4.1. Электр жабдықты рационалды таңдау және пайдалану негіздері
4.2. Техникалық параметрі бойынша электр жабдықты таңдау
4.3. Экономикалық критерий бойынша электр жабдықты таңдау
4.4. Электр жабдықты қорғау типін таңдау
4.5. Электр жабдықтың жұмыс режимдерін оптимизациялау
4.1. Электр жабдықты рационалды таңдау және пайдалану негіздері
Электр жабдықтарын дұрыс таңдап алу — оны дұрыс эксплуатациялаудың қажетті шарты. Кешенді электрлендіруді жобалағанда, электр жабдықтарыныңсапалы жұмысын, электрлендірудің арзан болуын ескереді. Кейбір себептерге байланысты, ол талаптар, орындала бермейді.
Жобалау сатысында қоршаған ортаның жағдайын дәл болжау мүмкін емес, сондықтан электр жабдықтарын таңдап алу, орташа көрсеткішке шамалап жасалады. Ол кейде, нақтылы жағдайда, әлдеқайда өзгеше болады. Мұндай үйлесімсіздіктер, есеп бойынша алынған жұмыс ережесі мен нақтылы жұмыс ережесі арасында да, тұтынылған қуаттың мәндері арасында да, кернеудің ауытқулары мен басқа да өлшемдері арасында да байқалады.
Бастапқы ақпараттың күңгірттігі, таңдаудың дәлдігін бұзады.
Жобалау кезінде, электр жабдықтары мен технологиялық нысандардың эксплуатациялық қасиеттерінің нашарлауы, ескерілмейді. Бұл, әсіресе, техниканы күрделі жөндеуден өткізгенде, анық байқалады.
Сондықтан, эксплуатациялау кезінде, электр жабдықтарын таңдап алу мәселесін мұқият тексеріп, нақтылы жағдайға байланыстыруға тура келеді. Мұндай тексерулерде, әсіресе таңдап алуда кеткен қате, технологиялық үлкен шығындарға соқтыратын жауапты нысандарда, міндетті түрде, жүргізілуі тиіс.
Жабдық тандап алу әдісі, жалпы алғанда, электрмен жабдықтау сапасы, жұмыс ережесі және эксплуатацияның басқада шарттары туралы, нақтылы мағлұматтарды анықтау мен осы мағлұматтарды электр жабдығының өлшемдерімен салыстыруға саяды. Таңдау туралы шешім шектеу принципімен, болмаса, үйлесімділік принципімен қабылданады.
Шектеу принципі – электр жабдығы өлшемдерінің, мәндері соған ұқсас факторлары, эксплуатациялау кезінде байқалған өлшемдік мәндеріне тең, не олардан артық болса, онда электр жабдығы жарамды деп есептеледі. Мысалы, асинхронды қозғалтқышды, P_н>P_ф шарты негізінде, қуатына қарай таңдап алады. Мұндағы, P_н, P_ф – таңдап алынған қозғалтқыштың номинал қуаты мен нақтылы жүктелуі.
Үйлесімділік принципі – электр жабдықтарын таңдап алуда нысандарды, немесе процесті электрлендіруде, ең жақсы нәтиже береді-ау деген бірнеше нұсқаларды салыстыра қарастыру. Мұнда үйлесімділік көрсеткіші ретінде, техникалық және экономикалық сипаттамалар алынады.