Беті пластикалық деформацияланумен өңделген машина бөлшектерін енгізу(БПД).
Машина жасау технологиясында беті пластикалық деформацияланумен өңделген анықталған үрдіс байқалды,машина бөлшектері өндірісінде кеңінен енгізілді.Беті пластикалық деформацияланумен өңдеуді, металдарды кесумен салыстырғанда мынадай артықшылықтары бар:
— Үнемді және өнімділігі жоғары
— Беттің кедір – бұдырлық биіктігінің кіші болу мүмкіндігі (сталь мен түсті металдар үшін және шойын үшін ).
— Жоғарғы өңдеу дәлдәгән қамтамасыз ету( 5 – 6 квалитет).
— Өңделген бетте метал талшықтары бүтін сақталуы
— Абразивті өңделген бетінің дәл келтірілген бөлшектерінің болмауы
— Бекріктігі жоғары және салыстырмалы қарапайым құрал.
— Өңдеу процесін жүзеге асырудың жеңілдігі және тұрақтылығы.
Беткі өңдеу БПД беткі қабаттың қатаюымен қатар жүреді – қаттылықтың ұлғаюы,қалдық кернеудің сығылуы онда қолайлы жағдай жасайды.Оның қаттылығының жоғарылауымен бірге үлестіре отырып өңделген беттің кедір — бұдырлығының ең кіші мәнін алу және сығушы қалдық кернеудің болуы аққыштық шегін,қаттылықты,аққыштықты және т.б едәуір жоғарылатады.Осының бәрін пайдалану машина бөлшектерінің қасиетін арттыруға ықпал етеді. БПД өңдеудің мәні қысыммен деформацияланған элементтен (ролик,шарик,алпаспен тегістеу және т.б) тұрады,сондай – ақ оның қаттылығы өңделген металдың қаттылығынан едәуір көбірек болады,бастапқы беттік деформациялануда кішкене ирекшелердің болуы – өңделген беттің кедір – бұдырлығын төмендетеді және алынып тасталынады. Осылайша,металдың физико – механикалық қасиетінің өзгеруі салдарынан БПД өңделіп жатқан бөлшектің бетін беріктендіре түседі және беттік қабатта сығушы қалдық кернеу қалыптасады.сонымен қатар,кіші бұдырлықтың биіктігінің кішіреюі есебінен беттің сапасы жақсарады,дөңгелектенген пішінінің болуы,бұл контакттің түйіндесу жұбының ауданын ұлғайтады.