Бұйымның қызметiне қарай дәлдiк нормалары мен техникалық талаптарының сәйкестiгiн талдау. Технологиялылықтың абсолюттi және салыстырмалы деңгейлерiнiң көрсеткiштерi.

Қазiргi өндiрiс бұйымдардың тиiмдiлiгiн арттыру көкейтестi технологиялық проблема болып тұрғанда, олардың өмiрлiк цикл сатыларында қолданылатын машина конструкциялары мен тетiктерiнiң технологиялылығы деген ұғымның мәнiне өте үлкен назар аударылуы тиiс. Техникалық әдебиеттерде кездесетiн көптеген анықтамалар осы ұғымның мән-маңызын ашуға арналған.

Конструкциялардың технологиялылығын қамтамасыз ететiн проблемаларды бiртектi шешу үшiн, ең алдымен осы салада қолданылатын ұғымдарды, терминдердi, анықтамаларды, жiктеудi және бағалау тәсiлдерiн бiр жақты етiп, жүйеге түсiрiп алған жөн.

Өндiрiстi техникалық даярлаудың бiртектi жүйесiнде (ӨТДБЖ МЕСТ 18831-83) бұйымның конструкциясының технологиялылығы деп, олар үшiн өндiрiстi техникалық даярлауға, жасауға, пайдалануға және жөндеуге жұмсалатын еңбек, құрал, материал және уақыт шығын-дарының, басқа сол типтес бұйымдардың конструкцияларының (қызмет iстеуi бiрдей, қойылған сапалық көрсеткiштерi де бiрдей, жасау, пайдалану және жөндеу жағдайлары да бiрдей) шығындарынан гөрi үйлесiмдi етуге мүмкiндiк жасайтын бұйымдар конструкциялары-ның жиынтық қасиетiн айтады.

Конструкциялардың технологиялылығы деген ұғым ХХ ғасырдың 30-жылдарының басында пайда бола бастады. Алғаш бұл ұғым тетiктер конструкцияларының жасау тәсiлдерiмен сәйкестiлiгiне ғана қатысты болды. Одан кейiнiрек бұйым конструкцияларын бағалауда, олардың жиналу қабiлетi мен тексеру шарттарына ауыстырылды.

Конструкцияның технологиялылығын бағалау тек сапа тұрғысынан: ыңғайлы, ыңғайсыз, ұтымды, ұтымсыз, жақсы, жаман, технологиялылы, технологиялылысыз, т.б. есептелiп келдi.

40-жылдары совет ғалымы Бородачев Н.А. бұйым конструкциясының технологиялылығы ретiнде оны шығаруға кететiн шығындарды көрсеттi. Осы сәттен бастап технологиялылықтың техникалық мәнiне жаңа экономикалық аспект қосылды.

Буловский В.И. технологиялылық деп, конструкциялардың ең аз мерзiмде игерiлiп, аз шығындармен шығарылуын атады; бiрақта еңбек шығынына бұрынғы өткен еңбек шығындарын қосу керек екенiн көрсеттi.

Сатель Э.А. (1966 ж.) конструкциялар технологиялылығын кешендi ұғым деп бiлудi ұсынды. Ол өндiрiстiк және пайдалану тұрғысында айтылады.

Өндiрiстiк технологиялылық деп, бұйымның конструкциясын жобалауда керектi машинаның өндiрiстiк, экономикалық көрсеткiштерiн жақсартатын технологиялық шарттарды айтады. Ол техникалық және экономикалық көрсеткiштерге еңбексыйымдылық, материалсыйымдылығы, шығару мерзiмiн қысқарту, өзiндiк құн және т.б. жатады.

Пайдалану технологиялылығы деп, бұйымды пайдаланудағы сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсететiн шарттарды айтады. Ол сипаттамаларға сенiмдiлiк, төзiмдiлiк, ресурс және т.б. жатады.

Ананьев С.Л. және Купрович В.П. конструкция технологиялылығының деңгейiн бағалау тәсiлiн ашты.

Өндiрiстiң сапасына, бұйымның түрiне, оны шығару көлемiне байланысты конструкциялардың технологиялылығын бағалау белгiлерi де неше түрлi болады.

В.В. Данилевскийдiң ұсынысы бойынша, машинаның конструкциясы ең аз еңбек пен материалды барынша аз қажетсiну шарттарына сай болу керек.

Егоров М.Е. конструкциялардың технологиялылығын бағалаудың күрделi белгiсi ретiнде еңбексыйымдылық пен өзiндiк құнды алу керек дейдi.

Машинаның конструкциясы неғұрлым өндiрiс шарттарына сәйкес болса, соғұрлым машинаның технологиялылы екенiн көрсетедi.

Жоғарыда келтiрiлген барлық анықтамаларға қарасақ, конструкцияның технологиялылығы өте күрделi, кешендi ұғым екенiн және ол бұйымның күллi өмiрлiк цикл

сатыларын қамтитынын көремiз.

Көрсетiлген анықтамалар, технолгиялылық проблемаларын неше түрлi ұғымда түсiндiредi. Техникалық әдебиеттерде, бұл ұғымның жиырмаға жуық анықтамалары кездеседi. Соларды талдай келе, төмендегiдей шарттар шегiне түсетiн конструкцияларды ғана, технологиялылы деп атауға болатынын айтамыз:

1. Өндiрiстi техникалық даярлау сатысындағы еңбек, құрал, уақыт және материал шығындарының үйлесiмдi шарттары;

2. Өнiмдi шығарудағы еңбек, құрал, уақыт және материал шығындарының үйлесiмдi болу шарттары;

3. Пайдалану кезiндегi еңбек, құрал, уақыт және материал шығындарының үйлесiмдi болу шарттары;

4. Жөндеудегi еңбек, құрал, уақыт және материал шығындарының үйлесiмдi болу шарттары;

5. Сапа көрсеткiштерiн қамтамасыз ету шарттары;

6. Жобалауда, бұйымды өндiру жағдайларын еске алу шарттары;

7. Жобалауда, бұйымның пайдалану жағдайларын еске алу шарттары;

8. Жобалауда, бұйымды жөндеу жағдайларын еске алу шарттары;

9. Өндiрiсте тиiмдi өңдеу тәсiлдерiн қолдану шарттары;

10. Ең жоғары пайдалану сипаттамаларымен қамтамасыз ету шарттары;

11. Неғұрлым үнемдi шығару тәсiлдерiмен қамтамасыз ету шарттары;

12. Конструктивтi шарттар;

13. Үнемдiк, пайдалылық шарттары;

14. Жоғары өнiмдiлiктi қамтамасыз ету шарттары;

15. Өзара ауыстырымдылықты қамтамасыз ету шарттары;

16. Өндiрiсте прогресшiл өңдеу тәсiлдерiн қолдану шарттары;

17. Өндiрiстiң типiне қарай, үнемдi технологиялық процестердi қолдану шарттары;

18. Бұйымды өндiрiске тез енгiзу шарттары.

Жоғарыда берiлген технологиялылықтың анықтамасы осы келтiрiлген шарттарды ескередi.

Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау

Бұйымның конструкциясының технолгиялылығын сандық бағалаулар арқылы тұжырымдайтын дәлелдi тәсiлдердiң жоқтығынан, машина жасаушылар қауымы тек сапалық сипаттамалармен шектелiп келдi. Бұйымды жобалайтын конструкторларға, көбiне өңдеу және бұйымды құрастыру кезiндегi керектi жалпы кепiлдемелердiң шарттары ұсынылатын.

Бұйымдардың өңдеу тәсiлiне, құрастыру жолына, жөндеуге сәйкес конструкцияларға қойылатын бiрыңғайландырылған, белгiлi бiр жүйеге түсiрiлген шарттардың керектiгi күмәнсiз.

Сөйтiп, бүгiнгi қолымызда бар жалпы кепiлдемелер алуан түрлi конструкциялардың бiрiмен-бiрiн санды бағалаулармен дәл және объективтi түрде салыстыруға мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан оқулықтың осы бөлiмiнде технологиялылықтың сандық бағалау тәсiлдерi ұсынылып отыр. Тәсiлдiң негiзiнде мемлекеттiк стандарттағы (МЕСТ 14.201-83, МЕСТ 18831-83) баяндалған принциптер мен шарттар жатыр.

Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi

Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерiн талғап алуға әсер ететiн факторлар ретiнде бұйымның қызметiн, шығару көлемiн, өндiрiсiнiң типiн және өндiрiстiк, пайдалану, жөндеу жағдайларын бiледi. Сондықтан абсолюттi көрсеткiштер құрамы әр бұйымға әр түрлi болады. Конструкциялардың технологиялылығын жасауда, оның абсолюттi көрсеткiштерi ретiнде еңбексыйымдылығы және технологиялық өзiндiк құнды алады (МЕСТ 14.202-83).

Бұйымды жасауға кеткен қосынды шығындардың норма-сағатпен көрсетiлуiн, сол бұйымның еңбексыйымдылығы деп атайды.

      (1)

Мұндағы – бұйымның iс-құрама бөлiмiнiң, сынау және жасау еңбексыйымдылығы, норма-сағат.

 , (2)

Мұндағы – i-құрастыру бiрлiгiнiң еңбексыйымдылығы;

  – i-тетiк жасау еңбексыйымдылығы;

 – i-құрама бiрлiгiнiң саны;

 – i-тетiктерiнiң саны;

  – бұйымның жалпы құрастырылуының еңбексыйымдылығы;

  – сынаудың еңбексыйымдылығы.

Бұйымның өзiндiк құнын есептеудiң екi жолы болады.

Құрастырудың еңбексыйымдылығы

Жобалау тәсiлiне және бастапқы мағлұматтардың толықтығына қарай, құрастыру еңбексыйымдылығы неше түрлi әдiстермен есептеледi.

1. Құрастыру технологиялық процестерiн, белгiлi шығару бағдарламасына арнап жобалауда, оны құрастыруға жұмсалатын еңбектi сол процестiң өзiне нақты нормалау арқылы табады.

Жаппай-мол өндiрiс үшiн:

 , (3)

Сериялы өндiрiс үшiн:

 , (4)

Мұндағы және — i-торабындағы j-құрастыру операциясына кететiн даналық және даналық-калькуляциялық уақыт;

n – тораптар саны:

m – құрастыру операцияларының саны.

Машина жасау практикасында, бұл уақытты слесарьлық және құрастыру iстерiне жұмсайды. Олардың мәндерiн өндiрiстiң типiне қарай жалпы машина жасау нормативтерiнен алады.

2. Келтiрiлген бағдарламамен жобалауда, тұрақты бiр бұйымның еңбексыйымдылығын (ТТ) құрастыру операцияларын нормалау арқылы есептейдi. Содан кейiн керектi Х бұйымының еңбексыйымдылығын (ТХ) келтiру коэффициентiне көбейтедi:

 , (5)

Мұндағы ТХ және ТТ – тұрақты және Х бұйымдарының еңбексыйымдылығы, ККХ — жалпы келтiру коэффициентi.

3. Реконструкцияға жататын цехтарды жобалауда және жобалау объектiсi игерiлген бұйым болғанда, құрастырудағы еңбексыйымдылықты зауыт мағлұматтарын пайдалана отырып есептеуге болады. Бiрақ жобаланатын өндiрiстегi норманы артық орындау технологиясына жаңа техникалар, механикаландыру, автоматтандыру құралдарын өндiру шарттарын ескеру керек. Сөйтiп, жобадағы құрастырудағы еңбексыйымдылығы төмендегi формуламен есептеледi:

 , (6)

Мұндағы ТЗ – зауыттағы құрастыру еңбексыйымдылығы; КП – орташа норманы артық орындау коэффициентi; КУ – жобаланатын процестегi жаңа техника, технология, құралдар өндiру арқылы норманы қысқартуға болатынын ескеретiн коэффициент.

4. Жалпылама болжау жобаларында, бұйымды құрастырудың еңбексыйымдылығын төмендегi екi әдiспен табады:

1) Бiр тектi бұйымды құрастырудың еңбексыйымдылық көрсеткiштерi арқылы;

2) Зауыттарда немесе жобалау ұйымдарында, белгiлi күрделi машина тетiктерiн механикалық өңдеудiң еңбексыйымдылық мәндерiн пайдалану арқылы.

Негiзгi әдебиет: 1 [55-69]; 2 [62-79].

Бақылау сұрақтары:

1. Конструкциялардың технологиялылығы туралы ұғым.

2. Бұйым конструкциясының технологиялылығын сандық бағалау.

3. Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi.

4. Құрастырудың еңбексыйымдылығы.

5. Техникалық тұрғыдан негiзделген нормалау уақыттары.

Техникалық прогресті дамытудағы машина жасаудың орны. Өндіріс технологиясының теориялық негіздері. Бұйым және оның элементтері

Қазiргi өндiрiс бұйымдардың тиiмдiлiгiн арттыру көкейтестi технологиялық проблема болып тұрғанда, олардың өмiрлiк цикл сатыларында қолданылатын машина конструкциялары мен тетiктерiнiң технологиялылығы деген ұғымның мәнiне өте үлкен назар аударылуы тиiс. Техникалық әдебиеттерде кездесетiн көптеген анықтамалар осы ұғымның мән-маңызын ашуға арналған.

Конструкциялардың технологиялылығын қамтамасыз ететiн проблемаларды бiртектi шешу үшiн, ең алдымен осы салада қолданылатын ұғымдарды, терминдердi, анықтамаларды, жiктеудi және бағалау тәсiлдерiн бiр жақты етiп, жүйеге түсiрiп алған жөн.

Өндiрiстi техникалық даярлаудың бiртектi жүйесiнде (ӨТДБЖ МЕСТ 18831-83) бұйымның конструкциясының технологиялылығы деп, олар үшiн өндiрiстi техникалық даярлауға, жасауға, пайдалануға және жөндеуге жұмсалатын еңбек, құрал, материал және уақыт шығын-дарының, басқа сол типтес бұйымдардың конструкцияларының (қызмет iстеуi бiрдей, қойылған сапалық көрсеткiштерi де бiрдей, жасау, пайдалану және жөндеу жағдайлары да бiрдей) шығындарынан гөрi үйлесiмдi етуге мүмкiндiк жасайтын бұйымдар конструкциялары-ның жиынтық қасиетiн айтады.

Конструкциялардың технологиялылығы деген ұғым ХХ ғасырдың 30-жылдарының басында пайда бола бастады. Алғаш бұл ұғым тетiктер конструкцияларының жасау тәсiлдерiмен сәйкестiлiгiне ғана қатысты болды. Одан кейiнiрек бұйым конструкцияларын бағалауда, олардың жиналу қабiлетi мен тексеру шарттарына ауыстырылды.

Конструкцияның технологиялылығын бағалау тек сапа тұрғысынан: ыңғайлы, ыңғайсыз, ұтымды, ұтымсыз, жақсы, жаман, технологиялылы, технологиялылысыз, т.б. есептелiп келдi.

40-жылдары совет ғалымы Бородачев Н.А. бұйым конструкциясының технологиялылығы ретiнде оны шығаруға кететiн шығындарды көрсеттi. Осы сәттен бастап технологиялылықтың техникалық мәнiне жаңа экономикалық аспект қосылды.

Буловский В.И. технологиялылық деп, конструкциялардың ең аз мерзiмде игерiлiп, аз шығындармен шығарылуын атады; бiрақта еңбек шығынына бұрынғы өткен еңбек шығындарын қосу керек екенiн көрсеттi.

Сатель Э.А. (1966 ж.) конструкциялар технологиялылығын кешендi ұғым деп бiлудi ұсынды. Ол өндiрiстiк және пайдалану тұрғысында айтылады.

Өндiрiстiк технологиялылық деп, бұйымның конструкциясын жобалауда керектi машинаның өндiрiстiк, экономикалық көрсеткiштерiн жақсартатын технологиялық шарттарды айтады. Ол техникалық және экономикалық көрсеткiштерге еңбексыйымдылық, материалсыйымдылығы, шығару мерзiмiн қысқарту, өзiндiк құн және т.б. жатады.

Пайдалану технологиялылығы деп, бұйымды пайдаланудағы сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсететiн шарттарды айтады. Ол сипаттамаларға сенiмдiлiк, төзiмдiлiк, ресурс және т.б. жатады.

Ананьев С.Л. және Купрович В.П. конструкция технологиялылығының деңгейiн бағалау тәсiлiн ашты.

Өндiрiстiң сапасына, бұйымның түрiне, оны шығару көлемiне байланысты конструкциялардың технологиялылығын бағалау белгiлерi де неше түрлi болады.

В.В. Данилевскийдiң ұсынысы бойынша, машинаның конструкциясы ең аз еңбек пен материалды барынша аз қажетсiну шарттарына сай болу керек.

Егоров М.Е. конструкциялардың технологиялылығын бағалаудың күрделi белгiсi ретiнде еңбексыйымдылық пен өзiндiк құнды алу керек дейдi.

Машинаның конструкциясы неғұрлым өндiрiс шарттарына сәйкес болса, соғұрлым машинаның технологиялылы екенiн көрсетедi.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *