрайды. Микрологистикалық жүйелердегі элементтер бір-бірімен өндірісттік қатынастармен байланысты.

Үшінші қасиеті (ұйымдастыру); логистикалық жүйе элементтері арасындағы байланыстар белгілі тәртіппен реттелген, яғни логистикалық жүйе ұйымдасқан.

Төртінші қасиеті (интегративті қасиеттер): логистикалық жүйенің оның жеке алғандағы элементтеріне тән емес, интегративті қасиеттері бар. Бұл қажетті тауарды керекті жерге, қажетті уақытта, қажетті сапада минималды шығындармен жеткізу қабілеттілігі, сондай-ақ сыртқы өзгерісіне бейімделу қабілеттілігі (тауарлар немесе қызметтерге сүраныстың өзгеруі, техникалық құралдардың күтпеген жерден істен шығын қалуы және т.с.с).

Логистикалық жүйенің интегративті қасиеттері оған материал сатып алуға, оларды өз өңдірістік қуаттары арқылы жіберуге және сыртқы ортаға шығаруға мүмкіндік береді.

Жалпы қабылданған логистикалық жүйенің анықтамасы келесідей: логистикалық жүйе — логистикалық қызметтерді атқаратын, кері байланысы бар бейімделгіш жүйе. Ол бірнеше элементтерден тұрады және оның сыртқы ортамен дамыған байланыстары бар. Логистикалық жүйе ретінде өнеркөсіптік кәсіпорынды, территориалды-өндірістік кешенді, сауда кәсіпорынын жәпе т.б. қарастыруға болады. Логистикалық жүйенің мақсаты — тауарлар мен бұйымдарды керекті жерге, қажетті мөлшерде және ассортиментте, шығындардың белгілі деңгейінде өндірістік немесе жеке тұтынуға дайындығы максималды дәрежеде жеткізу.

3. Логистикалық жүйелердің классификациясы

Логистикалық жүйелер, жоғарыда айтып кеткендей, макро- және микрологистикалық болып бөлінеді. Макрологистикалық жүйе — елдің түрлі аймақтарында немесе түрлі елдерде орналасқан, түрлі ведомстволардын өнеркәсіптік, делдалдық, сауда және тасымалдау ұйымдары мен кәсіпорындарды қамтитын материалды ағымдарды басқаратын ірі жүйе. Макрологистикалық жүйе аймақ, елдердің немесе елдер тобының экономикасының белгілі бір инфрақұрылымын білдіреді.

Түрлі елдерді қамтитын макрологистикалық жүйенің қалыптасуы кезінде халықаралық экономикалық қатынастардың құқықтық және экономикалық ерекшеліктерімен байланысты, елдердің көлік зандылықтарының ерекшеліктерімен байланысты қиындықтарды және, сондай-ақ басқа кедергілерді төзу қажет. Мемлекетаралық бағдарламалардағы макрологистикалық жүйелердің қалыптасуы біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылуын, ішкі шекараларысыз тауарларды, капиталдарды, ақпараттарды, еңбек қорларын тасымалдаудағы кедендік кедергілерсіз ортақ нарықтың құрылуын талап етеді.

Микрологистикалық жүйелер, макрологистикалық жүйелердің құрылымдық құрамдасы, бөлімі болып табылады. Оларға түрлі өндірістік және сауда кәсіпорындары, территориалды-өндірістік кешендер жатады. Микрологистикалық жүйелер өндірісшілік логистикалық жүйелер класына жатады, олардың құрамына біртұтас инфрақұрылыммен біріккен, технологиялық байланысқан өндірістер кіреді.

Макрологистика шеңберіндегі жеке микрологистикалық жүйелер арасындағы байланыстар тауар-ақша қатынастарының негізінде бекітіледі. Микрологистикалық жүйелер ішінде, сондай-ақ элементтер әрекет етеді. Дегенмен, олардың өзара әрекетінің негізі тауарлы емес. Бұл — фирма, бірлестіктер немесе бір экономикалық нәтижеге жұмыс істейтін басқа шаруашылық жүйе ішіндегі жеке бөлімшелер, логистикалық жүйенің үш түрі бар: тікелей байланысы бар, икемді және эшелонданған логистикалық жүйелер.

Тікелей байланысы бар логистикалық жүйелер. Бұл логистикалық жүйелерде материалды ағым өнім өндірушіден тұтынушыға делдалсыз, тікелей өтеді.

Эшелонданған логистикалық жүйелер. Мұндай жүйелерде материалды ағым жолында кем дегенде бір делдал бар.

Икемді логистикалық жүйелер. Мұнда материалды ағымның өнім өндірушіден тұтынушыға қозғалысы тікелей, сондай-ақ делдалдар арқылы жүруі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *