Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын эксплуатациялау

1. Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларының құрылғыларына қойылатын жалпы талаптар

2. Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын техникалық эксплуатациялау.

1. Жарық беретін және сәулелендіру қондырғыларын эксплуатациялау

Электр жабдықтарының ішінде жарық беру және сәулелендіру қондырғылары электр энергиясы саласында, тұтынатын барлық электр энергиясының 10% ғана алғанымен, кеңінен қолданылады. Электрмен жарықтандыру басқада құрылғылармен бірге жұмысшыларға қолайлы жағдай жасайды және еңбек өнімділігіне оң әсер етеді, көптеген технологиялық процестердегі ұтымды тәртіптерді сақтауға және өнім өндіруді арттыруға мүмкіндік туғызады.

Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын эксплуатациялау, жарықтандыру мен сәулелендіру тәртібін сақтау, электр энергиясының шығынын азайту және олардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту ұйымдастыру және техникалық шараларды жүйелі түрде іске асыруға байланысты. Ескірген жарықтандырғыштар мен шамдарды уақытылы айырбастау. Эксплуатациялау қызметкерлері, жүйелі түрде, жарық көздерінің, озық түрлерін ендіріп отыруы, демек, жарықтандыру электр қондырғыларын толықтырып отыруы тиіс. Қыздыру шамдарын люминесцентті, газразрядтты, қуаттылығы бірдей жағдайда жарық ағыны 5…6 есе көп шамдармен ауыстыру жұмыс оның жарықтандыруды арттырып, электр энергиясын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, жарықтандыру жылына 2700 сағат болатын, басқару ғимараттарында, қуаттылығы 300 Вт бір қыздыру шамын қуаттылығы 100 Вт-тық сынап шамымен ауыстыру, жылына 186 кВт сағат қуат үнемдейді. Жарықтандыру деңгейі өзгермейді, шамның қызмет мерзімі 4…5 есе артады. Эксплуатациялау барысының соңында қыздыру шамдарының жарық ағыны 15%-ға, люминесценттікі 45, ал ДРЛ түріндегінікі 30%-ға төмендейтіні есте болуы керек. Шамдарды уақытылы айырбастамау, қондырғыға жаңадан жарықтандыру нүктесін орнатуды қажет етеді және тұтынатын қуатты көбейтеді. Жарықтандыру қондырғыларының жұмысын автоматтандыру, бірсыпыра оң әсер береді: электр энергиясы үнемделеді, шамның қызмет мерзімі ұзарады, жарықтандыру тәртібін үйлестіреді және т.б. Сыртқы жарықты реттеу үшін фоторелелер қолданылады. Бұл аппараттарды түнгі уақыттарда, үзбей жарықтандырып тұратын қондырғыларға және кезекші жарықтандыруды реттеуге пайдалануға болады. ЕС, 2РВМ бағдарламалық уақыт релесінің көмегімен негізгі және кезекші жарық қосудың ұтымды циклін, нысандағы технологиялық процестермен үйлестіріп отыруға болады. Жарықты басқаруды орталықтандыру үшін, төмен вольтты әуе өткізгіштерімен импульсті теле басқару қорабы жасалған.

Жарық беру жүйелерінде қалыпты кернеуді ұстап тұру. Электршамдары, оның ішінде, қыздыру шамдары, кернеудің ауытқуына өте сезімтал. Кернеу төмендесе, жарық беру күрт төмендейді (3 және 6-дәрежелі өлшемдес), ал көбейгенде шамдардың қызмет мерзімі апатты түрде төмендейді (14 дәрежелі кернеуге кері өлшемдес). Егер кернеу қалыпты шамадан 10% жоғары болса, шам 1500 сағаттың орынына 300 сағат, егер 15% артса 90 сағат ғана, демек бір апта ғана, істейді. Жарықтандыру желілерінде күш трансформаторларын уақытылы реттеу үшін, кернеуге әртүрлі: автотрансформаторлы, тиристорлы немесе резисторлы шектеулер қойылады. Олар шамдар тобына кернеу тұрақтандырғыш немесе шектегіш ретінде, қызмет ете алады. Мысалы, кернеуі 380/60 В жарық беру желісіне төмендеткіш автотрансформатор қорабымен қосылған үш фазалы ТС-1,5 трансформаторы қуаттылығы 15 кВт шамдар тобының кернеуін 10% төмендетуді қамтамасыз ете алады.

Шағылысатын және әйнектелген беттерді таза ұстау. Электржарықтандырғыш қондырғыларының жұмыс тиімділігі, ғимараттың төбесі мен керегелерінің шағылысатын беттерінің, шамдар мен жарық бергіштердің беттерінің, сондай-ақ, бөлме ішінің тазалығына байланысты. Мысалы, бөлменің, ғимараттың төбелері, ағартылса, шағылысу 75%, ал бетін шаң басқан жердің шағылысуы, 10%-дан аспайды. Бөлмелердің, ғимараттардың ішкі беттерін шаруашылық қызметкерлері қажет болған жағдайларда тазартады. Жарықтандырғыштарды электрмонтерлер (тоқты ажыратып тастап) жуады. Шаң көп бөлінетін жерлерде жарықтандырғыштарды айына екі рет жууға кеңес береді, шаңдануы орташа (шеберхана және т.б.) жерлерде екі айда бір рет, көп шаңданбайтын, жарық сырттан түсетін жерлерді қажеттігіне қарай, бірақ, 4 айдан асырмай бір рет жуады. Инфрақызыл қыздырымды сәулелендіргіш қондырғыларды (ССПО1, ЛитвИКО, ОРИ, ЭО, ОРК-2,ОУ-4 және басқалары) эксплуатациялау, бактерицид әсерлі (ОБУ, ОБИ, ОБНУ және т.б.), сондай-ақ, аралас сәулелендіргіштердің (ИКУФ, әЛучң және т.б.) өз ерекшеліктері бар. Солда бар нұсқаулар бойынша, әр қондырғыға кесте жасап, жұмыс тәртібін белгілейді. Уфиметрмен сәулеленуді бақылайды. Шығатын ультракүлгін радиация, шамға берілген кернеуге байланысты, ауытқуы 5%-дан артқан жағдайда, сәулелендіру тәртібіне түзету енгізеді. Әдетте оны тәжірибе арқылы жасайды, демек, уфиметрдің көрсетуі бойынша, нақтылы қондырғыға, ұтымды жұмыс тәртібін таңдап алады.

Шамның ескіруіне қарай сәуле ағыны азаяды, соған байланысты, күндік сәулелендіру мерзімі үлғаяды. Егер, шамның сәулелендіру ағыны 30%-дан артық азайса, оны ауыстыру керек.

Сәулелендіргіш қондырғылармен жұмыс жасағанда, арнайы сақтық шараларын қолдану: еденнен 2 м-ге дейінгі сәулелендіруді азайту, шамға қалған (экран) қою арқылы, озон мен азот тотығын шығару үшін, бөлмені ауық-ауық, мерзімді түрде, желдетіп отыру, қызметшілер денесінің ашық жерлерін сәулеленуден қорғау және әйнегі түтін түсті қорғаныс көзілдірік пайдалану керек.

Сәулелендіру қондырғыларын эксплуатациялау дегеніміз, олардың тиісті сенімділігін қамтамасыз ету үшін, техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуді уақытылы жүргізу.

Сәулелендіру қондырғыларына техникалық қызмет, 3…6 айда бір рет, технологиялық үзілістер кезінде жүргізіледі.

Техниалық қызмет көрсетудің құрамына: жарық деңгейін өлшеу, шаң-тозаңнан тазарту, жұмыс қабілетін тексеру, шамды ауыстыру, түйіспелері мен патронны сапасын тексеру, босаған тетіктерін тарту, шырақтың қабының нөлдік сымға жалғануын тексеру т.с.с кіреді. Газразрядты шамдары бар шырақтардың қосу тетіктерін тексеру қажет.

Ағымдағы жөндеу жоспарлы түрде, 12-24 айда бір рет, тұрған орнында немесе шеберханада жүргізіледі.

Барлық шырақтар мен сәулелендіргіштерге ортақ төмендегі операциялар орындалады: шырақтарды бөлшектеу, ақауын анықтау және жөндеу, шағылысу беттерін қайта бояу, сұлбасын қайта жинау, шамдар мен өткізгіш сымдарының кедергісін өлшеу, қайта жинау, тексеру, жарық деңгейін өлшеу.

Электр техникалық қызмет көрсету жұмысшылары газразрядты шамы бар шырақтарды жөндегенде, резистордың, конденсатордың жұмыс қабілеті мен сапасын тексереді. Қосу аппаратын, қажет болса жөндеп, қайта қосады.

Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларының сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін, қыздыратын шамның – 100%, газразрядты шамның — 20%…40%, патронның — 2%, стартердің — 6%, дросселдің — 3%, сақтандырғыш шынының — 12%, тығыздау құрылғысының — 20% резерві болуы керек.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *