Кабел желілері, әдетте жер астына орналасқандығтан оныңзақымданған жерін анықтау ауыр, тұтынушыларды уағтылы қоректендіру осыҒан байланысты.
Зақымданған жерлерді анықтаудың тиімді әдістерін таңдап алу Үшін, зақымдану сипатын белгілейді, олар мынадай болуы ықтимал: бір фазаныңжермен тұйықталуы; бір, екі немесе Үш фазаныңжермен жалғасып немесе жалғаспай үзілуі; оқшаулағыштың ағып тесілуі; күрделі зақымдану.
Зақымдану сипатын анықтау үшін, кабел желісін қорек көзінен ажыратады. Көзден барлық тұтынушы ағытылады және тоқ өткізетін әрбір талшықтың екі шетінен мегомметрмен оқшаулағыштың өзара және жермен салыстырғандағы кедергісін өлшейді, сондай-ақ, тоқ өткізетін талшықтарда үзіктің жоқтығына көз жеткізеді.
Кабелдің желідегі зақымдану сипатын айқындаған соң, дәл жағдайда, зақымданған жерді анықтаудың тиімді әдісін таңдап алады. Әуелі 10…40 м қатемен, зақымданған жердің аймағын анықтайды. Содан соң, нақты зақымданған жерді анықтайды. Зақымданған аймақты анықтауға мынадай әдістер қолданылады: импульстік, тербелмелі разряд, шалмалы (тұзақ), сыйымдылық. Желінің нақты зақымданған жерін, ерекше әдістермен анықтайды: акустикалық және индукциялық.
Импульстік әдіс зақымданған желіге электр импульсін (зондтаушы)жібереді және импульс берген уақыт пен кабелдің зақымданған жерінен шағылысып қайтқан импульстің келген уақытын өлшеуге негізделген. Егер импульстің тарау жылдамдығын V арқылы, желінің шетінен зақымданған жерге дейінгі қашықтықты ℓХ арқылы белгілесек, онда импульстіңзақымданған жерге дейін барып, қайта қайтып келетін уақытын мына қатынас арқылы анықтауға болады.
tX= 2ℓХ/V
Күш кабелдерінде импульстік таралу жылдамдығы шамамен 160м/мкс. Бұл жағдайда зақымданған жерге дейінгі ара қашықтың ℓХ=VtX/2=80tX.
Қарастырылған негізге бейімделген аспаптар түрі ИКЛ-5 мен Р5-1А. Импульсті әдіспен зақымданған жерге дейінгі қашықтықты ғана емес, ақау сипатында, анықтауға болады. Осы әдіспен анықталғанда зақымданған жердің қашықтығының кабелдің өлшенген ұзындығынан айырмасы 1,5%-дан аспайды.
Тербелмелі разряд әдісі кабел желісінің зақымданған аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Қондырғыдан өлшегенде тұрақты тоқтың кернеуін, зақымданған талшықға береді де (4.6-сурет), кернеуді біртіндеп көбейтіп, тесіп өту деңгейіне дейін жеткізеді.
4.6-сурет. Тербелмелі контур арқылы кабелдің зақымданған жерін анықтау сұлбасы: 1 — жоғары кернеулі қондырғы; 2 — кернеу таратқыш; 3 — тоқтату тізбегі; 4 — жұмысқа қосу тізбегі; 5 — өлшеуіш аспап; 6 — зақымданған жер; 7 — металл кабел; 8 — кабелдің талшықтары.
Тесіп өткен сәтте, зақымданған жерден үшғын шығады, онда аздаған ауыспалы кедергі болады, содан кабелде тербелмелі сипаттағы разряд пайда болады. Разрядтың тербеліс мерзімі Т толқынның зақымданған жерге жетіп, қайта қайтқан жолына тең, сондықтан
Т=ℓХ/-ге немесе ℓХ=ТV/4
Мұндағы, V — кабелдегі тербеліс толқыныныңтаралу жылдамдығы. Разряд тербелісінің ұзақтығын, кернеу бөлгіш арқылы жалғанған бір реттік, жазбалы, ОЖО осцилографпен немесе ЭМКС-58М электронды миллисекундометрмен өлшейді. …дістің өлшем қателігі шкаланыңең жоғары мәнінің 5%-нан аспайды.
Шалма (дұзақ) әдісін, оқшаулағышы зақымданған (жермен түйығталған) талшықта үзік жоқ, кемінде, оқшаулағышы жақсы, бір талшықы бар кабел желісінің зақымданған аймағын анықтау Үшін қолданады. Бұл әдіспен, өлшеуіш көпіршені пайдаланып, тұрақты тоқтың өлшеген жерден зақымданған жерге дейінгі кедергісін тікелей өлшейді.
Егер кабелдің бір жақын ан бүтін талшықпен зақымданған талшықтарды жалғап, екінші жағынан, реттелетін екі кедергіні жалғаса, көпірше өлшеу сұлбасы шығады (4.7-сурет).
4.7-сурет. Зақымданған жерді дұзақ (шалма) әдісімен анықтау сорабы:
1 — кабелдің талшықтары; 2 — жалғама; R1, R2 – көпірдің реттелмелі иіндері
Көпіршедегі тепе-теңдік мынадай кезде болады
R2z0ℓХ=R1z0(2L-ℓХ),
демек
ℓХ=2L ,
мұндағы R1, R2 – жалғастырылған, зақымданған және сау талшықтардың кедергілері; z0- меншікті кедергі; L- Кабелдің толық ұзындығы.
Ұштарын біріктіретін жалҒаманыҢ, түйіспенің кедергісі өлшемнің дәлдігіне әсер ету мүмкін. Сондықтан, екінші өлшем кезінде кабел желісіндегі талшықтар үшыныңорнын ауыстырып мостыҒа қосады.
Сонда
L+ℓХ=2L
егер 0,997< болса, өлшем дұрыс жасалған.
Шалма (дүзығ) әдісін зақымданған жерге дейінгі аралық аса алыс болмаса (ℓХ<100…200 м) және ауыспалы кедергісі көп 1000<Rn<5000 Ом, көп болған жағдайда қолданады. Зақымдалған жерді анықтау қателігі 0,1…0,3%-дан артпайды.
Сыйымдылық әдісі. Кабелдің бір немесе бірнеше жерінің кедергісі кемінде, 5000 Ом-нан кем болмайтын жағдайда, зақымданған жерді анықтауға қолданылады. Мұнда Үзілген жердегі кабел талшықтарыныңсыйымдылығы өлшенеді, ол Үзілген жерге дейінгі қашықтықға пропорционалды болады. Сыйымдылықты тұрақты тоқта да, айнымалы тоқта да өлшеугу болады. Тәжірибеде, сыйымдылық әдісін пайдалану, нақтылы Үш жағдайда кездеседі:
Бірінші – бір талшық Үзілген (4.8а-сурет). ¦зілген талшықтың сыйымдылығын Кабелдің бір жақын ан С1 және екінші жақын ан С2 өлшейді. ¦зілген жерге дейінгі аралық
ℓХ=ℓ ,
болады;
Екінші – бір талшық Үзілген, оныңжартысы жермен тұйықталған С2=0
(4.8б-сурет). ¦зілген талшықтың және бҮтін талшықтың сыйымдылығын С өлшейді. Зақымданған жерге дейінгі арақашықтық
ℓХ=ℓ ,
болады;
¦шінші – бір талшық Үзілген, барлық фазалар, оныңішінде Үзілген талшықтың бір үшы, мҮлде тұйықталған (4.8в-сурет):
ℓХ= ,
мұндағы С0 – меншікті сыйымдылық мкФ/км, оны анықтамадан алады.
4.8-сурет. Кабелдердің талшықтары Үзіліп зақымдану түрлері.
Акустикалық әдіс Үзілген жердің немесе судың бетінен тыңдай алатын, жасанды электрлік разряд салуға болатын жерде қолданылады. Зақымданған жерде жасанды разрядталу басталған кезде, электрмагнитті тербеліспен бірге, жердің немесе судың бетінен тыңдай алатын дыбыс толқыны пайда болады. Ол Кабелдің зақымданған жерінде ең жақсы естіледі. Импульстер генераторы ретінде, тұрақты тоқтың жоғары кернеулі сынақ қондырғысы пайдаланылады. Жоғары кернеулі тҮзеткіш қондырғыдан кабелге жоғары кернеу импульсін жібереді. Зақымданған жерге импульс жеткенде, талшықтан Кабелдің кабелына үшғын тесіп өтеді. Ұшғын разрядын жер бетінен, АИП-3 индукциялық акустика аспабы арқылы, тыңдайды. Аспап құрамына пьезоакустикалық түрлендіріп бергіш (датчик), батарейкамен істейтін күшейткіш, ғүлағға киетін телефон және алып жҮруге болатын қорап кіреді. Бұл әдістің кемшілігі, жоғары кернеулі тұрақты тоқпен істейтін жылжымалы қондырғыны керек етеді.
Индукциялық әдіс зақымданған жерлерді тікелей кабел желісінің бойында анықтауға қолданылады. Ол, кәбіл желісінің бойымен жіберілген дыбыс жиілігіндегі тоқтан желі Үстінде пайда болған магнит өрісін ұстауға негізделген. Кабелдің зақымданған талшық бойымен генератордан дыбыс жиілігінде (4.9- сурет) (800…1000Гц) тоқ жібереді.
4.9-сурет. Индукциялық әдіс
Осы кезде Кабелдің төңірегінде кернеулігі кабелдегі тоқ күшіне, қосылуы тереңдігіне және оныңосінен (өзегінен) қашықтықына пропорционал магнит өрісі пайда болады.
Оператор, дыбыс генераторы орналасқан жерден, кабел желісінің бойымен жүріп отырып, сынақ қорабының(антенна), күшейткіш пен ғүлағға киетін телефонныңкөмегімен, осы өрістің орналасу сипатына қарай, кабел желісінің, муфтаныңорналасуын, төселген тереңдігін және зақымданған жерді анықтайды. Телефон ғүлағшынындағы дыбыс арқылы кабел желісінің жолын анықтайды. Желіден ауытғыҒанда, немесе Үзік бар жерде дыбыстың естілуі күрт төмендейді. Сате 0,5 метрден аспайды. Бұл әдісті зақымданған жердегі ауыспалы (өтпелі) кедергінің шамасы 20…50 Ом-нан аспайтын кезде қолданады.