Электр жабдыққа дестабилизациялаушы және компенсациялаушы әсерлер

3.1. Әсерлердің классификациясы

3.2. Қоршаған ортаның әсері, технологиялық нысаналардың әсері, электр энергия сапасының әсері

3.3. Техникалық эксплуатациялаудың негіздері

3.4. Ауылшаруашылық мекемелерінің электр жабдығын жоспарлы-алдынала жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің (ЭЖЖАЖжәнеТҚК) жүйесі

3.1. Әсерлердің классификациясы

Эксплуатациялау процесінде электр жабдықтың сенімділігі субъективті және объективті факторлардан тәуелді. Субъективті факторға техниканың сенімділігіне қызмет етуші персоналдың ықпалы кіреді. Олардың ішіне электрлендірілген нысаналарға (машиналарға, қондырғыларға) қызмет ететін электр монтерлар мен персоналдардың біліктілігінің аса зор мәні бар, олардың электр қондырғының құрылысын білуі, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің мерзімдері және көлемдерін сақтауы, эксплуатациялау ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтауы. Сондықтан электр қондырғының жоғарғы сенімділігін ұстаудың негізгі тәсілдерінің бірі – персоналдың біліктілігін жүйелі түрде арттыру.

Персоналдың әрекетінен тәуелді емес себептер бойынша жарамсыздыққа әкелетін объективті факторларға жатады: қоршаған ортаның әсері, электрлендірілген машиналардың жұмыс істеу режимдерінің (процестерінің) бұзылуы, электрмен жабдықтау режимдерінің бұзылыуы, электр қондырғылардың ескіру және тозу процестері.

Қоршаған ортаның дестабилизациялаушы әсерлері металлдардың коррозиясында, оқшауламаның ылғалданылуында, материалдарды кеміргіштер мен насекомдардың бұзуында және электр қондырғының атмосфералық асқын кернеуінде айқындалады.

3.2. Қоршаған ортаның әсері, технологиялық нысаналардың әсері, электр энергия сапасының әсері

Қоршаған ортаның әсері. Қоршаған (сыртқы) ортаның факторлары бөлінеді: климаттық, биологиялық және механикалық. Бұл жағдайда климаттық факторлар табиғи (табиғаттық) болуы мүмкін – электр кондырғыларды ашық ауада (сыртқы қондырғыларды) орналастырған кезде немесе жасанды – электр жабдықтарды ауылшаруашылық үйжайлардың ішінде (ішкі қондырғылар) орналастырған кезде. Температура, ылғалдалық, атмосфераның ластығы негізгі климаттық параметрлер болып табылады. Осы нышан бойынша электр қондырғыны құру ережелері (ЭҚЕ) және техникалық эксплуатациялау ережелері (ТЭЕ) мынадай өндірістік үйжайлардың классификациясын қарастырады: құрғақ, ылғалды, дымқылды, ерекше дымқылды, шаң-тозаңды, химиялық активті ортасы бар ерекше дымқылды, өртке қауіпті, қопарылысқа қауіпті, сыртқы өртке қауіпті және қопарылысқа қауіпті жағдайларда электр жабдықты эксплуатациялау.

Технологиялық нысаналардың әсері. Электр жабдықты пайдалану тәулік ішінде және жыл ішінде оның жұмысбастылығымен, жүктемелік және жүргізу режимдерімен, ал сондай-ақ оның сенімділігіне электрлендірілген нысаналардың талаптарымен сипатталады.

Көптеген ауылшаруашылық машиналары мен механизмдерінің жетектік сипаттамаларының өздік ерекшеліктері болады, олар материалдардың бірқалыпсыздық беруінен болатын тұрақсыздық жүктеумен, өңделетін өнімдердің әртектілігімен және басқа технологиялық себептермен сипатталады. Бұл қысқа мерзімді асқын жүктемелердің үлкен ықтималдылық кезінде, қозғалтқыштардың төменгі орташа жүктеуіне әкеледі. Электр жетектердің 50%-ға жуығы айнымалы және тезайнымалы болады, ол қозғалтқыштың жоғартылған дірілдеуін және оның оқшауламасының тозуы, қорғау құрылғыларының сенімді жұмыс істеуін қиындатады.

Тек қана реттелмейтін желдеткіштер мен сорғылардың электр жетектерінің тұрақты жүктемесі болады. Кең шектерде толығымен жүктеу деңгейі өзгереді: номиналдан (қозғалтқыштар 20%-ға жуық) 35%-ға жүктеуге дейін (қозғалтқыштар 25%-ға жуық).

Қозғалтқыштардың жұмысбастылығы мен жүктелуінің төменгі көрсеткіштері оның потенциалды мүмкіндіктерін пайдаланудың төменгі деңгейі үшін электр жабдықты эксплуатациялаудың үнемділігі нашарлайды.

Көптеген ауылшаруашылығының электр жетегіне, олардың сенімділік бөлігінде жоғартылған талаптар қойылады. Көптеген қозғалтқыштар жауапты нысаналарда жұмыс істейді, олар үшін электр жабдық жарамсыз болған кезде тақтап тұрудың рұқсат етілген уақыты 1…2 сағатты құрайды, ал мүмкіндік технологиялық зиян, жарамсыз электр жабдықты күрделі жөндеудің құнынан 3…6 есе артады. Ағымды технологиялық желілердің интенсивті қолданылуына байланысты электр жабдықтың жауапкершілігі оданда көп артады, себебі бір элементтің жарамсыздығы барлық желінің тұрып қалуына әкеледі.

Электр энергияның сапасына әсері. Ауыл тұтынушыларын электрмен жабдықтау сұлбаларының, құрылымының және жұмыс істеу режимінің ерекшеліктері болады, олар электр энергияның сапасын төмендетеді және оның шығындарын көбейтеді.

Электр энергия сапасының көрсеткіштері (ГОСТ 13109-67):

— жиіліктің ауытқуы – нақты және номинал мәндердің арасындағы айырма, 10 мин уақытқа орташаланған. Номинал режимде ±0,1 Гц, ал уақытша ±0,2 Гц жиілікте ауытқуға рұқсат етіледі;

— жиіліктің тербелуі – жеткілікті тез өзгерген кездегі жиіліктің ең үлкен және ең кіші мәндерінің арасындағы айырма (0,2 Гц/с кем емес). Жиіліктің ауытқуынан жоғары 0,2 Гц артық емес жиіліктің телбелуі рұқсат етіледі;

— кернеудің ауытқуы — ұзақ аралық уақыт ішінде кернеудің нақты және номинал мәндері арасындағы айырма. Электр қозғалтқыштардың қыспаларында ауытқу шектері -5….+10%, ірі мал фермалары мен кешендері үшін басқа электр қабылдағыштарда — ±5% нормаланады. Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтаудың басқа жағдайларында электр қозғалтқыштардың қыспаларындағы кернеудің ауытқуы

 -7,5…+10%, ал қалған электр қабылдағыштардың қыспаларында ±7,5%;

— кернеудің тербелуі – кернеудің қысқа уақытта және жиі ауытқуы;

— кернеу қисығының бейсинусоидалық пішіні – барлық жоғары гармоникалары кернеудің әсер етуші мәнінің негізгі гармоника кернеуінің әрекет етуші мәніне қатынасы. Бұл қатынас 0,05 артық болмауы тиіс;

— нейтралдың орын ауыстыруы – нөлдік тізбектілік кернеуінің тура тізбектіліктің фазалық кернеуіне қатынасы: kc=100U0/U1ф (kc 5% артық болмауы тиіс);

— кернеулердің бейсимметриясы – кері тізбектілік кернеуінің тураға қатынасы: k_н=100U_2ф/U_1ф (k_н 5%-дан артық болмауы тиіс).

Барлық көрсеткіштерден кернеудің ауытқуы мен тербелуінің бірінші дәрежелік мәні бар. Бұл екі себептермен негізделген: біріншіден, барлық электр жабдық түрлерінің техника-экономикалық параметрлеріне кернеудің ауытқуы маңызды әсер етеді; екіншіден, үлкен өлшемде кернеудің ауытқуы, басқа көрсеткіштерге қарағанда нормаға сәйкес келмейді.

3.3. Техникалық эксплуатацияның негіздері

Электр жабдықтарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, күнделікті тәжірибеде техникалық эксплуатация жүйесін қолданады. Техникалық эксплуатация жүйесіне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу құрал-саймандары, сонымен қатар, оны орындайтын мамандар кіреді. Олардың негізгі міндеті электр жабдықтарыныңнегізгі қасиеттерін қалпында сақтау, немесе қалпына келтіру, яғни, оның жұмыс қабілетін сақтау, немесе қалпына келтіру.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйелері электр жабдығы шаруашылықтың қай саласында пайдаланылса, сол салада құрылады.

Техникалық эксплуатацияны сипаттау үшін, мынандай мағлұматтар қолданылады: техникалық эксплуатацияның принциптері, жөндеу циклының құрылымы, жұмыс мерзімдері, қызмет көрсету мен жөндеу кезінде атқарылатын жұмыс түрінің типтік құрамы (мазмұны), жұмыстардың көлемі мен бағасы.

Техникалық эксплуатацияның принциптері деп, электр жабдықтарының қасиеттерін тексеру мен жөндеудің (қалпына келтірудің) мерзімін таңдауды айтады. Бұзылған сақтандыру, байқаудан соң сияқты техникалық эксплуатацияның үш принципі белгілі.

Бұзылған соңғы принципі дегеніміз техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары электр жабдықтары бұзылған соң ғана жүргізіледі, яғни жоспарлы сақтандыру (профилактикалық) жұмыстары жүргізілмейді.

Сақтандыру принципі дегеніміз – техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары электр жабдықтарының техникалық жағдайына тәуелсіз жоспарлы мерзімде жүргізіліп тұрады. Сақтандыру шаралары күнтізбелік және регламенттік болып екі түрге бөлінеді. Күнтізбелік болған жағдайда сақтандыру шаралары электр жабдығының пайдалануына тәуелсіз тек белгілі уақыттан (мерзімнен) кейін жүргізіліп тұрады. Ал, регламенттік принцип бойынша сақтандыру шаралары белгіленген жұмыс көлемі орындалғаннан кейін, яғни, электр жабдығының жүктелуі, оның тәуліктік, маусымдық, жылдық жұмыс уақыттары ескеріліп жүргізіледі.

Байқаудан соң (послеосмотровой) принципі – техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары электр жабдығының техникалық жағдайына байланысты жүргізіледі, жоспарлы түрде тек байқау жұмыстары ғана атқарылады. Диагностикалық байқаудың нәтижесі бойынша сақтандыру шараларын орындау мерзімі белгіленеді.

Техникалық эксплуатация принципін дұрыс таңдап алу үшін, электр жабдықтарының сенімділік сипаттамаларын, оларды пайдалану ерекшеліктерін, қызмет көрсету мен жөндеу базасының жағдайын ескеру қажет.

Бұзылған соң принципін қолданатын жағдайлар:

— электр жабдықтарының бұзылу қарқыны, оның жұмыс уақыты ұлқайғанмен көбеймесе;

— апаттық жөндеу мен технологиялық шығын, сақтандыру шараларына кететін шығыннан аз болса;

— сақтандыру жұмыстарының арасындағы мерзімнің үйлесім мәні, электр жабдығының жұмыс мерзімінен артық болса.

Сақтандыру принципінің жиі қолданылу себебі оның артықшылықтарында:

— дұрыс таңдап алынған мерзімнен кейін жүргізіліп тұратын сақтандыру шараларының арқасында, электр жабдығының сенімділігін қажетті деңгейде ұстауға, сақтауға кететін техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының мөлшері азая түседі;

— әрбір электр жабдығын жеке-жеке сақтандыру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізген кезде, электр жабдығының паркі өзгермесе, оларды техникалық эксплуатация жұмыстарының көлемі де өзгермейді;

— электр жабдығының барлық жұмыс мерзімінің бойында жүргізілетін сақтандыру жұмыстарының құрамы өзгермейді, тек мезгіл-мезгіл қайталанып тұрады.

Күнтізбелік немесе регламенттік принциптің қайсысын қолдану керек екендігін анықтау үшін, электр жабдықтарының жұмыс кезіндегі λ_p, тоқтап тұрған кезіндегі, яғни сақталу кезіндегі λ_x бұзылу қарқынын және олардың ұзақтығын T_p, T_x білу керек.

Егер λ_p∙T_p>λ_x∙T_x болса, регламенттік принципті, ал λ_p∙T_p<λ_x∙T_x болса, күнтізбелік принципті қолданған жөн.

Байқаудан соң принципінің сақтандыру принципіне тән артықшылықтарымен қатар, өзіне ғана тән артықшылықтары да бар:

— электр жабдығының техникалық жағдайын ескергендіктен оның тозуының жылдамдауына жол берілмейді, яғни жөндеу жұмыстарын азайтады, жауапты жұмыс кезінде бұзылмауын қамтамасыз етеді;

— қажетсіз сақтандыру шараларына кететін шығынды азайтады т.с.с. Бірақ, бұл принципті де қолдану мүмкіншіліктері, диагностикалық аспаптар мен болжау аппараттарының тапшылығынан, қиындай түседі.

Жөндеу циклының құрылымы – техникалық эксплуатация кезінде атқарылатын жұмыстардың жиынтығы мен тәртібі.

ГОСТ 18322-78 бойынша негізгі эксплуатациялық жұмыстар: техникалық қызмет көрсету (ТҚ), ағымдық жөндеу (АЖ), күрделі жөндеу (КЖ) болып бөлінеді.

Техникалық қызмет көрсету (ТҚ) – талапға сай тасымалданатын, сақталатын, міндетіне сай пайдаланылатын электр жабдығының ақаусыздығын немесе жұмыс қабілетін сақтауын қамтамасыз етуіне септігін тигізетін жұмыстардың жиынтығы. Техникалық қызмет көрсету — бұзылудың себебін жою, немесе кішігірім ақауын жөндеу арқылы электр жабдығының жұмысқа қабілетін қамтамассыз ету. Техникалық қызмет жұмыс орнында, технологиялық процесті тоқтатпай жүргізіледі.

Ағымдық жөндеу (АЖ) – бұйымның жұмыс қабілетін сақтау немесе қалпына келтіру үшін жасалатын жөндеу, яғни электр жабдығының кейбір негізгі емес тетіктерін ауыстыру немесе жөндеу. Ағымдық жөндеудің негізгі себебі электр жабдықтарының барлық тетіктерінің беріктігінің бірдей еместігі. Беріктігі төмен тетіктерін уақытылы ауыстырудың, немесе жөндеудің көмегімен ағымдық жөндеу арқылы электр жабдығының жалпы жұмыс қабілетін сақтауын қамтамасыз етеді. Ағымдық жөндеу жұмыс орнында немесе жөндеу шеберханасында жүргізіледі.

Күрделі жөндеу (КЖ) бұйымның барлық тетіктерінің, соның ішінде негізгі тетіктерінің ақаусыздығын, жұмыс ресурсын толық немесе толыққа жуық қалпына келтіру үшін жасалатын жөндеу. Күрделі жөндеу мамандандырылған жөндеу кәсіпорынында жүргізіледі.

Атап көрсетілген негізгі эксплуатациялық жұмыстардан бөлек электр техникалық мамандар кезекшілік-жедел қызмет көрсету, консервациялау немесе жұмысқа әзірлеу жұмыстарын да атқарады.

Кезекшілік-жедел қызмет көрсету нәтижесінде электр жабдығын жылдам жөндеу технологиялық процестің талабына сәйкес, электр желісінен ажырату, ауыстырып қосу, электр сұлбасына өзгеріс енгізу қамтамасыз етіледі.

Электр жабдықтарын техникалық эксплуатациялау ережелері бойынша, бір ай мерзімнен артық жұмыс істелмейтін (істеу тиіс болмаса) электр жабдығы қоймаға сақтауға қойылуға тиіс.

Мұндай сақтау мерзімі аяқталған кезде, электр жабдығы жұмысқа әзірленуі (консервациясыздау) қажет. Техникалық эксплуатация бұзылғаннан соң принципі бойынша жүргізілетін болса, жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары қажетіне қарай кез келген уақытта жүргізіледі. Техникалық эксплуатация байқаудан соң принципі бойынша жүргізілсе, жұмыс мерзімдері электр жабдығының техникалық жағдайына байланысты болады.

Сақтандыру принципі қолданылған жағдайда, сақтандыру жұмыстарын жүргізу мерзімін көрсету үшін, тиімділік белгісін пайдаланады. Тиімділік белгісі ретінде көбінесе келтірілген меншіктік шығынды, яғни жұмыстың бір өлшеміне (мөлшеріне) келтірілген шығынды (теңге/кВт∙сағ) алады. Жұмыс мерзімін есептеудің ықшамдалған түрі төмендегідей: егер, электр жабдығының түрі мен эксплуатациялық жағдайлары белгілі болса, оны сақтандыру жұмысына кететін шығын З_с, электр жабдығын күрделі жөндеуге жұмсалатын шығын З_(к.ж) және өндірістің технологиялық шығын У_т деп қабылдайық. Сақтандыру жұмыстарының үйлесімді мерзімін T_опт анықтауымыз керек. Ол үшін 3.1-суретті қарастырамыз: сақтандыру жұмыстарының мерзімі үлкен болған сайын, сақтандыру жұмыстарына кететін шығын азайғанмен, бұзылу қарқыны көбейген сайын, күрделі жөндеу мен технологиялық шығын да көбейе түседі.

Сурет-3.1. Сақтандыру жұмыстарының үйлесімді мерзімі

Жұмыс мерзімінің әртүрлі T_сағ мәндеріндегі шығындардың қосындысын З=З_т+З_(к.р.)+У алсақ, осы функцияның ең аз мәні, яғни шығынның ең аз болғандағы үйлесімді жұмыс мерзімі T_опт болып табылады. Екі ағымдық жөндеудің аралығын немесе электр жабдығын эксплуатациялау басталғаннан бірінші ағымдық жөндеуге дейінгі аралық – жөндеу аралық мерзім деп аталады.

Екі күрделі жөндеудің арасы, немесе электр жабдығын эксплуатациялау басталғаннан бірінші күрделі жөндеуге дейінгі аралық – жөндеу циклы деп аталады.

Жөндеу циклінің құрамы мен ұзақтығы электр жабдығының түрі мен эксплуатациялық жағдайларына байланысты болады. Мысалы, бірдей екі қозғалтқыштың эксплуатациялық жағдайлары екі түрлі болса, екі түрлі жөндеу циклының құрамы мен ұзақтығы белгіленеді (3.2-сурет). Егер электр қозғалтқышынын эксплуатациялық жағдайы жеңіл, яғни құрғақ (дымқыл емес) ортада эксплуатацияланатын электр қозғалтқышын жөндеу циклі 8 жыл, ал ылғал (дымқыл) ортада эксплуатацияланатын электр қозғалтқыштың жөндеу циклы — 6 жыл.

Сақтандыру жұмыстарының типтік құрамы немесе мазмұны. Әрбір сақтандыру жұмыстары тек мезгілінде жүргізіліп ғана қоймай, өзінің құрамы (мазмұны) жақыннан жеткілікті болуға, яғни электр жабдығының эксплуатациялық қасиетін толық қалпына келтіруге жеткілікті болуға тиіс.

а) эксплуатацияның басталуы

т.с.с. 8 жыл.

ә) эксплуатацияның басталуы

т.с.с. 6 жыл.

ЭБ — эксплуатацияныңбасталуы;

● — техникалық қызмет көрсету;

    — ағымдағы жөндеу;

    — күрделі жөндеу.

Сурет-3.2. Эксплуатацияның жағдайы жеңіл (а) және ауыр (б) электр қозғалтқыштарының жөндеу циклының құрылымы

Электр жабдығына сапалы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ететін, барлық уақытта жасалуға тиіс жұмыстардың құрамы мен тәртібі техникалық эксплуатация жұмыстары түрінің құрамы (мазмұны) деп аталады.

Электр жабдықтарына жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге мынадай әрекеттер жатады: шаңнан, балшықтан және бөгде заттардан тазарту; бекітілетін жерлерін тексеру және реттеу; электр жалғанған жерлерін тексеру және қалпына келтіру (қажет жағдайда), бірінші кезекте – тізбектің жерге жалғанған жерін; оқшаулағыштың кедергісін тексеру; жауапты тораптар мен бөлшектердің қызу деңгейін тексеру; байқалған ұсақ ақауды жою.

Ағымдық жөндеу мына әрекеттерді (операция) қамтиды: тазалау; желіден ажырату және бөлшектеу; тораптар мен бөлшектердің ішкі беттерін тазарту; тораптар мен бөлшектердің күйін анықтау және жөндеу, немесе ауыстыру (негізінен басқасын); жинау; сынау; орнату және жұмыс орнында сынау.

Жоғарыда аталған барлық әрекет үлгілері бойынша ЖЕЖ жүйесіндегі электр жабдықтарының әр түрі үшін техникалық қызмет пен жөндеу жұмыстарының мазмұндары айқындалып жасалған. Электр жабдықтарының әр түріне лайықты күрделі жөндеу технологиялық үрдісінің желілік үлгісі бойынша атқарылады.

3.4. Ауылшаруашылық мекемелерінің электр жабдығын жоспарлы-алдынала жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің (ЭЖЖАЖжәнеТҚК) жүйесі

Ауыл шаруашылығында электр жабдықты эксплуатациялауды ұйымдастыруды регламенттеуші, негізгі нормативті құжат, АШЭЖЕЖ және ТҚ жүйесі болып табылады. Ол әртүрлі ғылыми-зерттеу мекемелерімен орындалған зерттеу нәтижелерін жинақтап қорыту, ауылшаруашылық мекемелеріндегі электр жабдықты эксплуатациялаудың алдыңғы тәжірибесінің есебімен, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында әрекет етуші ЖЕЖ жүйесін талдау және жабдықты жасаушы зауыттардың инстукцияларының талаптары негізінде жасалған.

Бұл нормативті құжат, ауыл шаруашылығында эксплуатациялау жағдайларының классификациясын, электр жабдықты техникалық эксплуатациялау кезінде жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және есепке алу бойынша ұсынысты және ауыл шаруашылығында қолданылатын, іс жүзінде электр жабдықтардың барлық түрлеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде периодтылық туралы, жұмыстың типтік құрамы, еңбек сыйымдылығы және материалдардың шығыны туралы мәліметтерді ұстайды.

Типтік жұмыстардың еңбек сыйымдылығы. Электр жабдықтарына қызмет жасау мен жөндейтін еңбек сыйымдылығының нормалары біріншіден жұмыстың типтік мазмұнына, екіншіден электр жабдығының қуатына, орындалуына және оны жөндеудің басқа да ерекшелігіне байланысты.

Бірінші факторды электр монтерлердің тікелей жұмыс орындарында олардың жұмыс өнімділігін бақылап, талдап-зерттеу әдісімен, алынған қорытындыларды ескере отырып жоспарлайды. Ол үшін негізгі жұмыстың жеке түрлерін орындауға, әр түрлі тәсілдерге кететін уақыттарды есептейді (хронометраж). Сол мағлұматтардың негізінде еңбек шығынының нормаларын жасайды.

Жөндеу күрделігін есептеу үшін әртүрлі нұсқалар ескеріледі. Әдетте, оны электр жабдығының белгілі бір тетігін жөндеуге кеткен уақытта еңбек сыйымдылығын, негізгі жабдықтардың сондай жұмысты орындауға кеткен, өлшем бірлігі етіп алынған уақытпен салыстыра отырып бағалайды. Мұнда жөндеу күрделілігін жекеленген және кешенді нормалауды бөле айтуға болады.

Жекеленген нормалауда электр жабдығының түр-өлшемдерін және жұмыстың әр түрі бойынша бір рет ғана жасалатын бөлігіне кететін еңбек шығынын жөндеудің шартты бірлігі арқылы бағалайды.

Жұмыстың шартты бірлігіне қуаты 5 кВт, кернеуі 380/220 В және статор магнит өрісінің айналу жиілігі 1500〖 мин〗^(-1), қысқа түйықталған, жабық түрінде орындалған үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың жұмыстың бір түрін орындауға кеткен еңбек шығыны алынған.

Еңбексыйымдылық нормасының шартты еңбек сыйымдылығы техникалық қызмет үшін – 0,5, ағымдық жөндеуге – 4,8; күрделі жөндеуге – 12,5 сағат.

Кез келген басқа электр жабдықтары үшін шартты жұмыс бірлігіне аудару еселігі белгіленген.

Кешенді нормалау, электр жабдығының шартты бірлігімен атқарылады. Шартты эксплуатациялық бірлік үшін, әр түрлі техникалық қызмет пен жөндеудің жылдық орташа еңбек сыйымдылығының негізгі электр қондырғыларына жасалатын техникалық қызмет пен жөндеуге кеткен еңбек сыйымдылығына қатынасы алынады.

Негізгі (эталонды) қондырғы ретінде қуаты 1 кВт электр қозғалтқышы бар ашық қондырғыда қолданылатын электр жабдықтарының топтамасы алынған. Электр жабдығының шартты бірлігінің (ЭШБ) еңбек сыйымдылықы жылына 18,6 сағат (18,6 адам сағат/жыл) және құрылысы төмендегідей түзілімі жедел көрсететін техникалық қызмет – 2…3, техникалық қызмет – 5…6, ағымдық жөндеу – 7…9, күрделі жөндеу – 1…3 адам сағ/жыл. Электр жабдығының топтамасының басқаларын шартты өлшем бірлігіне аударып есептеу арқылы орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *