Электртехникалық қызметті (этқ) жобалау

Жобалау міндеттері. ЭТҚ жұмыс көрсеткіштерінің жүйесі. ЭТҚ қызметтерін талдау

2. ЭТҚ жұмыс көлемін және орындаушылардың штат құрамын есептеу

3. Техникалық электр қызмет көрсету және ағымды жөндеу графиктерін жасау

4. ЭТҚ электр жабдықты эксплуатациялау формасын және құрылымын таңдап алу. Жөндеу-қызмет көрсету базасын жасау.

15.1. ЭлектрЖабдықтарына қызмет көрсету мен жөндеу кезінде қолданылатын техникалық құралдар. ЭТС-тіҢ жөндеу-қызмет қорын жасау.

Техникалық қызмет көрсету, жөндеу және электр жабдықтардың күйін анықтау жұмыстары уақытылы, сапалы әрі толық іске асу Үшін электрмонтерлер қажетті техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген болуы керек. Сызметі бойынша оларды үш топға бөлуге болады: слесарлық және арнайы құрал-саймандар, электр өлшеуіш және арнайы аспаптар, Жабдықтар мен тетіктер, қолға үстап жүретін, жылжымалы және жылжымайтын техникалық құралдар.

Құрал-саймандардың көп атаулы тізімде электртехник қызметкерлерге арналғандарынан кеңінен қолданылып жүргендері: құрама тістеуік (атауыз) қатайтқыштар, монтер пышақтары, слесарлық балғалар, гайка кілттері, ауыстырмалы головкалар, жалпақ егеулер, штангенциркуль т.б.

ЭлектрЖабдықын эксплуатациялаған кезде қолданылатын негізгі өлшеу аспаптарына: кернеу индикаторы МИН-1, құрама аспап Ц-4341, мегометрлер М-4100/3 және М-4100/5, электрөлшеуіш қысқыштар Ц-4501, жерлемені өлшейтін МС-08; «Фаза нөл» шамасының кедергісін өлшейтін М-401; оқшаулағыштың дымғылдығын бағылайтын аспап ПКВ-7, омметр М-372, өлшеуіш аспаптар жиынтығы К-51.

Жылжымалы лабораторияларда немесе жылжымайтын орнықты жағдайларда арнайы аспаптардың үлкен тобы пайдаланылады: әмбебаб стенд МИИСП, қорғау құрылғыларын тексеретін стенд КИ-6366, батырмалы электр моторлардың күйін анықтауға арналған КИ-6301 құрылғысы т.б.

Жабдықтар мен тетіктер тобына түрлі станоктар, тазалауға арналған дүңгіршектер, жуу астаулары, кептіргіш шкафтар, бояу қуыстары, орамшының столы, және т.б. жатады. Соңғы жылдары ЭРИЛсх, ЭТЛ-10-20, ЭДЛ-1. «Электр-қызмет» және тағы басқа жылжымалы электр-техникалық лабораториялар жасалады.

Техникалық қызмет пен жөндеу жұмыстарына қолданылатын техникалық және көлік құралдары, ғимараттар ЭТС-тің жөндеу қызмет қорын құрайды.

Жөндеу-қызмет қорларын жасау үшін, мынадай мәселелерді: құрамын келісу техникалық құралдардың бәрін толық пайдалануды қамтамасыз етуді; барлық жұмыстарды тез және сапалы орындауды қамтамасыз етуге қол жеткізу; электр жабдықтарын үнемді эксплуатациялауға кепілдік беруді шешіп алу керек.

Қажет құралдардың құрамы мен санын қызмет пен жөндеу технологиялық картасы бойынша болмаса қордың үлгі жобасы бойынша (ТП816-1-17, ТП816-1-20 т.б.) анықтайды. Мекеме орналасатын жердің ауданын мынадай нормаларға сай есептейді (1,0…1,2) 10-4 га/ш.б.э. және өндірістік ғимараттарда орыны жұмыс істейтін бір адамға 10…20 м2 есебінен алынады. Электр-жөндеу мекемесін технологиялық біріктіру мына ережелер негізінде орындалуы тиіс: ғимараттардың басты өлшемдері 3 немесе 6 есе; бөлшектеу, орам, жинау және басқада, солар арғылы жүктер тасқыны өтетін бөлімдерді ғимараттың бас белдеуіне, ортасын керегелермен бөлмей, орналастырып, жүк көтеретін құрылғылар болуын қарастырады; қосалқы бөлімдер екінші қабаттарда, болмаса, жапсарлас салынған жеке бөлмелерде орналасуына болады; технологиялық жабдықтардың орналасуы жөндеу жұмыстарының жылжу бағытына сай, тасымал біріне-бірі қарсы қозғалмайтындай болуы тиіс.

Электриктің жұмыс орындарының жабдықтары: монтер аспабының жиынтығы КИМ-4905, мегометр М-4100/3, құрама аспап Ц-4341, СО-45А компрессоры; ОРГ-1468-01 төсеніш-верстак, ОРГ-1468-05 төсеніші, зБ 631 А қайрақ, ИЭ-1013 электр тескіш, С1-2а секундомер, ИН-91 кернеу тежегіші, ПСН-65 электр-дәнерлеуіш, техникалық құжаттар жәшігі, контор столдары мен орындықтары. ЭТС-тың қызмет-жөндеу орындарын жасағанда басқа да ұқсас қызметтердің жұмыс тәжірибесін ескереді т.б.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *