Техникалық параметрі бойынша электр жабдықты таңдау

Электр жабдықтарын таңдауда ескерілетін негізгі техникалық сипаттамаларға: климаттық орындалу мен орналастыру деңгейі, бөгде заттар мен судың (ертінділердің) тиюінен сақталу деңгейі; номинал параметрлері (кернеу, ток, қуат, айналу жиілігі және т.б.); қосымша сипаттамалары (оталу қасиеттері, артық жүктелу қабілеті, қорғаныс сипаттары және т.б).

Климаттық орындалу мен орналастыру деңгейіне қарай таңдау — өндірістен шығарылатын электр жабдықтары арнайы бір климаттық аудандарға және белгілі бір орындарда орналастыруға, ыңғайланып жасалады (3.1-кесте).

Құрғақта, өзенде, көлде эксплуатациялауға арналған бұйымдар микроклиматтық аудандардың жағдайына қарай: У — бір номинал климатқа; ХЛ — суық климатқа; ТВ – тропикалық ылғалды климатқа; ТС – тропикалық құрғақ климатқа; Т – тропикалық құрғақ және ылғалды климатқа; О – барлық климат жағдайларына лайықталып, жасалады.

Электр жабдықтарының, аса қиын жағдайларда сенімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ету үшін, ауыл шаруашылық (С) және химтұрақты (Х) түрлерін шығарады.

Электр жабдықтарының орналасу категориясын, мынадай сандармен белгілейді:

1 — ашық ауада істеу үшін;

2 – ауаның температурасы мен ылғалдылығының ауытқуы ашық ауадағыдан аса айырмашылығы жоқ, жабық орында (палатада, машинаның қорабында (борт), тіркемеде, жылу оқшаулағышы жоқ, темірден жасалған бөлмелерде, сондай-ақ, 1 — категориялы құрылым топтарында, немесе жаппаның астында (бұйымға күн сәулесі, жауын-шашын тікелей әсер етпейтін);

3 — температура мен ауа ылғалдылығының ауытқуы, құм мен тозаңның әсері ашық ауадағыдан аз, климат жағдайлары қолдан реттелмейтін, табиғи желдетілетін, жабық орындарда істеу үшін;

4 — климат жағдайлары қолдан реттелетін, жабық, орындарда істеу үшін;

5 — ылғалдылығы жоғары орындарда істеу үшін. ГОСТ 19348-74-ке сай, ауыл шаруашылықына арналған электр жабдықтары, климаттық орындауларда У жасалуы тиіс. Климаты тұрақты, микроклиматты аудандарға ауаның жыл сайынғы ең жоғары температураларының орташа деңгейін +40 ℃, немесе одан төмен, ал жыл сайынғы ең төменгі орташа температура –45 ℃, немесе одан жоғары аудандар жатады.

Қорғалым деңгейіне қарай таңдау – қызмет көрсететін адамдардың, тоқ өткізетін, немесе электр бұйымдары тұрқының ішінде орналасқан, қозғалмалы бөліктерге жанасуынан, тұрықтың астына, бөгде, қатты заттардың түсіп кетуі мен су өтіп кетуінен сақтау деңгейі ГОСТ 14254-69-та шартты түрде IP әрпімен және 2 санмен таңбаланады (мысалы IP23, IP54 және т.б.), Бұл таңбалар, бұйымның тұрғына басылады, немесе құжат мағлұматтарымен бірге, кестелерде көрсетіледі.

IP-дан кейінгі бірінші сан, қызметшілерді тоқ өтетін бөліктер мен қозғалып тұратын бөліктерге жанасудан, тұрықтың ішіне бөгде заттардың түсуінен қорғау деңгейін көрсетеді. Бұл таңбалар былай талданады:

0 — қызметшінің тоқ жүретін және қозғалып тұрған бөліктерге жанасу мүмкіндігінен және тұрықтың астына, бөгде қатты заттың түсуінен қорғаныс жоқ;

1 — тоқ өткізетін, немесе, қозғалып тұрған бөлшекке, дененің үлкен бөлігінің, кездейсоқ, жанасуынан қорғаулы.

Бұл бөліктерге, әдейі жанасудан қорғаныш жоқ. Тұрыққа, диаметрі 52,5 мм-ден ірі зат түспеуі қорғалған.

2 – тоқ өткізетін және тұрықтың ішінде қозғалып тұрған бөліктеріне адам саусақтары, кездейсоқ, тиіп кетуінен қорғалған. Диаметрі, кемінде, 12,5 мм бөгде, қатты заттың жабдыққа тиюінен қорғалған.

3 – тоқ өткізетін немесе қозғалып тұрған бөліктерге, сымтемірдің және соған ұқсас жуандығы 2,5 мм заттардың жанасуынан қорғалған. Жабдық, диаметрі кемінде 2,5 мм, ұсақ, қатты бөгде заттардың тиюінен қорғалған.

4 – аспаптарға, сымтемір және қалыңдығы 1 мм асатын басқа, бөгде, заттардың тиюінен қорғалған.

5 – қызметші, тоқ өткізетін немесе тұрықтық ішінде қозғалып тұратын, бөліктерге жанасудан толық қорғалған. Жабдықтар зиянды шөгінділер мен тозаңдардан қорғалған.

6 – қызметшілер, тоқ өткізгіштерге немесе тұрықтық ішіндегі, қозғалатын бөлшектерге жанасудан және жабдықтар тозаңнан толық қорғалған.

Екінші сан, жабдықтың тұрғының ішіне су өтуден қорғау дәрежесін көрсетеді және былай талданады:

0 – жабық тұрықтың ішіне су кіруден қорғалмаған;

1 – жиналған су тамшыларынан қорғалған. Тұрыққа, тігінен түсіп, жиналған су жабдыққа зиянды әсер етпеуі керек.

2 – су тамшыларынан қорғалған. Тұрыққа 15° көлбеулікпен түсетін су тамшылары, жабдыққа зиянды әсерін тигізбеуі керек.

3 – жаңбырдан қорғалған. Тұрыққа, көлбеулігі 60 ℃-ге дейін бұрышпен, тиетін жаңбыр, жабдыққа зиянды әсер етпеуі керек.

4 – шашыратын судан қорғаулы. Тұрыққа, қай жақын ан болса да, шашыраған су жабдыққа кері әсерін тигізбеуі керек.

5 – су ағынынан қорғалған. Жабдыққа үштығтан, қай бағыттан болса да, атқылаған су, жабдықтардың стандартта көрсетілген жағдайдағы, жеке түрлеріне зиянды әсер етпеуі керек.

6 – кеме палубасына тән әсерлерден қорғалған. Стандартта көрсетілген жағдайдағы, жабдықтың жеке түрлеріне, теңіз толқыны жауып кеткенде, тұрыққа су тимеуі тиіс.

7 – суға батырғанда қорғалған. Электр жабдықтарының, стандартта көрсетілген, кейбір түрлеріне қысым түскенде және уақыттың өтуіне қарай, тұрыққа су кірмеуі керек.

8 – электр жабдықтарының, стандартта көрсетілген, кейбір түрлеріне, суға ұзақ уақыт батырғанда, стандартта көрсетілген, қысым мөлшерінде қорғалған, су тұрықтың ішіне өтпеуі тиіс.

Кернеуі бойынша таңдау. Барлық тоқ тұтынушылардың ішінен, кернеулері бірдейлерінен, таңдайды (номинал және желідегі). Кейбір жағдайда, электр қозғалтқыштарының іске қосылуын жеңілдету үшін, орамды жұлдызша қосудан, үшбұрыштап қосуға ауыстырады және осы мақсат үшін, номинал кернеуі 660/380 В қозғалтқышларды таңдайды.

Қуаты, немесе тоқты бойынша таңдау. Электр қозғалтқышларын олардын номинал қуатының P_(н.қ) теңдігі және тұтынатын тоғы немесе мәшиненің жұмысшы тетіктері P_м, бойынша таңдайды. Мұнда, электр жетегінің жүктелім диаграммасының сипаты шешуші маңыз алады. Ұзақ мерзім, өзгеріссіз, жүктелетін жағдайда, электр қозғалтқышын таңдап алатын белгі физикалық қуаты; жүктелу уақытында қуаты аз өзгеретін, өзгеру еселігі 20 %-дан аз болса орташа қуаты бойынша таңдайды.

Жүктелуі айнымалы болса – есептелген, баламалы қуаты бойынша, демек, іс жүзінде, қозғалтқыштың қызуына қарай, айнымалы жүктемеге пара-пар қуаты барын алады (бұл шартты орташа квадраттық қуат қанағаттандырады).

Мәшиненің есептелген қуатын (іс жүзінде орташа, орташа квадрат) білгенде, каталогтан, электр қозғалтқыштың стандарты бойынша ең жақын, қуаты артығын таңдайды.

Жалпы таңдау жағдайын былай өрнектейді.

P_(н.д)≥P_эм

Таңдап алған қозғалтқышды, артық жүктелу қабілеті, іске қосылу мүмкіндігі, қосу әрекеттерінің жиілігі бойынша тексереді.

Электр аппараттары (ажыратқыш, автоматты ажыратқыш пен магнитті қосқыш) бас түйіспелердегі тоқ жағдайы бойынша таңдайды.

I_нi≥I_жұм,

мұндағы I_нi – i–аппараттың номинал тоғы; I_жұм — жалғанған желінің жұмысшы тоғы.

Сонымен қатар, аппараттарды қорғаныш құрылысының тоғына қарай мына шарт бойынша таңдайды.

I_(н.қ.і.)≥k_і I_жұм,

мұндағы k_і – балқымалы қорғаныштың (сақтандырғыш), немесе қорғаныш қондырғының номинал тоғының, қорғанылатын желінің жұмысшы тоғына қатынасы (оны 4.1-кестесі бойынша, электр қабылдағыштың түрі мен құрамына қарай анықтайды).

Кесте 4.1 — Қондырғының қорғаныш аспаптарындағы тоғы

Қорғау аспабы Балқығыш қорғауыштың, немесе қорғау қондырғысының номинал тоғының, желінің жұмысшы тоғына қатынасы

 Қыздыратын шамдар үшін ДРЛ шамдары үшін Люминисценттік шамдар үшін Қозғалт-қыштар үшін Қозғалт-қыштар тобы үшін Электр қыздыр-ғыштар үшін

Балқығыш қорғауыш 1,0 1,2 1,0 Кn/α Кг α/α 1,1…1,3

Жылу қорғауышы бар автомат айырғыштар 1,0 1,4 1,0 1,2 1,2 1,1…1,2

Аралас қорғауыштар 1,4 1,4 1,0 1,5 1,5 К г.а 1,2…1,4

Жылу релелері — — — 1,0…1,1 — 1,1…1,2

Ескертулер: Кn – қосу тоғының қайталанымы; α – 2,5 қозғалтқышды сирек қосқан кезде, ұзақтығы 2,5 с дейін; α – 2,5…2,0 қозғалтқышды жиі қоспайтын кезде, ұзақтығы 2,5…10 с; α – 1,6…2,0 жиі оталдырғанда;

α – 1,6 жауапты электр жетектерде оталдыру жағдайына қарамастан;

Кг.п ; Кг.а = ;

n – топтағы қозғалтқышлардың саны; Jн – қозғалтқыштың номинал тоғы;

Jн.м, Jп.м – топтағы ең үлкен қозғалтқыштың номинал және қосу тоқтары.

Электрқыздырғыш қондырғыларды қуатына қарай, таңдайды. Қажетті қуатты жылу баланстарының теңдеуі (өрнегі), немесе технологиялық үрдістері бойынша анықтайды.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *