Машина жасаудағы икемді өндірістік жүйелер (ИӨЖ) мен автоматты желілер

Машина жасаудағы икемді өндірістік жүйелер (ИӨЖ) мен автоматты желілер

 Машина жасау өндірісінің тиімділігін арттыру үшін автоматтық желілерді,икемді өндірістік жүйелерді (ИӨЖ) қолдану қажет. Автоматтық желілер агрегаттық станоктардың (білдек) базасында құрастырылады,спутникті немесе қарнақты дайындаманы (штангалы) мәжбүрлі ауыстыру транспорттық жүйемен біріктірілген. Дайындаманы түсіру немесе жүктеу жұмыстары өңдеуден кейін орындалады. Қарапайым автоматты желілерде осы бұйымды өңдеудің барлық операциялары әрдайым орындала бермейді және олардың бір бөлігін желіден тыс бөлек қондырылған жабдықтарда істеп бітіруге тура келеді,бұл қосымша еңбек шығынының пайда болуына әкеп соқтырады. Кешенді автоматты желілердің құрылуы әрқашан оларда әр түрлі операциялардың орындалуына мүмкіндік бере бермейді: бұрғылау мен жазуға ССЖ кысыммен беруді,тиісінше басқа жолмен модернизацияланған жабдыққа төлкені нығыздап кигізуді және т.б.Автоматты желілер үздіксіз жұмыс істеуі үшін олардың құрамына толтырғыштар негізін қосады,қайта өңдеу кезінде немесе жекелеген станоктар істен шыққан кезде желілердің бір бөлігі тиісті дайындамамен нәрленеді.Айналу денелерін өңдеу үшін автоматты желілер,жалпы транспорттық жүйелермен біріккен,көшіргілі жону білдегінен(токарно-копировальный стнок),көпкескішті жону білдегінен (многорезцовый станок) және басқа да білдектерден (станков) құрастырады. Жоғарғы өнімділікке көпшпиндельді және көпжақты өңдеудің арқасында және бір мезгілде бірнеше шараларды орындау арқылы қол жеткізеді, сондай –ақ жүктеуші позициялардың болуы – машина уақытын дайындаманы кесіп алуға және қондыруға кеткен қосымша уақытпен ұштастырады. Дайындаманы ауыстыру мен қондыруда қосымша уақытты қысқарту мақсатында автоматты желілер ұсынылады,қарастырылып отырған дайындама ауыспалы паддонға ( сменный поддон) бекітіледі,ол автоматты түрде жұмысшы үстелге беріледі.Осындай автоматтық желілер қайта өңделген икемди жүйе болып табылады. Кешенді автоматтық желілерде механикалық өңдеуді, ТВЧ шынықтыруды,жууды,бақылауды және құрастыруды іске асырады. Желілер операциялық құралдарды және қайта өңдеудегі автоматты бақылауды,бейімделе басқаруды, микропроцессорларды,маниторлық жүйелерді және кіші компьютерлерді,технологиялық процесті жүргізуді қамтамасыз етеді. Икемді автоматтандырылған өндіріс (ИАӨ) адамсыз технологияны негізінде жұмыс істейді.ЭЕМ жабдықтарды жеке бірлік ретінде және тұтастай жүйе секілді басқарады. ИӨЖ жұмысында ЧПУ білдегін (станок),құралдар магазині бар көпоперациялы білдекті (станок),модульдік типтегі ауыспалы көпшпиндельді бастиекті көпоперациялы білдектң,жүктеу және түсіру құрылғысын, ЭЕМ – мен басқару бөлшектің партиясын қайта өңдеу өндірістің шартында аз шығынмен өңдеуді орындауға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік жұмысты қолдану халық шаруашылығындағы үш маңызды мәселені шешуге мүмкіндік береді:

— жұмысшының еңбек жағдайын жақсарту

— еңбек өнімділігін арттыру

— жұмысшы күшіне деген қажеттілікті қысқарту

— Роботтандыру өндірістік және әлеуметтік талаптармен анықталады. Өндірістік талаптарға мыналар жатады:

— жабдықтың өнімділігін арттыру (өндірісте,цехта,жер тілімінде);

— өңделген бөлшектер мен бұйымдардың сапасын арттыру;

— технологиялық және өндірістік процестерді басқарумен ұйымдық – экономикалық жағдайларды жақсарту;

— бұйым мен әзірленген бөлшектің өзіндік құнын,еңбек сыйымдылығын төмендету.

Әлеуметтік талаптарға мыналар жатады:

— ауыр дене еңбегін бір қалыпты жұмыстан босату;

— өндірістегі зиянды жағдайларды жою;

— өндірістің зиянды учаскесінен жұмыскерді босату;

— жұмыс күшінің тапшылығының азаюы.

ИӨЖ–де негізінен ЧПУ білдегін қолданады.Жүктеу мен түсіруді (разгрузка) өнеркәсіптік жұмыстың көмегімен немесе автоматтандырылған түсіру құралымен жүргізеді. Автоматты инженерлік еңбек үшін ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесі (ҒЗАЖ),автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ),өндіріс даярлауды басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӨДБАЖ) құрылған.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *