Логистикадағы ағымдар 6.2. Ақпараттық ағымдар

 

Жоспар:

1. Ақпараттық ағымдврдың түсінігі.

2. Заманауи логистикада ақпараттық ағымдарының ролі.

3. Ақпараттық ағымдврдың түсінігі.

4. Логистикалық ағымдарының классификациясы.

1. Логистикадағы ақпараттық ағымдар

Материалды ағымдарды басқару үрдісінің негізінде логистикалық жүйелерде жұретін ақпараттарды өңдеу жатады. Осыған байланысты логистиканың маңызды түсініктерінін бірі ақпараттык ағым түсінігі болып табылады.

Ақпараттық ағым — бұл логистикалық операцияларды басқару және бақылау үшін қажетті, логистикалық жүйелер мен сыртқы орта арасында жүретін, логистикалық жүйенің ішіндс жүретін ақпараттар жиынтығы.

Ақпараттық ағымдардың түрлендірілуі 16-суретге келтірілген.

Логистикалық функцияларға қатысты ақпараттық ағымдар қарапайым, кешендік, маңызды және базалық болып бөлінеді.

Логистикалык жүйеге (ЛЖ) қатысты ағымдар төмендегідей болып бөлінеді:

ішкі және сыртқы (сәйкесінше ЛЖ ішінде немесе ЛЖ мен сыртқы орта арасында жүретін ағымдар);

көлденең, бұл ЛЖ иерархиясының бір денгейіне жатады және вертикалды — логистикалық менеджменттің жоғарғы деңгейінен төменгісіне жылжитын ағымдар;

кіретін және шығатын — ЛЖ-ге кіруіне не шығуына байланысты.

Ақпаратты таратушылардың түрлері бойынша ең көп таралғаны қағаздардағы ағындар (құжаттар), ал ақпаратты өңдеудін компьютерлік технологиясын қолдануда — электронды бейнеграмма түріндегі магнитті тасымалдаушылар (магнитті ленталар, дискілер) және т.б.

Ақпараттың пайда болу уақыты бойынша тұрақты ағындар, мерзімді (уақытысы қатаң шектелген) және абоненттердің байланысын интерактивті және «online» мен «offline» диалогтың тәртібінде қамтамасыз ететін жедел ағындар болып бөлінеді.

Мақсатына байланысты басқарушы ақпараттық ағымдар, нормативті-анықтамалық ақпараттарының ағымдары, шешім қабылдау кезінде есептеу үшін және талдау үшін қолданылатын ақпараттар және көмекші ақпараттық ағымдар болып бөлінеді.

Ашықтық дәрежесі және маңыздылық дәрежесі бойынша ашық, жабық, коммерциялық, құпия, қарапайым және тапсырыстық ақпараттық ағындар болып бөлінеді.

16-сурет. Ақпараттық ағымдардың түрлері

Қазіргі логистикадағы ақпараттық ағымдардың рөлінің өсуі келесі негізгі себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, тұтынушы үшін тапсырыс мәртебесі, тауар, жеткізу мерзімі, тасымалдау құжаттары және т.б. жөніндегі ақпараттар тұтынушылық логистикалық қызметтің қажетті элементі болып табылады. Екіншіден, қорларды басқару тұрғысынан қарағанда логистикалық тізбекте толық және дұрыс ақпараттық болуы, сұраныстың анықсыздығын азайту есебінен қорларға және еңбек ресурстарына қажеттілікті қысқартуға мүмкіндік береді және, үшіншіден, бәсекелестік артықшылықтарға жету үшін ресурстарды қалай, қай жерде және қашан пайдалану тұрғысынан ақпарат логистикалық жүйенің икемділігін жоғарылатады.

Логистикалық менеджмент ақпараттық ағымдардың көптеген көрсеткіштерімен және сипаттарымен жұмыс жасайды: берілетін мәліметтер номенклатурасымен, мәліметтер түрімен, кұжаттармен, массивтермен; мәліметтердің берілу шапшаңдығымен және жылдамдығымен арнайы сипаттармен (ақпараттық арналардың өткізу қабілеттілігімен, заңсыздықтан қорғау, кедергілерден қорғау және т.б.).

Ақпараттық және материалды ағымдар арасында изоморфтілік жоқ (яғни, бір мәнді сәйкестік, пайда болу уақытындағы синхрондық).

Әдеттегідей, ақпараттық ағым материалды ағымнан асып түседі, немесе одан қалып қалады. Материалды ағымның тууының өзі, мысалы, сату-сатып алу мәмілелері кезіндегі, келісім-шарт құру және т.б. кезіндегі ақпараттық ағымның салдары болып табылады. Материалдық ағыммен кездесетін бірнеше ақпараттық ағымның болуы әдетті болып табылады.

— материалды ағымнан кейін қарсы бағытта жүктің саны

және сапасы бойынша қабылдау нәтижесі туралы ақпарат,

түрлі талаптар мен дәлелдер жүруі мүмкін.

Материалды және ақпараттық ағымдардың пайда болу уақытындағы үлкен үзілістің мысалы тауарлы биржаларға әлі жеткізілмеген (немесе өндірілмеген) тауарларға жасалған форвард мәмілелері болып табылады.

Жеке логистикалық функциялармен қатар жүретін, мысалы операциялық өндірістік процедуралармен, тасымалдаумен, қорлар мен тапсырыстарды басқарумен қатар жүретін ақпараттық ағымдар құжат айналымы, құжаттар саны мен реквизит тұрғысынан өте күрделі болуы мүмкін. Мысалы, түрлі аралас темір жол-теңіз халықаралық жүктерді тасуда 60-қа дейін түп нұсқалы құжаттар, мың реквизит қолданылады, ақпараттық ағымдармен өзара әрекет ету жиырма логистикалық делдал арасында жүргізіледі.

Аталған жағдайлар мәліметтерді электронды өндеу, құжат айналымының технологиялық схемасын қарапайымдандыру, ақпараттық логистикалық ағымдарды өңдеудің халықаралық стандарттарын енгізу, мысалы БҰҰ-ң ЕОҒАСТ стандартын енгізу есебінен қағаз құжаттар айналымын азайту қажеттілігіне алып келеді.

Логистикалық жүйелердегі ақпараттық ағымдар жоспарлау, реттеу, талдау, бақылау және есептеудін жеке функцияларын орындаудағы логистикалық менеджмент қызметкерлерінің нақты қажеттіліктерімен анықталады.

Ақпараттық ағымның жүретін жолы, жалпы жағдайда, материалды ағымның бағытымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Ақпараттық ағым мынадай көрсеткіштермен сипатталады:

— пайда болу көзі;

— ағымның жылжу бағыты;

— беру және қабылдау жылдамдығы;

— ағым қарқындылығы және т.б.

Осы параграфта қарастырылатын ақпараттық жүйелердін қалыптасуы ағымдарды белгілі бір көрсеткіштер шеңберіңде зерттеусіз мүмкін емес. Мысалы, белгілі бір жұмыс орнын есептеу техникасымен жабдықтау мәселесін осы жұмыс орны арқылы өтетін ақпараттар көлемін білмей, сондай-ақ оны өңдеуге қажет жылдамдықты анықтамай шеше алмайды.

Ақпараттық ағымды былайша басқаруға болады:

— ағымның бағытын өзгерту;

Ақпараттық ағым материалдарынан асуы мүмкін, онымен бір қатар немесе одан кейін жүруі мүмкін. Бұл кезде ақпараттық ағым материалдық ағыммен бір жаққа, сондай-ақ бір-біріне қарсы бағытталуы мүмкін:

— қарсы бағыттағы, озатын ақпараттық ағымда тапсырыс туралы мәліметтер болады;

— тіке бағыттағы, озатын ақпараттық ағым — бұл келетін жүк туралы алдын ала мәліметтер;

— материалды ағыммен қатар, тіке бағытта материалды ағымның сандық және сапалық параметрлері жөнінде ақпарат жүреді;

— қабылдаудың сәйкес жылдамдығына дейін беру жылдамдығын шектеу;

— жеке тораптық немесе жолдың жеке телімінің жеткізу қабілетті шамасына дейін ағым көлемін шектей отырып ақпараттық ағым уақыт бірлігінде өңделетін ақпараттық санымен өлшенеді.

Белгілі бір мәліметте болатын ақпарат санын өлшеу әдістері кибернетсаның ақпарат теориясы деп аталатын бөлімінде зерттеледі. Осы теорияға сәйкес ақпарат санының бірлігі ретінде қос бірлік деп аталатын — бит алынады. Электронды есептеуіш техниканы қолданғанда ақпарат байтпен өлшенеді. Байт — бұл, әдетте, 8 биттан тұратын және ЭЕМ-да ақпаратты өңдеуде біртұтас бірлік ретінде қолданылатын машина сөзінің бір бөлігі.

Сондай-ақ ақпарат санының туынды бірліктері де қолданылады: килобайт, мегабайт және гигабайт.

Шаруашылық қызмет тәжірибесінде ақпарат төмендегідей де болып өлшене алады:

— өңделетін не берілетін құжаттар санымен;

— өңделетін не таратылатын құжаттардағы құжат жолдарынын жалпы санымен.

Экономикалық жүйелерде логистикалық операциялардан басқа ақпараттық ағымдардың пайда болуымен бірге қатар жүретін басқа да операциялар орындалады. Дегенмен, логистикалык ақпараттық ағымдар жиынтық ақпарат ағымының маңызды бөлігін құрайды.

Мысал ретінде азық-түлік тауарларының ірі дүкеніндегі жиынтық ақпарат ағымының құрылымын қарастырып өтейік. Осы жерде айналатын ақпараттың негізгі бөлігін (50% астамын) жабдықтаушыдан дүкенге келіп түсетін ақпарат кұрайды. Бұл дүкенге келіп түсетін тауарлардың құжаттары, бүл кіретін ақпараттық ағымды құрайтын тауар-қостаушы құжаттар.

Дүкендегі логистикалық операциялар жабдықтаушылардан тауарлар алумен шектелмейді. Дүкен ішіндегі сауда-технологиялық үрдіске дүкен ішінде қолданылатын ақпараттың пайда болуымен қатар жүретін көптеген логистикалык, ақпараттар жатады. Соның ішінде дүкен ішінде пайдаланылатын ақпараттардың үлесі шамамен 20% құрайды.

Жалпы дүкендегі өңделетін ақпараттың 2/3 бөлігін логистикалық операцияларды бақылауға және басқаруға қажетті ақпарат құрайды. Өндірістік кәсіпорындардағы немесе көтерме сауда кәсіпорындарындағы логистикалық ақпараттық ағымдардың үлесі бұдан да көбірек.

Қорытынды. Алдағы кезекте «логистикалық ақпараттық ағым» терминінің орнына біз «ақпараттық ағым» терминін қолданамыз

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *