Кабелді күш желілерін эксплуатациялау

Жалпы ереже. Әуе желілеріне қарағанда кабелді желілер тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде әлде қайда сенімді.

Электр қондырғыларын орнату мен барлық кернеудегі электр кабелдерін төсеуді құрылыс-монтаж мекемелері, электр қондырғыларын құру ережелеріне сай, эксплуатациялаушылардың бақылауымен жасайды. Бақылаушылар жұмыстың сапасын, барабандағы кабелдің бүтіндігін, муфтаның сапасы мен монтаждау материалдарының сапасын, жабық орындалған жұмыстарды қабылдайды, қабылдау кезінде төселген кабелді, оның тұрық өлшемдерін, тартылған желілердің басқа кабелдермен өзара қиылысатын, бірін-бірі қиып өтетін жерлерін, жақын маңдарын, муфтаның орнатылуын және т.б. қарап шығады.

Кабел желілерін эксплуатациялауға арнайы комиссия қабылдайды. Комиссия мүшелері техникалық құжаттарды тексеріп, желіні көріп шығады. Кабел желісін жұмысқа қосқанға дейін кабелдердің бүтіндігін, оның тарамдарының фазалануын, кабел тарамдарының активті кедергісін және жұмысшы сыйымдылығын (20 кВ және одан жоғары кернеуге арналған кабелдерге); соңғы муфтаның жерлеме кедергісін өлшейді; кезбе тоқтардан қорғаныс құрылысының жұмысын тексереді, 1 кВ-ға дейінгі желілердің оқшаулағыштарын мегометрмен сынайды; кернеуі 2 кВ-тан жоғары желілерді тұрақты тоқтың жоғарылатылған кернеуімен сынайды.

Эксплуатациялауға бүкіл құрылысты кешенді түрде: желіде орнатылған муфталар үшін кабел құдықтарын, арналарды, коррозияға қарсы қорғаныштарды, сигналдау жүйесін, автоматтарды және т.б. қабылдайды. Кабел желілерін эксплуатациялау ауқымына: тоқ жүктемелерін, температура режимдерін және тораптардағы кернеулерді, күре желіні бақылау; сақтандыру сынағы мен өлшеулерді жасау, кабелдердің металл кабелдерін коррозиядан сақтау; желіні күзету.

Тоқпен жүктемелеу бойынша режимді сақтау. Кабелдің тозуына температура мен электр өрісі әсер етеді. Ішінде оқшаулағыштар орналасқан жоғары вольтті кабелдерде электр өрістерінің әсері күштілеу, сондықтан бұл кабел тарамдарының шекті температуралары, кернеуі төмендеу кабелдердің шекті температураларына қарағанда аз. Тоқ өткізетін тарамдардың шекті температурасы кабелдің құрылысына, (қолданылатын оқшаулағыштың түріне), жұмысшы кернеуге, оның жұмыс режиміне (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) байланысты анықталады. ЭҚЕ-ге сай әр кабел желісі үшін, тоқ өткізетін бөлігі температурасының шек шарты бойынша, ұзақ уақыт шыдайтын жүктеме белгіленген. Осы жүктемеге лайықты кабел тарамдарындағы шекті температура: май сіңірілген қағаз оқшаулағышы бар, кернеуі 1 кВ, кабелдер үшін 80 °С, кернеуі 10 кВ — 60 °С, полихлорвинилді кабелдерге — 65 °С.

Ұзақ мерзім қалыпты жұмыс тәртібінде істейтін кабелді желілердің тоқтық шекті жүктемесі ЭҚЕ-де көрсетілген 4.1-кесте бойынша анықталады. Олар кабелді жүргізу тәсіліне және салқындатқыш ортаның түріне байланысты (жер, ауа).

Кесте-4.1. Жердің температурасын ескеруге арналған түзету еселіктері

Тарамның қалыпты температурасы, °С Жердің нақтылы температурасы, °С

 -5 0 5 10 15 20 25 30 35 40 45

80 1,14 1,1 1,08 1,04 1,0 0,96 0,92 0,88 0,83 0,78 0,73

65 1,18 1,14 1,10 1,05 1,0 0,95 0,89 0,84 0,77 0,71 0,63

60 1,20 1,15 1,12 1,05 1,0 0,44 0,88 0,82 0,75 0,67 0,57

55 1,22 1,17 1,12 0,7 1,0 0,93 0,86 0,79 0,71 0,61 0,50

50 1,25 1,20 1,14 0,7 1,0 0,93 0,84 0,76 0,66 0,54 0,37

Жер астына төселген кабелдер үшін ұзақ мерзімді тоқ жүктемелері, топырақтың температурасы 15 °С жағдайында, бір кабелді терең орға салу есебімен алынған (кабелдер арасының қашықтығы кемінде 50 мм). Әуеде тартылған кабелдер (аралары кемінде 35 мм), үшін ортаның температурасы 25 °С. Егер қоршаған ортаның есептегі температурасының t_(қ.о) қабылдаған шарттағыдан айырмасы болса t_н, онда тоқтың шекті жүктеуін, әуе желілеріндегідей етіп алып, түзету еселігін К_1 енгізеді.

Топырақтың температурасын есептегенде кабел салынған тереңдіктегі айлық орташа температурамен бірдей етіп алады (жылдың барлық айларынан). Ауаның есептеу температурасы ретінде, жылына, ең жоқ дегенде, үш рет қайталайтын, тәуліктік ең жоғары температурасын алады. Дегенмен, нақтылы жағдайда, кабел тартудың шарттары бастапқыдан өзгеше болуы да мүмкін. Сондықтан, бір орға (траншея) бірнеше кабел салғанда, оған, қатар салынған кабелдердің саны мен арақашықтарына қарай, түзету еселігін К_2 кіргізеді. Егер түзету еселіктерінің екеуін де қабылдау керек болса, ұзақ уақыт жүктеу шегін мына өрнекпен анықтайды.

I_(рұқ.е.)= К_1 К_2 I_н

Эксплуатациялау жүктемесі жылдың әр маусымға арналып есептелінеді. Жолды, өткелді кесіп өтетін жерлерде, кабелді құбырлар мен блоктардың ішімен өткізеді, ол жылу тәртібін өзгертеді және өткізу (қабілетін) мүмкіндігін шектейді.

Кесте-4.2. Ауаның температурасын ескеретін түзету еселіктері

Тарамның қалыпты температурасы, °С Ауаның нақтылы температурасы, °С

 -5 0 5 10 15 20 25 30 35 40 45

80 1,24 1,20 1,17 1,13 1,09 1,04 1,0 0,95 0,90 0,85 0,80

70 1,29 1,24 1,20 1,15 1,11 1,05 1,0 0,94 0,88 0,81 0,74

65 1,32 1,27 1,22 1,17 1,12 1,06 1,0 0,94 0,87 0,79 0,71

60 1,36 1,31 1,25 1,20 1,13 1,07 1,0 0,03 0,85 0,76 0,66

55 1,41 1,35 1,29 1,23 1,15 1,08 1,0 0,91 0,82 0,71 0,58

50 1,48 1,41 1,34 1,26 1,18 1,09 1,0 0,89 0,78 0,63 0,45

Ондай бөлімнің ұзындығы 10 м артса, онда, ауада тартылған кабелдер кестесіндегі бойынша, ұзақ мерзімдік жүктемені ауаның есеп жүргізген орташа 25 °С температурасына арнап қайта есептейді, топырақтың температурасын 15 °С-ге есептеп түзету еселігіне көбейтеді. Кабелдің қалыпты кернеуі, 3, 6, 10, 20 кВ-ға дейін, түзету еселігі 1,09; 1,12; 1,13; 1,18.

Кесте-4.3. Жер астында қатар қосылуы, құбырдағы, құбырсыз кабелдердің түзету еселіктері

Ара қашықтық мм Кабелдер саны

 1 2 3 4 5 6

100 1,0 0,90 0,85 0,80 0,78 0,75

200 1,0 0,92 0,87 0,84 0,82 0,81

300 1,0 0,93 0,90 0,87 0,86 0,85

Одан кейін, құбырдағы кабелдер үшін (жердегі) алғашқы жүктемеге топырақтың нақты температурасын көрсететін түзетулер алады.

Қалыпты жағдайда, тиесілі жүктемеден төмен жүктемесі бар, кернеуі 10 кВ-ға дейінгі кабелді желілерді, қысқа мерзімге, артық жүктеуге рұқсат етіледі (4.4-кесте).

Кесте-4.4. Кернеуі 10 кВ-ға дейінгі кабельдерді асыра жүктеу шегі

Шамалау жүктемесінің еселігі Тарту тәсілі Қалыпты жағдайдан артық жүктеу, оның ұзақтығы

  Қалыпты тәртіпте Апатты тәртіпте

  1,5 2 3 1 3 6

0,6 жерде 1,35 1,30 1,15 1,50 1,35 1,25

0,6 ауада 1,25 1,15 1,10 1,35 1,25 1,25

0,6 құбырда (жердегі) 1,20 1,10 1,0 1,30 1,20 1,15

0,8 жерде 1,20 1,15 1,10 1,35 1,25 1,25

0,8 ауада 1,15 1,10 1,05 1,30 1,25 1,20

0,8 құбырда (жердегі) 1,10 1,05 1,0 1,20 1,15 1,10

Апаттық тәртіпте, кабелді желілерді ең көп жүктемемен, бес тәулікке дейін ұстауға болады. Эксплуатациялауда 15 жылдан артық болған кабелдердің жүктемесін кестеде көрсетілген шамадан 10%-ға азайту керек. 20…35кВ-тық кабелдерді артық жүктеуге рұқсат етілмейді.

Есептелген жүктемелік мәнімен салыстырғанда ұзақ уақыт шекті жүктемеге шыдау мүмкіндігін білу үшін, эксплуатациялау барысында, кабелдің жылу тәртібін бақылап отыру ұсынылады. Ол үшін, кабелдердің металл кабелтарының температурасын t_қаб өлшейді, ал содан кейін, кабел тарамдарының температурасын T_т мына өрнек бойынша анықтайды:

T_т=t_қкб+〖∆t〗_к,

мұндағы 〖∆t〗_к – температураның, кабелден кабел тарамына дейінгі өзгеруі;

Температура өзгеруін 〖∆t〗_к төмендегі өрнек бойынша анықтайды:

〖∆t〗_к=(I_(ө.ш) nρS_к)/100q ,

мұндағы I_(ө.ш) – кабелдің өлшенген шекті жүктелімінің ұзақтығы, А; n – кабелдегі тарам саны; ρ – тарамның температурасы кезіндегі, мыстың меншікті кедергісі Ом∙мм2/м; S_к — оқшаулағыштың жылу және кабелдің қорғаныш қаптауының қорытынды кедергілері, град∙см/Вт; q – кабел тарамы қимасының ауданы, мм2.

Жылу өзгеруін 〖∆t〗_к номограммалар бойынша өлшеуге болады. Өлшеу қорытындысы бойынша тарамдардың температурасы T_(т.ш) шектегіден төмен болса, онда, кабелдің жүктемесін мына өрнекпен анықтайды.

I_(рұқ.ет.)=I_м √((T_(т.ш)-t_0)/(T_т-t_0 )),

мұндағы t_0 — қоршаған ортаның температурасы.

Кабелдердің температурасын ең қолайсыз жағдайларда өлшеуді ұсынады: ең көп жүктеме мен қоршаған ортаныңең жоғары температурасы кезінде. График бойынша кабелдік желінің жүктемесі бір қалыпты болса, кабелтың температурасын тәулік бойы, әрбір 1…2 сағатта, өлшеп тұру жеткілікті. Егер жүктелім графигі бір қалыпты болмаса, кабел қабыршығының температурасын тәулік бойы әрбір 1…2 сағат сайын, сонымен бірге, жүктелу мәні мен желінің кернеуін де өлшеп тұрады. Алынған мәліметтер бойынша кабел кабелының тәуліктік температурасы мен жүктелімнің кестесін (сызады) тұрқызады. Кабел тарамдарының температурасын тұрғызғанда t_қаб үшін, кесте бойынша тарам температурасының ең жоғарғы мәнін алады, ал Ім- үшін жүктеме тоғыныңекі сағат ішіндегі ең жоғарғы мәнін (бұл мәндер уақытша ығысуы мүмкін) алады. Туннел-арықтарда тартылғанкабелдер үшін, қоршаған ортаның температурасын кірер және шықар жерде өлшейді, жерге төселген кабелдер үшін, шеткі кабелдерден 3…5 м қашықтықта, кабел қосылуы тереңдікте өлшейді.

Таратқыш құрылыстан шығатын жауапты кабел желілеріндегі жүктеме тоқты бақылауды – қозғалмайтын өлшеу аспаптарымен кезекші қызметші жүргізеді, көрсеткішін тәуліктік (журналға) тізімге жазып қояды. Көрнекті болу үшін, қалғандағы амперметрлердің бөліктерінде желідегі тоқтың шекті шамасын қызыл сызықпен белгілеген. Кезекші қызметкер жоқ болса, кабел желінің жүктелуі жылына 2…3 рет мерзімдік: жазда бір рет және күзгі — қысқы кезеңде, ең көп мөлшері бойынша 1…2 рет мерзімдік бақылаудан өтеді.

Жүктемдік тоқпен бірге кабелді желінің жұмысшы кернеуін де өлшейді, қалыпты жағдайда, ол үйлесімді шамадан 15%-да көп артпауы керек. Кабелді желінің жүктеме тоғын, жұмысшы кернеуін, температурасын нәтижелерінің бақылау негізінде, инженер-техник қызметкерлер кабелді желінің үнемді, апатсыз жұмысын қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *