Теміржол торабы туралы түсініктер, олардың жіктелінуі
Теміржол торабы деп — бірнеше теміржол бағытының желілері түйіскен (қиысқан) немесе қосылған жерде станциялар мен басқа да айырым бекеттерін байланыстырушы жолдар арқылы біріктіретін пунктті айтамыз. Ол станциялар бір-бірімен басты жолдармен, қосымша жолдармен біріктірілген, тараптағы барлық станциялар бірыңғай технологиямен жұмыс істейді.
Теміржол торабтары — теміржол тораптарының схемасына қарай, құрылыстардың орналасуына қарай, олардың геометриялық формаларына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. Теміржол торабы пайдалану түріне қарай және жолдың маңызына қарай екіге бөлінеді:
— кішкентай не орташа қаланың жанында, көбінесе транзит жүк және жолаушы пойыздарды өңдейтін транзит тораптары. Мұндай тораптарда жергілікті өңдеу жұмыстары көп болмайды;
— әр бағыттаманың транзит пойыздары мен сұрыптау жұмыстары көп — транзиттік торап. Мұндай тораптарда бірнеше сұрыптау станциялары болуы мүмкін.
2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:
— жергілікті өңдеу жұмысы көп тораптар (250 500 мың адамнан тұратын қаланың жанында);
— жергілікті өңдеу жұмысы аз тораптар (50 100 мың не 250 мыңға дейін адамнан тұратын қаланың жанында);
— теңіз бен өзен порттарының жанында, көбінесе жүктерді қайыра тиеу жұмыстарын орындайтын порттың торабы болып бөлінеді;
— үлкен қалалық торап (500 мыңнан көп адамдар тұратын қаланың жанында орналасқан) болып бөлінеді.
3. Торап орналасқан ауданның өндірістік күшіне қарай тораптар екіге бөлінеді:
— теміржол торабы;
— өнеркәсіп торабы.
4. Тораптың негізгі құрылыстарының географиялық орналасуына қарай:
— бір стансадан тұрады;
— айқыш-ұйқышты (крестообразный);
— үшбұрышты және т.б.
Теміржол тораптары теміржолды келесі жұмыстармен қамтамасыз ету керек:
— жүк және жолаушы транзит пойыздарын бір бас жолдан екінші бас жолға өткізу үшін;
— өңдеуге келе жатқан пойыздарды, вагондарды арнайы өңдетіп жүк, жолаушы және тағы басқа станцияларына беру үшін;
— вагондарды қосылған үш және оданда көп бағыттарға арнап тарату (сұрыптау) үшін;
— жолаушыларды бір бағыттан екінші не үшінші бағыттың жолаушы пойыздарына отырғызу (ауыстыру) үшін;
— тағы да басқа жұмыстар. Бұл жұмыстарды атқару үшін теміржол торабы келесі құрылғылармен жабдықталуы тиіс:
— арнайы жүк станциялары, жолаушы станциялары, телімдік станциялары, сұрыптау станциялары, өндіріс станциялары және т.б. станциялармен;
— керекті жағдайларда өндіріске қажетті жөндеу заводтарымен, жүк қоймаларымен, электрлік тартым подстанцияларымен және т.б.,
— пойыздарды негізгі жолдар арқылы бір бағыттан екінші бағытқа ауыстыратын қосымша жолдармен;
— әр жазықтықта қиылысқан, не бір жазықтықта қиылысқан екі негізгі теміржол тарамдарымен жолайырықтарымен;
— кірме жолдармен және т.б.
1.3.2. Теміржол тораптарының негізгі схемалары
Бір станциядан тұратын тораптар – бірнеше теміржол желілері қосылған телімдік станциялар мен кішігірім қалалар ауданындағы бір теміржол магистралдарына басқа магистраль жолдары қосылған жерлерде орналасады. Бұндай тораптардағы теміржол бағыттар бір станцияға келіп тоғысады.
1.3.1-сурет. Бір станциялы теміржол торабының схемасы: а – қозғалыс бағытына қарай;б – желілерге қарай
Тр1, Тр2 — тақ және жұп транзиттік пойыздарға арналған парктер,
ЖП – сәйкес бағыттардың қабылдап-жөнелту парктері
Теміржол торабының схемалары қабылдау – жөнелту және т.б. парктерінің әр бір негізгі жолдарға және жөнелту бағыттарына сәйкес мамандандырылған бір станциядан, парктері жөнелту бағыттарына сәйкес мамандандырылған бір станциядан тұрады. Мұндай тораптар бір бағыттың 1, 2 магистралдық жолы, екінші бағыттың 1, 2 магистралдық жолымен түйіскен (қиылысқан) жерінде орналасады. Көбінесе мұндай тораптар «торапты телімдік станция» не болмаса, «телімдік сұрыптау станциясы» болып саналады. Олар негізінде жергілікті телімдік, құрама пойыздарды бір бағыттан екінші бағытқа ауыстыратын транзит пойыздарды өңдейді. Бұндай тораптарда бір станцияда телімдік, құрама пойыздарды тарататын сұрыптау құрылғысы, жолаушы ғимараты, жүк алаңы, транзит пойыздарды бір басты жолдан екіншіге ауыстыратын, оларды өңдейтін парктері және т.б. құрылғылары болуы керек.
Бұндай станциялардың жолаушы және жүк парктері параллельді схема бойынша орналасады. Әр бағыттан бір мезетте келетін жүк және жолаушы пойыздары жол айырықтары, қосымша негізгі жолдар, жалғастырушы және тұзақ тәрізді жолдар, параллельді съездер және бағыттама көшелерін салу (1.3.2-сурет а,б) арқылы орындалады.
1.3.2-сурет. Жөнелту бағытына қарай жіктейтін біріктіргіш жолдары бар бір станциялы теміржол торабының схемасы:
а – айналмалы біріктіргіш жолдарсыз
б — айналмалы біріктіргіш жолдары бар
Жолаушы мен жүк пойыздары және өңделетін вагон ағындарының шамасы көп болған жағдайда, бір станциялы тораптарда жолаушы және жүк парктерін тізбектеп орналастырған ыңғайлы (1.3.3 сурет).
Бір станциядан тұратын тораптың артықшылықтары: барлық жұмыстардың бір жерден шоғырландырылуы; олардың ықшамдылығы; торапта жұмыстарды басқарудың ыңғайлылығы және т.б.
1.3.3-сурет. Жүк және жолаушы қозғалыстарына арналған құрылғылары тізбектеп орналасқан бір станциялы теміржол торабының схемасы
Тұйықталған тораптар – темір желілері аяқталатын пункттерде орналастырылады. Бұндай тораптар көбіне жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастыруды қажет ететін кейбір топографиялық жағдайларда (өзен, теңіз, көл, тау бар жерде, мемлекеттік шекара, су бөгеттерінде) салынады. Көбіне бұл тораптарда теміржол көлігінің жұмыстары басталады және аяқталады.
1.3.4–сурет. Станциялары және басқа негізгі құрылыстары тұйықталған теміржол торабы
Үшбұрыш тәрізді тораптар — үлкен қалаларда үш магистралдық негізгі жолдар түйіскен жерлерде салынады. Әр бағыттың бір негізгі жолдан келесі негізгі жолдарға ауысатын вагон ағындары көлемі қомақты болуы тиіс.
Үшбұрыш тәрізді тораптарда бірнеше арнайы станциялар болуы мүмкін. Онда әр теміржол бағытында пойыздарды өңдеу үшін станциялар болуы тиіс. Әр станцияның ролі мен қызметі олардың қала мен өндірістік кәсіпорындарға қатысты орналасуына қарай тағайындалады. Егер қала 1Ст-ның. ауданында орналасса, онда оны жолаушы станциясы деп атаймыз. Ондай жағдайда 2Ст. сұрыптау станциясының қызметін атқарады, ал 3Ст. — өндірістік кәсіпорындар мен жүк ауласына қызмет көрсететін жолаушы және жүк станциялары бола алады.
Жолаушы станциялары қаланың ішінде орналасады (ЖолС1), ал жүк станциясы қаланың сыртында орналасқаны жөн. Жүк алаңы, өндірістің кірме жолдары қаланың ішінде орналасуы мүмкін. Сұрыптау станциялары бөлек орналасады немесе жүк станциясымен бірге орналасады.
Сонымен қатар өндірістік кәсіпорындардың қоршаған ортаға зиян келтіретін болғандықтан, олар қала сыртына орналастырылуы мүмкін. Онда оларға 2Ст. сұрыптау станциясы қызмет көрсетеді.
Бір теміржол бағытының пойыздарын келесі теміржол бағытына кедергісіз өткізу үшін және негізгі станциялардан басқа жүк станцияларына кедергісіз жөнелту үшін жол айырықтары мен байланыстырғыш жолдар (1.3.5 суретте үзік сызықпен көрсетілген) салынады.
1.3.5-сурет. Үшбұрышты тәрізді тораптың схемасы
Үшбұрыш тәрізді тораптардың басты ерекшеліктері транзиттік пойыздарды ең қысқа жолдармен тоқтаусыз өткізуге болады, ал өңделетін вагонағындары сұрыптау станциясына жеткенше артық жол жүреді.
Үшбұрыш тәрізді тораптардың схемаларының ерекшеліктері келесі факторларға байланысты:
— қаланың географиялық орналасуына;
— өндірістің және кәсіпорындарының орналасуына;
— негізгі магистралдық жолдардың қосылауына және т.б.
Крест тәрізді тораптары – магистралды теміржол желілері қиылысқан жерлерде салынады. Егер өңделетін вагонағындары көлемі аз болған жағдайда бұндай тораптарда әр теміржол бағыттарында өзінің жеке-жеке телімдік станциялары (1.3.6-сурет) орналасуы тиіс.
1.3.6-сурет. Крест тәрізді тораптың схемасы
Бұрыштық вагонағындарды өңдеп жөнелту үшін барлық сұрыптау жұмыстарын вагонағындар шамасы басым бағыттағы бір станцияда шоғырландырылғаны (мысалы 1Ст.) тиімді. Бұл негізгі станцияда жолаушы және жүк шаруашылықтары, локомотив шаруашылықтары орналасады. Ал басқа 2Ст-да транзиттік пойыздарды өңдеу және тоқтаусыз өткізу операциялары орындалады және жолаушы тасымалдары орындалады.
Радиалды тораптар – бір станциялы тораптарға жаңа теміржол желілері келіп қосылған жағдайларда туындайды. Бұндай тораптарда барлық теміржол желілері бір негізгі станцияға келіп тоғысады. Негізгі станциядан басқа әр теміржол бағыттарында вагон ағындарының сипаттамасына қарай басқа да станциялар орналастырылады.
Сұрыптау станциялары өңделетін вагон ағындарының көлемі көп темір жол бағытанда орналастырылады. Ал негізгі станция көбіне қала маңына салынады, ол негізгі жолаушы станциясы болып саналады.
Жергілікті жүк жұмыстары көбіне радиалды желілерде орналасқан станцияларда шоғырландырылады. Бұл станцияларға жүк ауласы, кірме жолдар жалғастырылады.
1.3.7-сурет. Радиалды тораптың схемасы
Сақиналы тораптар – тоғысатын желілері мен оларда өзара жөнелтілетін вагонағындары көп, бір-бірімен сақиналы теміржолдар арқылы бір торапқа біріктірілген торапты айтамыз. Сақиналы тораптарда бірнеше жолаушы, сұрыптау және жүк станциялары болады (1.3.8 сурет).