Өсімдік шаруашылығындағы электрлендіру жүйелерін жобалау.Өсімдік шаруашылығындағы кәсіпорындарын электрлендіру жүйелерін жобалауға керекті бастапқы мәліметтер жобалау әдістемесі. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайталап өндеу және сақтау кәсіпорындарын электрлендіру жүйелерін жобалау. Кәсіпорындар түрлері. Жобалауға бастапқы мәліметтер. Осы кәсіпорындардың электр техникалық бөлімін жобалаудың нормалары және өзгешеліктері. Шеберханаларды электрлендіру жүйелерін жобалау кәсіпорындар түрлері. Бастапқы мәліметтер және жобалау әдістемесі.

 Дән тазарту- кептіру пункті

Астықты комбайнмен жинаған сон дәннің ластығы 15…18% дейін, ылғалдығы 28…30% дейін болып келеді. Қоймаға сақтауға ылғалдығы 16% аспайтын таза дәндер ғана қосылады. Сондықтан жиналған астық өнімі қосымша түрде тазыртылуға, ал керек жағдайларда кептірілуге тиіс.

Осы мақсатта әрбір астық шаруашылықтарында механикаландырылған дән тазарту немесе дән тазарту-кептіру пунктері (қырмандар) сайланған.

Дән тазарту пунктерінің электендіру жүйелерін жобалағанда екі шартты орындау керек: өндірістік кешен толассыз болуға тиіс және ондағы барлық жұмысшы процесстермен операциялар механикаландырылған және автоматтандырылған болуы керек.

Осындай пунктерді жобалағанда мынандай сұрақтар қарастырылады:

-пунктінің өнімділігін анықтау, өнімділік азық-түліктіқ астықтың жиналған соң өңделіуі екі ауысымдық жұмыс режімімен 15 күн аралығында жүргізіліп анықталуға жеткілікті болуға тиіс;

-технологиялық сұлбаны және тиісті технологиялақ жабдықтарды таңдау;

-автоматтандыру сұлбасын таңдау, электр жабдықтарды есептеу және іріктеу пунктіге өндірістік ғимарат және орын таңдау;

— пунктіні электрмен қамтамасыз ету.

Астықты және тұқымды сақтауға арналған қойма шаруашылығы бар электендірілген дән тазарту-кептіру пунктері өте ұнемді келеді. Осындай пунктердің ең пайдалы әрекет ететін радиусы 5…7 км болады.

Пунктерді электрмен қамтамасыз ету үшін КТП қолданады, ал ол жоқ жағдайда ДЭС қолданады. КТП немесе ДЭС дәнге дейінгі ара-қашықтық 30м аз болмауға тиіс.

                    Жылы жай, көшет-жай шаруашылығын

                                   электрлендіру.

Жылы-жай, көшет-жай шаруашылғын жобалау үшін алғашқы мәліметтер ретінде жылы-жайдың және көшет-жайдың типтері, олардың сандары және ауданы, өсірілетін дақылдар және олардың өсіру мерзімдері, өндірісті механикаландыру және электендіру деңгейлері қарастырылады.

Негізінде осы күнгі ірі жылы-жай, көшет-жай шаруашылықтары электр энергиясын көп мөлшерде тұтынушылар: электр энергиясы жарықтандыруға, сәулелендіруге, машинаалар жетектеріне, қыздыруға,жылытуға т.б. процестерінде қолданылады.

Бірақта, жылы-жай, көшет-жай шаруашылықтары үшін электр энергиясы жалғыз энергия түрі емес, тек олардың мүмкін бірі, сондықтан бұл шаруашылықтарға электр энергиясын пайдаланудың орындылығы және кендігі техника-экономикалық есептермен дәлелдеуге тиіс.

Жылы-жай, көшет-жай шаруашылықтарын электендіруді жобалағанда мынандай сұрақтар дайындалады:

-өсімдіктерді өсіру технологиясы: қабылданған технология негізінде өндірістік процесстердің толық тізімі құрастырылады;

-әр бір процестер үшін машина таңдау: оларға электр жетектерін есептеу, іріктеу, іске қосу-қорғаныш аппараттарын іріктеу,сымдардың қималарын анықтап таңдау;

-қажетіне қарай жылу техникалық есептеулер жүргізу, қыздырғыш құрылғыларды іріктеу, сәулелендіру қондырғыларын есептеу және іріктеу;

-жүктемелер графигін тұрғызу және шаруашылықты электрмен қамтамасыз ету керек көзін таңдау;

-жылы- жайдағы және көшет-жайдағы микроклиматты және жарықтандыр-

ыу режимін автоматты басқару сұлбасын дайындау;

-қаупсіздік техникасы және еңбек қорғау шараларды дайындау, электендір-

удің техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтау.

                                  Суландыруды электендіру

Суландыруды электендіруді жобалағанда мынандай алғашқы мәліметтерді есепке алу керек:

-жақын орналасқан метрологиялық станцияның бақылаулыры бойынша вегетациялық кезенде түсетін ылғал мөлшері;

-суландырылатын бөлімдердегі топырақтың құрамы (кеуектілігі, далалық ылғал сиымдылығы, ылғал тартқыштығы);

-суландырылатын дақылдар, оларды суландыру мерзімдері, дақылдарда суландыруға қажетті ылғал мөлшері.

 Есептеулер мынандай ретпен жүргізіледі:

-суландыру және суғару нормалары анықталады,әрбір суландырылатын дақылдар үшін гидромодуль шамасы анықталады;

-гидромодуль және су беру графиктері құрастырылады. Солар бойынша сорап агрегаттары іріктеп алынады, электр жетектерін есептеу,таңдау жүргізіледі.

           Шеберханаларды электендіру жүйелерін жобалау

Жөндеу щеберханалары 2 топқа бөлінеді:

1 топ- күрделі емес операцияларды орындайды, осындай базалар жұмыс техникаға жақын орналысады;

2 топ — күрделі операцияларды орындайды — СТО.

Шеберханаларда машиналарды жөндеуді ұйымдастыру тәсіліне байланысты шартты жөндеу санын анықтайды және мынандай негізгі өндірістік кешендер бойынша толассыз жолдар белгілейді: машиналарды жуу және тетіктен бөлшектеу, жөндеу, тетіктерді алмастыру, машинаны жинау, машинаны сынақтан өткізу және жүргізіп жатықтыру, байқалған ақауларды жою, тазалау, бояу, маш. тапсыруға дайындау.

 Әр бір өндірістік кешен үшін мынандай сұрақтар дайындалады:

-өндірістік технологиясы, технология бойынша өндірістік машиналар мен механизмдер таңдап алынады;

-машиналар мен механизмдер үшін электр қозғалтқыштар таңдап алынады және тексеру есептері жүргізіледі;

-іске-қосу, қорғаныш аппараттарын және автоматты басқару сұлбаларын таңдау;

-сымдар мен кабельдерді төсеу тәсілдерін таңдау және бөліп-тартқыш пунктердің санын есептеу;

-шеберхананы электрмен қамтамасыз ету, қорек көзін таңдау.

 Шеберханалар жақын орналасқан жеке-дара трансформаторлық қосалқы станциядан қоректендірлуге тиіс. Электр қабылдағыштарға энергия топтық желілер бойынша беріледі.

Шеберханалардың жүктемелері шоғырланған сипатты келеді, себебі олардың жекелеген түйіндері бір-бірінен салыстырмалы аз ара қашықтықта орналасқан.

Шеберхананың күштік желісін қоршаған ортаның сипатын, желінің төселетін жерін желінің қабылданған сұлбасын, жекелеген бөлімдерінің ұзындығын және есептік қималарын ескере отырып жүргізеді.

Тоқ өткізгіш материалдар таңдағанда желінің қимасы және ұзындығы үлкен болатын бөлімдер үшін кабель қабылданған жөн, ал қимамен ұзындықтары аз болатын бөлімдер үшін сым қабылданған жөн.

Жарықтандыру желісі қағида бойынша күштік мағистрларға байланыстырыл-

май және бөлек жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *