Кабелді желілердің сенімді жұмыс жасауы, көп жағдайда, кабел жолдары мен кабелдердің күйін бағылап отыруға, бақылау, мерзімдік аралау, қарап шығуға байланысты. Туннелдер мен жерге төселген кернеуі 1 кВ-тан жоғары кабелдер жол арнасын жүйелі түрде, уағтылы бағылап отыру жергілікті нұсқаулар негізінде, кемінде 3 айда бір рет, ал шеткі муфталарды 6 айда бір рет, кернеуі 1 кВ-ға дейінгі кабел желілерін жылына бір рет қарап шығады.
Кабел желілерін қарап шығу уақытын, жергілікті жағдайға байланысты, инженер-техник қызметкерлер белгілейді. Желілерді кезектен тыс бақылау, көктемгі қар еріп қосылуыда, сең жүргенде, су тасығанда, нөсер жаңбырдан кейін және күзгі жауын-шашыннан топырақтың жүмсарып, су шәйіп кеткендіктен кабелдер зақымдануы мүмкін кезінде, ұйымдастырады.
Байқау кезінде:
— кабел желілерінің жолында кабелге зиян келтіретін, олардың арықтарды, жыраларды, жарғабағтарды қиып өтетін жерлерінде су шайып кету, түсіп кету, бекітілген жерлерде ақаудың т.б. болмауын;
— желінің жол арнасында сақтандыру плакаттарының үнемі болуын, олардың күйін, желінің жол арнасында Бағдар — қазықтың болуын;
— кабелдердің ғимараттардың қабырғасы, немесе электр беру әуе желілерінің тіреулері арқылы өтетін жерлерде кабелдердің механикалық зақымданудан қорғалуын, шеткі муфталардың қаптауында жаншылудың, жапырылу мен тесіктің және т.б. болмауын;
— кабел желісі теміржолды қиып өтетін немесе темір жолмен қапталдаса өтетін жерлердегі электрленген темір жолдары рельстерінің түйіскен жерлерінің маңын, екі жақын ан кемінде, 100 м қашықтықта қарап өту керек.
Аралау кезінде, сондай-ақ, ашыққа немесе судың ішіне салынған кабелдерге, кабел құдықтарына да (коррозияға қарсы қаптаманың күйіне, маркерлерінің бар екеніне және т.б.) көңіл аудару керек.
Кабел желілерінің жоларнасын аралап, қарап шыққанда ұшырасқан барлық ақауларды журналға жазады. Дереу түзетуді керексінетін ақаулар туралы аралаушылар тездетіп тікелей басқарушыға хабарлауға міндетті. Инженер-техникалық қызметкерлер журналды қарай отырып шара қолданудың қамын жасап, уақытын белгілейді де, кабел желісінің сенімді жұмыс атқаруын қамтамасыз етеді.
Аралау кезінде жоғары кернеулі электр желілерінде еңбек қорғау ережесінің сақталуын тексереді, жер қазу, кабел желісін эксплуатациялаушы мекеменің келісімі мен рұқсатынсыз жүргізіліп қосылуы жағдайда жұмыстарын дереу тоқтатады, ережені бұзғандығы туралы акт жасап, инспекцияның болмаса милиция органдарыныңөкілдерін шағырады.
Кабел желісі өтетін жерге жақын маңайда, эксплуатациялайтын үйыммен келісім бойынша, атқарылатын жұмыстар жобасында кабелдерді сақтау жөнінде шаралар қаралу тиіс.
ПТЭ-ге сәйкес жер қазатын машиналар кабелден 1 м қашықтықта, топырақ уататын балғалар кабелдің үстінде 0,4 метрге дейін тереңдікте, үрып кіргізетін сыналы және т.б. тоқпақтауыш мәшинелер, кемінде 5 м қашықтықта ғана жұмыс жасай алады. Қысқы уақытта, кабел орналасқан аймақта, топырақты жылытып барып жұмыс жасағанда, жылу көзімен кабелді зақымдамау үшін, топырақ қабатының қалыңдығы 250 мм-ден кем болмауы тиіс.