Көлікпен қамтамасыз ету және көлікті басқару жүйесі

 

 

Көлік деп жүктер мен жолаушыларды тасу үшін қолданылатын кәсіпорындар жиынтығын атаймыз.

Көлік тауарлар немесе адамдардың географиялық жағдайларын өзгерту арқылы адамдардың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейімен байланысты экономикалық әрекеттің бір бөлігі болып саналады.

Ол шикізатты жеңіл өңдейтін жерге немесе дайын өнімдерді тұтынушылар дұрыс қолдана алатын пункттерге апара алады.

Яғни көлік табиғи, жасанды және еңбек қорларын аз пайда түсіретін жерден пайдасы толық тиетін жерге тасыған пайдалы кеңістік құрайды.

Сондықтан да көлікті тауарлар мен адамдарды тасу арқылы адамзат қажеттілігінің қанағаттандыру деңгейін өсіретін құрал ретінде анықтауға болады.

Әр көліктің түрлері үш негізгі компонент немесе құрама бөліктерді пайдаланады.

Бұл – жолдар, терминалдар – көлік тораптары, жылжымалы құрам – көлік құралдары.

Көлік құралдары өз кезегінде өзі жүретін және ауырлық құралдары көмегі арқылы қозғалатын түрлерге бөлінеді.

Жол өз қызметін орындай отырып, сонда немесе сол бойынша қозғалатын көліктің ортасын білдіреді. Жолдар табиғи, жақсартылған табиғи, жасанды түрлерге бөлінеді.

Табиғи жолдар ерте кезден бастап қолданылады. Бұл кеме жүретін өзендер, теңіздер кейіннен оларға әуе орталары қосылды.Табиғи жолдар ретінде шөлдер, дала, батпақ, тиісті көлік болса қар кеңістіктері қолданылады.

Егер қандай да болмасын өзен учаскесінде жағалаулар бекітілсе, кеме жүрісінің фарватері тереңдетілсе, қалалық емес жолдарда қиыршық тастар салынса, онда табиғи қатынас жолдары жақсартылған табиғи түрге көшеді.

Қазіргі автомобиль жолдары, темір жол жолдары, қазылған кеме жүру каналы жасанды жол қатынастарына жатады.

Терминал бір көлік торабының бітіп, екіншісі басталған пунктін білдіреді.

Барлық кез-келген маршруттың көлік түрлерін ауыстыратын желілік пункттері болады. Теңіз немесе өзен порттары кеме терминалдары ретінде қарастырылады, бірақ негізінен олар поездар, автомобильдер, құбыр өткізгіш көліктері терминалдары болып есептеледі. Жүктерді темір жол көлігінен автомобильге немесе, керісінше ауыстыратын жүк алаңы (бұрында механизацияланған дистанциялар ПРР) терминалға қатысты бола алады.

Көлік құралдары. Көліктің әрбір түрінде жүктер мен жолаушылар тасымалданатын көлік құралдары болу керек. Көлік құралдарының конструкциясы нақты көлік түрін қанағаттандыру қажет.

Көлік құралдарына немесе жылжымалы құрамға: локомотивтер, вагондар, тікұшақтар, теңіз және өзен кемелері, автомобильдер, автомобиль тіркестері, трейлер және т.б. жатады.

Көлік құралдары күш қондырғыларымен біріктірілу керек, кейбір жағдайларда олар ажыратылады. Біріншіге тікұшақтар, теңіз және өзен кемелері қарайды,екіншіге – буксир-итергіштермен және автомобиль тіркестерімен, вагондармен орналастырылатын баржалар қарайды.

1.2 Өндіріс үрдісі, көлік өнімі және оның маңызы

 Көлік тораптарында әр түрлі көлік түрлерінің технологиялық өзара әрекеттерін қамтамасыз ету қажет, жекелеген көлік түрлерін бір тұтастыққа байлап, келістіретін жетілген технологияны құру қажет. Мұндай технология өзара әсер ететін көлік түрлерінің ырғақты жұмыстарын, тікелей нұсқа бойынша жүктерді өңдеудің ең жоғары деңгейін, өңдеу мерзімі мен вагондардың, автомобильдердің, кемелердің тұрып қалуы уақыттарын қысқартуды, өзара әрекет етуші пункттерінің өткізу және өңдеу қабілеттерін ұтымды пайдалануды (тиеу механизмдері, қоймалар және басқа техникалық қондырғылар) көлік шығындарын азайтуды қамтамасыз етеді.

Технологиялық өзара әсерлерді жасаудағы ең негізігі мәселе, жекелеген көлік түрлерінің жұмыс жоспарларының сәйкестігін қарастыратын өзара әсер пунктіне берілетін тоннаж бойынша араласқан тасымалдауларды жоспарлау (мысалы, пароход және темір жол); өзара әсер етуші көліктерге бірдей уақыт және кеңістіктегі жүктерді тиеу үйлесімділігін қамтамасыз ету; өзара әсер етуші көлік түрлерінің жылжымалы құрам операцияларын орындаудағы біртұтас жоспар-кестелерін жасау қажет.

Станциялар мен портардағы, станциялар мен кірме жолдардағы вагон топтары мен составтардың операцияларды орындау кестелері; тасымалдауды маршруттандырудың, көлік тораптарындағы өзара әсер пункттеріндегі өткізу қабілеттерін ескерген поездар мен кемелердің қалыптастыру жоспарларын, біртұтас технологиясын біріктіру; жөнелту пунктінен қабылдау пунктіне дейінгі жүктерді тасымалдаудың біріккен кестесін жасау мысал бола алады.

Бұл мәселерді қарастыру біртұтас технологиялық үрдістің (БТҮ) негізін, көлік тораптарындағы өзара әсер ету пункттерінің жұмыстарын, оған керекті өзара әсер етуші көлік түрлерінің календарлық жоспарын, көлік құралдарының қозғалыс кестесі мен кемелерді, поездарды қалыптастыру жоспарын; көлік тораптарының техникалық құрылғылары туралы мәліметтер және техникалық бөлу актісінде қарастырылған оларды пайдалану тәртібін; көлік құралдарын өңдеу бойынша жекелеген операцияларды орындаудың әрекет етуші және нақты жеткен нормаларын; көлік ағымдары туралы мәліметтер; соңғы жетістіктер мен алдыңғы қатардағы әдістемелік жұмыстар туралы мәліметерді; сол сияқты көлік тораптарының ерекшеліктеріне байланысты қойылған алғашқы мәліметтерді қарастырады.

БТҮ төмендегідей кезекпен жасалады:

1) Көлік тораптарындағы өз ара әсер ету пункттерінің кемшіліктерін көрсететін қазіргі жағдайын тереңірек оқу және егжей-тегжейлі зерттеуді жүзеге асыру, оларды жою кейде өзара әсер ету шарттарын материалдық шығынсыз жақсартады.

2) Өзара әсер ету пункттері арасында ерекшеліктеріне қарай әр пункттің жекелеген каналдары арқылы жүктерді қою көлемін ұтымды бөлу (экономикалық-математикалық әдісті пайдалану арқылы). Көлік құралдарымен өндірістік операция тәртібін салмақтық нормалар, алмасу тәртібі анықтайды.

3) Өзара әсер етуші көлік түрлерінің жылжымалы құрамымен техникалық және коммерциялық операцияларды жасау және түсу кестесі кіретін БТҮ-нің кестесін жасайды. Мысалы, маршрутты түсіруге арналған жылжымалы құрамның қабылдануы; түсіру үшін өзара әсер ету пункттеріне келген кеменің келу кестесі; өз ара әсер ету пункттеріндегі ПРМ жұмыстарының кестесі, құжаттарды толтыру кестелері және т.б.

БТҮ-ні жасағанда келесі шарттарды ескеру қажет:

1) Технологиялық үрдіс көлік құралдарын жөнелту және қабылдау және олардың қозғалыс интервалын сақтай отырып тасымалдау үрдісінің ұзақтығын сәйкестікте қамтамасыз ету керек. Бұл шарттың түрі мынандай:

мұндағы tj, tj+1 – түсіру бойынша технологиялық операциялар ұзақтығы тиеу (j)- көлік бірлігі және түсіру (j+1)- өз ара әсер ету пунктінде; Ijпр – көлік құралдарының қабылдау интервалы j-ң түрі; Ij+1от – көлік құралдарын жөнелту интервалы j+1-ң түрі j-түрімен өзара әсер етеді.

2) Қабылдаудың календарлық мерзімі i –нші пунктке осы жүк түрінің бос тоннажесімен өзара әсері j- көлік түрі арқылы берілген, j+1 – көлік түрімен келетін жүк сандарының жиналу уақытынан аз немесе тең болу керек, мұндағы qj+1 – жүктердің жиналу қарқындылығы.

Көлік құралдарын өңдеу бойынша жекелеген кесте негізінде i – өзара әсер ету пунктінде өтетін, негізгі үрдістердің өзара байланысы көрінетін және тасымалдау бойынша барлық операциялар өнімінің ұзақтығы көрінетін үздіксіз біріктірлген біртұтас жоспар-кесте жасалуда.

Темір жол және су көлігі түрлерінің өзара байланыс кестесі мысал бола алады.

Темір жол және автомобиль көлік түрлерінің өзара әсер ету байланыстарын жетілдіру үшін:

1) Автомобильді көлікпен шығару мен кіргізуді орталықтандыру;

2) ТТЖ-ді механизациялау мен автоматтандыруды жетілдіру;

3) Автомобильді көлікті басқаруды ары қарай орталықтандыру және АСБ-ны енгізу;

4) тасымалдауды контейнерлендіру мен пакеттеуді жетілдіру, үлкен жүкті контейнерлерді өңдеу бойынша арнайы станцияларды, сол сияқты өзара біріктірлген өлшемдер бойынша арнайы жылжымалы құрамды салу;

5) тәуліктік және кезеңдік біркелкі болмауын ескере отырып, өзара әсер ету технологиясының нұсқаулық кестесін жасау;

6) экономикалық-математикалық әдістердің көмегімен өз ара әсер ету үрдістерін оңтайландыру қажет.

1.3 Тасымалдау үрдісі және оның ерекшелігі

Бүгінгі таңда мемлекеттердің экономикалық дамуының әлемдік беталысы қазіргі заманғы көлік инфрақұрылымын кұру мәселелерінің ұлттық экономика және көлік саясатының шеңберінен асып кеткендігін көрсетіп отыр. Кең ауқымды сыртқы экономикалық байланыстар ішкі көлік жүйелері арқылы тасылатын ірі жүк ағындарын тудырады. Өздерінің негізінде логистикалық операциялар жүзеге асырылатын көліктік жүйелерге өндірісті, соның ішінде халықаралық өндірісті мамандандыруды және кооперациялауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер кен ауқымда жүктеліп отыр.

Көліктік байланыстардың біріктірілген сипаты олардың әрқайсысын аймақ көлемінде халықаралық тасымалға қызмет көрсету үшін жеткілікті өткізу қабілеттілігі бар тиімді және біркелкілендірілген инфрақұрылымын жасауға деген өзара қызығушылығын тудырып отыр. Халықаралық логистикалык жүйелерді құру кезінде келесі мәселелер шешіледі:

– тасымал сыйымдылығы мен жүктемесі бойынша шектелмеген еркін нарық кұру;

– ортақ реттеуші органдардың тарапынан ұсынылған бәріне ортақ тарифтерді қолдану;

– жүкті шекара аркылы өткізу кезінде көлік және кеден рәсімдерін ырықтандыру;

– көліктің тасымалдау қабілеттілігін, темір жол және қойма құрылғыларының өнімділігін өзара келісу;

– халықаралық ауқымда қоғамдастықтың барлық мүшелері үшін міндетті болып табылатын ережелерді, үлгілерді және стандарттарды жүзеге асыру.

– шаруашылық үдерісі және басқару жүйесі ретінде тауар қозғалысының логистикасына үш өзіндік белгі тән:

– тауар айналымы саласында логистиканың кұрамына тауар қозғалысының әр түрлі сатысы және операциялары кіреді және оларды біртұтас тұрғыдан қарастырады;

– осы сатылар мен операцияларға жұмсалатын шығындар бір-бірімен байланысты, бір-біріне тәуелді атқарылады және ескеріледі, сондықтан олар жиынтық түрде есептеледі, кешенді түрде талданады және басқару жүйесіне үйлестірілген тұрғыдан қарауды кажет етеді;

– тауар қозғалысының логистикасына кешенді көзқараспен қарау тұтынушыларды тауарлармен, ал тапсырыс берушілерді қызметтермен ырғақты, өз уақытында және сапалы түрде, тұтынушыларды да, тапсырыс берушілерді де, сондай-ақ олармен қарым-қатынас жасайтын тауар мен қызметтер нарығының басқа да субъектілерін де аз шығын жұмсау арқылы қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *