Көлік жүйесінің негізі болып көлік қорларындағы меншіктің жалпы формасы есептелді. Нарықтық реформаны жүргізуге, акционерлеуге және жекешелендіруге байланысты көлік құралдарының бөлшектерінің біртұтас ұғымы күрделі сынауға ұшырап отырды. Мұнда көңіл біртұтасттыққа емес бәсекелестікке жасалады, соның ішінде көлік түрлерінің арасындағы бәсекелестік нарық қозғалтқышы болып саналады. «Монетаристтермен» болған пікірталасқа ден қоймай-ақ, нарық схемасының жоқ екенін және нарықтық механизмді біржақты етуге болмайтынын айтып өтейік. Ең негізгісі- адам өмірінің сапасы мен шарты, оның жағдайы, әлеуметтік және экономикалық қорғанышы, еркіндіктің жалпыландырған деңгейіне жеткізетін соңғы дұрыс нәтиже. Нақты соңғы нәтиже сол, адамның дұрыс өмірін қамтамасыз ететін, бір бөлігі көлік болып есептелетін, қорды сақтау тиімділігі бар экономика.
Көлік дәлізінде жүктерді жеткізуде көліктің жалпы сипаттамасы және оның мемлекеттің қоғамдық-экономикалық дамуы үшін әсері
Көлік деп жүктер мен жолаушыларды тасу үшін қолданылатын кәсіпорындар жиынтығын атаймыз.
Көлік дәлізінде тауарлар немесе адамдардың географиялық жағдайларын өзгерту арқылы адамдардың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейімен байланысты экономикалық әрекеттің бір бөлігі болып саналады.
Кәлік дәлізінде шикізатты жеңіл өңдейтін жерге немесе дайын өнімдерді тұтынушылар дұрыс қолдана алатын пункттерге апара алады.
Яғни көлік табиғи, жасанды және еңбек қорларын аз пайда түсіретін жерден пайдасы толық тиетін жерге тасыған пайдалы кеңістік құрайды.
Сондықтан да көлікті тауарлар мен адамдарды тасу арқылы адамзат қажеттілігінің қанағаттандыру деңгейін өсіретін құрал ретінде анықтауға болады.
Әр көліктің түрлері үш негізгі компонент немесе құрама бөліктерді пайдаланады.
Бұл- жолдар, терминалдар –көлік тораптары, жылжымалы құрам – көлік құралдары.
Көлік құралдары өз кезегінде өзі жүретін және ауырлық құралдары көмегі арқылы қозғалатын түрлерге бөлінеді.
Жол өз қызметін орындай отырып, сонда немесе сол бойынша қозғалатын көліктің ортасын білдіреді. Жолдар табиғи, жақсартылған табиғи, жасанды түрлерге бөлінеді.
Табиғи жолдар ерте кезден бастап қолданылады. Бұл кеме жүретін өзендер, теңіздер кейіннен оларға әуе орталары қосылды.Табиғи жолдар ретінде шөлдер, дала, батпақ, тиісті көлік болса қар кеңістіктері қолданылады.
Егер қандай да болмасын өзен учаскесінде жағалаулар бекітілсе, кеме жүрісінің фарватері тереңдетілсе, қалалық емес жолдарда қиыршық тастар салынса, онда табиғи қатынас жолдары жақсартылған табиғи түрге көшеді.
Қазіргі автомобиль жолдары, темір жол жолдары, қазылған кеме жүру каналы жасанды жол қатынастарына жатады.
Терминал бір көлік торабының бітіп, екіншісі басталған пунктін білдіреді..
Барлық көлік дәліздерде кез-келген маршруттың көлік түрлерін ауыстыратын желілік пункттері болады. Теңіз немесе өзен порттары кеме терминалдары ретінде қарастырылады, бірақ негізінен олар поездар, автомобильдер, құбыр өткізгіш көліктері терминалдары болып есептеледі. Жүктерді темір жол көлігінен автомобильге немесе, керісінше ауыстыратын жүк алаңы (бұрында механизацияланған дистанциялар ПРР) терминалға қатысты бола алады.
Көлік құралдары. Көліктің әрбір түрінде жүктер мен жолаушылар тасымалданатын көлік құралдары болу керек. Көлік құралдарының конструкциясы нақты көлік түрін қанағаттандыру қажет.
Көлік құралдарына немесе жылжымалы құрамға: локомотивтер, вагондар, тікұшақтар, теңіз және өзен кемелері, автомобильдер, автомобиль тіркестері, трейлер және т.б. жатады.
Көлік құралдары күш қондырғыларымен біріктірілу керек, кейбір жағдайларда олар ажыратылады. Біріншіге тікұшақтар, теңіз және өзен кемелері қарайды,екіншіге – буксир-итергіштермен және автомобиль тіркестерімен, вагондармен орналастырылатын баржалар қарайды.
Әрбір нақты көлік түрінен екі немесе үш компоненттерді табуға болады.
Мысалы, құбыр өткізгіш бір мезгілде жол және көлік құралы бола алады, насосты станция – ауырлық құралы және де ауыстырылатын жүк насосты станциядан өтетін болғандықтан бір мезгілде жол бөлігі бола алады.
Көлік дәліздерінде тасымалдауда көлік құралының түрін таңдау
Көлік дәліздерінде тасымалдауда көлік түрін таңдау мәселесі қорлардың оңтайлы деңгейін құру және оны тұрақты ұстау, орау түрін таңдау және осы сияқты логистиканың басқа мәселелерімен өзара байланыста шешіледі.
Көлік дәліздерінде тасымалдауда нақты тасымал үшін оңтайлы көлік түрін таңдау негізгі көлік түрлерінің ерекшеліктері туралы ақпарат болып табылады.
Көлік дәлізінде логистика тұрғысынан маңызды болып келетін автомобиль, теміржол, су және әуе көліктерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырайық. Мұнда көрсетілгендей, тасымалдау тәсілін, тасымалдау құралдарын және нақты тасымалдаушыны таңдауда логистикалық менеджер ескеруі қажет әр көлікт түрінің артықшылықтары мен кемшіліктері болады.
Көліктің әр түрі (құбырды қоспағанда) колдануды ұйымдастыруға, техникалық қызмет көрсетуге және көлік құралдарың жөндеу үшін қажет белгілі бір өндірістік-техникалық базамен және көлік құралдарының белгілі бір типімен сипатталады (жылжымалы құрамды, жылжымалы бірліктер).
Көлік дәлізінде көліктік жүйесінің компоненттері ретінде жолдарды (темір жол, автомобиль жолдары, әуе трассалары және т.б.), терминалдарды, жылжымалы құрам мен ауыр құралдарын қарастырады. Логистикалык, менеджмент үшін осы компоненттердің кейбір техникалық-пайдаланушылық параметрлері анықтаушы болып табылады.
Кесте -1.1
Көлік түрлерінің сипаты.
Көлік түрі Артықшылықтары Кемшіліктері
Темір жол Жоғары тасымалдау қабілеттілігі;
Ауа райына , жыл мезгіліне және уақытқа байланыссыздығы
Тасымалдау тез арада жүріп тұрады;
Салыстырмалы төмен тарифтер , транзитті жіберулер үшін жеңілдіктер;
Үлкен қашықтыққа жүктерді жоғары жылдамдықпен жеткізу.
— Тасымалдаушылар саны шектеулі
Өндірістік – техникалық базасына көп капитал салымдары қажет
Тасымалдың жоғары материал және энерго сыйымдылығы
Соңғы сату орындарының қолжетімділігі төмен
Жүктер жеткілікті түрде сақталмайды.
Теңіз Континентарлық тасымалдаудың мүмкіндігі
Ұзақ қашықтыққа тасымалдаудың өзіндік құны төмен
Жоғары тасымалдау және өту қабілеттілігі
Тасымалдаудың төмен капитал сыйымдылығы. Тасымал шектеулі
Жеткізудің төмен жылдамдығы
Географиялық ауа райы жағдайларына байланыстылығы
Күрделі порттың инфрақұрылым құру қажеттілігі.
Су (өзен) Терең өзендер мен суларда тасымалдаудың жоғары мүмкіндіктері
Тасымалдаудың өзіндік құны төмен
Капитал сыйымдылығы төмен. Тасымалдау шектеулі
Жүктерді жеткізу жылдамдығы төмен
Өзен , көлдер тереңдігінің бірқалыпсыздығына байланыстылығы
Мерзімділік
Тасымал сенімділігі және жүктердің сақталу сенімділігі жеткіліксіз.
Автомобиль Жоғары қолжетерлік
Жүкті “есіктен есікке дейін” жеткізу мүмкіндігі
Жылжуы , икемділігі , өзгермелілігі жоғары
Жеткізу жылдамдығы жоғары
Жеткізудің түрлі маршруттарын және схемаларын қолдану мүмкіндігі
Ең тиімді тасымалдаушыны таңдаудың кең мүмкіндіктері бар. Өнімділік төмен
Ауа райы және жол жағдайларына байланысты
Үлкен қашықтыққа тасымалдаудың салыстырмалы жоғары өзіндік құны
Жеткіліксіз экологиялық тазалық.
Әуе Жүкті жеткізудің ең жоғарғы жылдамдығы
Жоғары сенімділік
Жүктің сақталуының ең жоғарғы мүмкіндігі
Тасымалдаудың ең қысқа маршруттары. Өзіндік құны жоғары , көліктің басқа түрлеріне қарағанда тарифы жоғары
Тасымалдың капитал сыйымдылығы , материалды – техникалық сыйымдылығы жоғары
Ауа райына байланысты
Географиялық мүмкіндігі жеткіліксіз.
Құбыр Өзіндік құны төмен
Өнімділігі жоғары
Жүк көп сақталады
Капитал сыйымдылығы төмен. Жук түрлерінің шектеулілігі (газ , мұнай өнімдері , шикізат материалдарының эмульсиясы)
Аз тасымалданатын жүктердің мүмкінсіздігі.
Жылжымалы құрам үшін мұндай параметрлерге келесілер жатады:
техникалық және пайдалану жылдамдығы;
жүк ыдыстарының және көлік кұралдарының үлкен мөлшері;
толық салмағы, өсьтегі жүктеме;
қозғаушы күштің қуаттылығы;
жүк көтерімділігі және принцип, жартылай принцип, вагондардың және т.б. үлкен мөлшерлері.
Қатынас жолдары үшін:
өткізу қабілеттілігі;
өтетін бөліктің екі фарватер терендігі;
жалға түсіруге болатын жүктеме.
Терминалдар үшін:
пайдалы қойма ауданы;
айналым саны (айналым жылдамдығы);
көтеру және қойма құралдарының және т.б. өнімділігі.
Көлік түрін таңдауға әсер ететін алты негізгі факторларды бөліп қарастырады. 1.2-кестеде осы әрбір фактор бойынша түрлі көлік түрлерінің бағасы беріледі.
Кесте-1.2
Көліктің түрін таңдауға әсер ететін негізгі факторлар шеңберінде түрлі көлік түрлерін бағалау.
Көлік түрі Көлік түрін таңдауға әсер ететін факторлар
Жеткізу уақытты Жіберу жиілігі Жүкті жеткізудің тәртібін сақтау сенімділігі Түрлі жүктерді тасымалдау қабілеттілігі Территориялық кез келген нүктесіне жеткізу қабілеттілігі Тасымалдау құны
Темір жол 3 4 3 2 2 3
Су 4 5 4 1 4 1
Автомобиль 2 2 2 3 1 4
Құбыр 5 1 1 5 5 2
Әуе 1 3 5 4 3 5
Түрлі факторлардың маңызын сараптап бағалау көрсеткендей, көлікті таңдауда, ең алдымен, төмендегілерді ескеріледі:
жеткізу тәртібін сақтау сенімділігі;
жеткізу уақыты;
тасымалдау құны.
1.2 — кестеде мәліметтері көлік түрінің нақты тасымалдау шарттарына сәйкестігін тек шамалап бағалау үшін ғана қолданыла алатындығын айта кету қажет. Жасалған тандау дұрыстығы көліктің әр түрлі түрлерімен жүргізілетін тасымалдаумен байланысты шығындарды талдауға негізделген техникалық-экономикалық есептеулермен расталуы қажет.
Мысалы, 5 т. қымбат жүктің автомобильмен жеткізу құны 1000 долл. құрайды, ұшақпен — 3000 долл. Тандау автомобильге түсті. Бірақ содан кейінгі толық кұнды талдау көрсеткендей, автомобильмен тасымалдау кезінде тасымал тарифіне қоса төмендегілерді төлеу қажет болды:
жөнелтушіге: жөнелткені үшін және сақтағаны үшін жөнелтушіге жүк құнының 5% — ын, яғни 2000 доллар (ұшақпен жеткізілгенде бұл шығындар кірмейді);
банкирге: несие үшін пайыз ретінде жүк кұнының 1,5 % — ын, себебі автомобильмен тасымалдау 15 күн жүргізілді, ал 50000 доллар қор ретінде алынды, яғни нәтижесінде 750 доллар құрады. (15 х 36/365=1,5% мұндағы 36 — несие үшін жылдық банктің пайыз қойылымы); жалпы шығындар 3750 долларды құрады.
Яғни, тарифтер арқылы автомобильді таңдау дұрыс болмай шықты, ұшақ тиімдірек болды.
Көлік дәліздерінде тасымалдау логистикасының мәні мен мәселелері
Тасымалдау адамдар мен жүктерді таситын материалды өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында тасымалдау материалды қызмет өндіру сферасына жатады.
Материалды ағын өзінің бастапқы шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі жолында орындалатын логистикалық операциялардың көп бөлігі түрлі. Көлік құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды орындауға кететін шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50 % — ға дейінгі шамасын кұрайды.
Тасымалдау екі элементтен — жаппай пайдаланылатын көліктен және жаппай пайдаланылмайтын көліктен тұратын жүйе.
Жаппай пайдаланылатын көлік — жүк және адамдарды тасымалдауда халық шаруашылығының барлық салалары мен тұрғындардың кажеттіліктерін қанағаттандыратын халық шаруашылығының саласы. Жаппай тасымалдау айналыс сферасына және тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оны, әдетте, магистралды деп те атайды (магистраль белгілі бір жүйедегі негізгі басты сызба, бұл жағдайда — қатынас жолдар жүйесінде). Жаппай тасымалдау түсінігі темір жол көлігін, су көлігін (теңіз және өзен), автомобиль, әуе көлігін және құбыр көлігін қамтиды.
Жаппай пайдаланылмайтын көлік өндірістік көлік, сондай-ақ тасымалмен айналыспайтын кәсіпорындарға жататын көлік құралдарының барлық түрлері және белгілі бір өндірістік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.
Көлік өндірістік және сауда үрдістеріне үйлесімді түрде енеді. Сондықтан да көлік құраушысы логистиканың көптеген мәселелерін шешуге қатысады. Сонымен қатар логистиканың өз бетінше қызмет ететін тасымалдау саласы да бар, ондағы қатысушылар арасындағы көп аспектілі үйлесімділік материалды ағын қозғалысының өндірістік-қойма телімдерімен тікелей байланыссыз қарастырылады.
Тасымалдау логистикасының міндеттеріне шешімі тасымалдау үрдісінің, тікелей қатысушыларының әрекетінің келісімділігін күшейтетін мәселелер жатады. Мұндай мәселелерді шешу өзектілігі тасымалдау жұмысы үлкен, өз бетінше жүретін үрдіске айналғанда туандайды (мысалы, жаппай пайдалану көлігінің қызметінде, сондай-ақ бірқатар жаппай пайдаланылмайтын көлік жағдайларында).
Тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда логистикалық тәсілдің ерекшелігін аралас тасымалдау жағдайындағы көлік тізбегі буындарының өзара әрекет ету мысалымен түсіндірейік (1.1- сурет) (аралас деп көліктің бірнеше түрімен кезектесіп жүретін тасымалдауды айтады. Олардың кең таралу себебі көптеген жағдайларда тек автомобиль көлігі жүкті тікелей «есіктен есікке» алып жеткізе алады).
Шартты Ақпараттық және қаржылық ағындар
белгілер: Материалды ағындар
Сурет.-1.1. Көліктің бірнеше түрінің қатысуымен жүргізілетін тасымалды дәстүрлі ұйымдастыру
Ақпараттар мен қаржыларды жылжыту мәселелеріндегі буындардың үйлесімділігі төмен, себебі олардың әрекетін үйлестіретін ешкім жоқ. 2.2 -суретте бейнеленген аралас тасымалды ұйымдастыру бұдан ерекше болып саналады.
Сурет.- 1.2. Батыс көлік дәлізінде көліктің бірнеше түрін қолданғандағы тасымалдауды логистикалық ұйымдастыру
Көлік дәлізінде ішкі тасымалдау үрдісінде жалғыз операторының болуы ішкі материалды ағынды жобалауға, берілген параметрлерге жетуге мүмкіндік туғызады.
Жүк алушыға материалды ағын көрсеткіштері басқарыла алады және оның алдын ала берілген мәні болады. Аралас тасымалдауды ұйымдастырудың дәстүрлі және логистикалық тәсілдердің салыстырмалы сипаты 1.3 — кестеде келтірілген. Логистиканың тасымалдауда өндірістегідей немесе саудадағыдай қолданылуы контрагенттерді бәсекелестер тарапынан тасымалдау үрдісінде бір-бірін толықтыратын әріптестерге айналдырады.
Көліктік дәлізде тасымалдауда жоғарыда аталып кеткендей, бірыңғай техника, технология, экономика және жоспарлау. Сәйкесінше, тасымалдау логистикасының мәселелеріне тасымалдау үрдісінің, қатысушыларының техникалық және технологиялық үйлесуін камтамасыз ету, олардың экономикалық мүдделерінің сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жоспарлаудың бірыңғай жүйелерін қолдану жатады. Осы мәселелерді қысқаша сипаттайық.
Кесте.-1.3
Батыс көлік дәлізінде аралас тасымалмен интермодальдық тасымалдың салыстырмалы сипаты.
Аралас тасымал Интермодальдық тасымал
Екі немесе одан да көп көлік түрлері Екі немесе одан да көп көлік түрлері
Тасымалдау үрдісінің жалғыз операторының болмауы Тасымалдау үрдісінің жалғыз операторының болуы
Бірнеше көлік құжаттары Жалғыз көлік құжаты
Бірыңғай фрахт тарифтік қойылымының болмауы Бірыңғай фрахт тарифтік қойылымының болуы
Қатысушылардың өзара әрекетінің реттелген кестесі Қатысушылардың өзара әрекетінің орталықтан реттелген кестесі
Жүкке деген бөлінген және нәтижесінде азайған жауапкершілік Жүкке деген бірыңғай және нәтижесінде артқан жауапкершілік
Нәтижесі: “логистиканың алты ережесінің” орындалуының аз ықтималдығы. Нәтижесі: “логистиканың алты ережесінің” орындалуының жоғары ықтималдығы.
Тасымалдау кешеніндегі техникалық үйлесімділік көлік кұралдар параметрлерінің жекелеген түрлері ішінде, сондай-ақ түр аралық қиылыста үйлесуін білдіреді. Бұл үйлесімділік ауыспалы тасымалдарды қолдануға, контейнерлер мен, жүк пакеттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Технологиялық үйлесімділік тасымалдаудың бірыңғай технологиясын, тікелей тасымалды қолдануды ұйғарады.
Экономикалық үйлесімділік бұл нарық конъюнктурасын зерттеудің және тарифтік жүйені құрудың жалпы әдістемесі.
Бірлесіп жоспарлау графиктің бірыңғай жоспарларын жасап, оны қолдануды білдіреді.
Көлік жүйесін құру, соның ішінде көлік дәліздерін және көлік тізбектерін құру (көлік дәліздері – бұл ұлттық немесе халықаралық көлік жүйесінің бір бөлігі, ол жеке географиялық аудандар арасындағы жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. Оған кіретіндер: қозғалмалы көлік құралдары және осы бағытта жұмыс істейтін барлық көлік түрлері мен стационарлық құрылғылар, сондай-ақ осы тасымалды жүргізудің барлық құқықтық шарттарының жиынтығы. Көлік тізбегі – көліктің бір немесе бірнеше түрін қолдана отырып, белгілі бір уақыт мерзіміндегі жүкті белгілі бір қашықтыққа тасымалдау сатылары. Барлық осы уақытта жүктер өзгеріссіз қалады мысалы, жүк пакеті немесе контейнер);
тасымалдау-қоймалау үрдісінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;
тасымалдау үрдісін қоймалау және өндірісті бірігіп жоспарлау;
көлік құралының түрін таңдау;
көлік құралының типін таңдау;
жеткізудің тиімді маршрутын анықтау және т.б.
Көлік дәлізінде тауарды жеткізу шеңберіндегі көліктің рөлі.
Көлік дәлізінде логистиканың көлікпен қамтамасыз етуі әртүрлі көлік түрлерімен тауарларды тасымалдау мәселелерін шешеді.
Тауарды жеткізу шеңберіндегі көліктің рөлі екі негізгі фактормен анықталады:
1. Логистикалық тұжырымдама құрылымында шикізаты, материалды, дайын өнімді тасымалдауға кететін шығынның басым болуымен.
2. Көлік дәліздерінде компанияның негізгі жұмысы — көлік қызметін тапсырушылар сферасында жұмсалатын шығындарға көліктің тигізетін әсерінің көп болуымен.
Көлік дәліздерінде компанияның негізгі жұмысының экономикалық тиімділігін арттырудағы рөлі «дәл уақытында» (Just in time) технологиясын пайдаланғанда айқын көрінеді. Қажет жүкті алдын ала белгіленен мерзімде жеткізген кезде қойма шаруашылығының мазмұны қажет етілмейді ( бұл жер көлемін пайдалануға, ғимараттарды салуға, жұмысшыларға ақша төлеуге, технологиялық қондырмаларды сатып алуға кететін шығындарды азайтады) және капитал айналымы тездетіледі.
Сонымен қатар, қатал кестемен жұмыс істеу жоспарлау, басқару және жеткізудің диспетчерленуі бойынша басқару аппаратына көп жүк артады. Тасымалдау графигінде болжанбаған ақаулар байқалса, қатысушылар айтарлықтай шығынға ұшырайды. Егерде жүкті жіберуші жүкті белгіленген уақытта жіберуге дайындап үлгермесе, ол бәрі бір де тасымалдау жүзеге асқан жағдайдағыдай көлік үшін ақша төлейді. Логистиканың принциптері бірінші кезекте үлкен жүктерді жіберуші мен алушының арасындағы технологиялық маршруттарда тасымалдауда қолданылады ( тас көмірді, темір рудаларын, мұнайөнімдерін және басқалары). Жүктерді қатал кесте бойынша тасымалдайды, бұл тұтынушыларды шикізат пен жанармайдың қорларын жинаудан сақтайды.
Жүктердің мөлшері неғұрлым көбірек, бөлу географиясы неғұрлым кең және тұтынушылар саны да неғұрлым көп болса, соғұрлым тұтынушыларға тауарды жеткізудің бірдей технологиялық процестерін ұйымдастыру қиынырақ, соғұрлым логистикалық технологияларды жасап шығару және енгізу тиімділігі жоғары болады. Жеткізу технологиясының қиындатылуы контейнерлеу, орау, жүктің бірлігін ұйымдастыру операцияларының негізінде болады. Маршруттарды жоспарлау, көліктерді таңдау, есептеу, басқару және анализдеу операциялары күрделенеді. Тауардың тұтынушыға жеткізу жолында бөлу орталықтары ұйымдастырылады.
Көлік дәлізінде қызметі бойынш көлікің екі негізі түрін бөліп көрсетуге болады:
коммерция негізінде жүк иелеріне көлік қызметін көрсететін ортақ қолданыстағы көлік;