Басқару, қорғау аппараттарын және автоматика құрылғыларын эксплуатациялау

1. Қабылдау-өткізу сынауларының нормалары

2. Электронды және микропроцессорлық жүйелерді эксплуатациялауға қойылатын жалпы талаптар

3. Басқару, қорғау аппараттарына және автоматика құрылғыларына техникалық қызмет көрсету

4. Жартылай өткізгіштік құрылғыларды эксплуатациялау

5. Басқару, қорғау аппараттары және автоматика құрылғыларының эксплуатациялық сенімділігін арттыру.

1. Қабылдау-өткізу сынауларының нормалары. Жалпы ережелер

Өндірісте қолданылатын қорғау және басқару аппаратурасының атаулық тізімі ұзын: Р типті ажыратқыштар-ағытқыштар; РБ — бүйірінде тұтқасы бар; РПБ — жетегі бүйіріне орналасқан, РПЦ — орталық жетегі бар;

П типті ауыстырып-қосқыштар-ағытқыштар: ППБ — жетегі бүйіріне орналасқан, ППЦ — орталық жетегі бар;

Екі жағдайда ашық тұратын, бір нөлдік жағдайы бар ауыстырып-қосқыштар: ПП — реверсивті, ВГИ, ГПВ — герметикалық (тығыз жабылатын);

ПВ, ПК типті ашық ажыратқыштар: ВПК — қорғалған, ВГП, ГПВ – герметикалық (тығыз жабылған);

Сақтандырғыштар: НПН типті жабық әйнек патрондар; фарфордан жасалған бөлшектелетін – НПР, ПНР; ЦД, ЦДС, ПНБ және ПРС түріндегі патрондар; АВМ сериалы автоматтар: тәуелсіз Н түріндегі, минималды М түріндегі; А 3100 сериалы автоматтар; Э – «электрон» түріндегі автоматтар; Максимал тоқты ажыратқыштар жартылай өткізгіштен, электрмагниттен немесе термиялы-биметаллдан жасалған тоқ шектеушісі бар А3700 түріндегі автомат; ПМЕ, ПМА, ПАЕ түріндегі магнитті іске қосқыш.

Эксплуатациялауда шетелдерде шығарылған аппаратуралар кездеседі. Мысалы, Польшада шыққан іске қосушылардың СТ(3), ВСТ2ПЛС, ВСТ2С, ВСТ2(3)СР, ВСТ5АЛС сияқты түрлері бар.

Аппаратураның сенімділігін арттыру үшін, оған эксплуатциялау кезінде, жоспарлы түрде техникалық қызмет көрсетіп тұру керек. Мұндай қызметтер технологиялық жағынан күрделі емес, аса көп қаржы тілемейді. Бөлгіштер ұзақ уақыт қозғалыссыз тұрса, топсаларында тотығу қабыршақтары пайда болады. Бөлгішті тазалау үшін, оны бірнеше рет қосып ажыратса болғаны. Қаптамалы ажыратқыштарды ауық-ауық қарап шығып, шаң мен тозаңнан тазартады, олардың қосылуы мен ажыратуын, сондай-ақ, қызу дәрежесін тексереді.

Магнитті іске қосқыштарда, қызудан қорғанышы мен оның қуатының және тоғын қабылдағышпен сәйкестігін тексереді. Түйіспелер мен магнитті іске қосқыштарда, қосылғаннан кейін гуіл болмауы керек, гуіл магнит жүйесі жағдайының дұрыс еместігін білдіреді. Аппаратураның оқшаулағышы мен түйіспелерін қарап, тиісті өлшеулер жасап тұрады. Өндірісте, қорғау мен басқарудың жартылай өткізгішті аппаратуралары қолданылып жүр. Магнитті іске қосқыштардың орынына, тиристорлы іске қосқыштар, мысалы СБ-160 күш блогы қолданылады. Ол үш фазалы күш желісін, екі бағытқа, белсенді және белсенді-индуктивті жүктемеге, қолмен немесе автоматты түрде, түйіспесіз өзгертуге арналған. Тоқтың бағытын жүктеме арқылы өзгертуді іске асыратын күш элементтері ретінде, қарама-қарсы қатарласа қосылған, кремнийден істелген, басқарылатын тиристорлар қолданылады. Тиристорлар, әр фазада, артық жүктелу мен қысқа тұйықталудан балқыма қыстырма арқылы қорғалған. Блоктың жұмысы туралы белгі беру үшін, неонды шам қолданылады. Жүктеме ағытулы кезінде (тиристордан тоқ өтпейді) шам жанбайды, ал қосылған кезде жанады.

Блоктың қосып-ажырату саны шектеулі. Блок арқылы кез-келген құрылғыны (реттеуішті), мысалы бір фазалы қабылдағышты, басқаруға болады. Бұл жағдайда басқару элементін, ол бағытын өзгертуге тиісті тізбектің клеммаларына (сым ұстатқыштарына) қосады.

Жартылай өткізгішті қорғаныш және басқару аппаратурасына техникалық қызмет көрсету дегеніміз, оны ауық-ауық сырттай қарап шығу. Аппаратураны арнайы шеберханаларда жөндейді. Аппараттың кемшілігі – бағасы қымбат.

2. Басқару және қорғау аппараттарын, автомат құралдарын сынау және реттеу

Басқару және қорғау құралдары мен жүйелеріне қызмет көрсету дегеніміз, оларды күнделікті бақылау, тексеру, қажет болса жөндеу және реттеу.

Басқару аппараттарын: магнитті қосқышты, контакторларды, релелерді тексергенде, ең алдымен, олардың жобаға сәйкес екендігін тексеру керек, сонан кейін олардың негізгі (күштің), қосымша (басқару) түйіспелерін, магниттік жүйесінің элементтерін тексереді. Шарғылардың , түйіспелерінің кедергісі нормаланбаған, бірақ сынағанда 1 МОм-нан кем болмауы керек.

Аппараттардың электрлік төзімділігін 1 кВ синусоидалы кернеуді 1 мин ішінде беру арқылы сынайды. Сынақ кезінде шарғылардың тұрақты тоққа кедергісі өлшенеді. Егер оның кедергісінің айырмашылығы, өзінің номинал мәнінен 10…15% ғана айырмашылық болса, ол жұмысқа жарамды деп саналады.

Аппараттардың механикалық бөлігін реттегенде, оның түйіспелерінің сапалы түйісуін, болттары мен гайкаларының, винттерінің дұрыс тартылуын тексереді. Зақымданғанын ауыстырады. Диодтарға қызмет көрсету дегеніміз олардың кедергісін тексеру. Диодтардың кедергісін өлшегенде тура және кері бағыттағы кедергілері бөлек өлшенеді. Жазық диодтың тура кедергісі 20…50 Ом болуы керек.

Терморезисторларға қызмет көрсету – оларды мезгілінде қарап, тазартып, жалғанған сымдарын, қорғау қабыршықтарын тексеру. Терморезистордың оқшаулағышының кедергісі 20 МОм болуы керек.

Термопараларды сынау – олардың градуировкасын тексеру.

3. Батырмалы электрқозғалтқыштарды автоматты түрде басқару мен қорғау жүйесін эксплуатациялау

Өндірісте терең (шынырау) құдықтардан, жерді құрғатуға қазылған арықтардан су көтеруге арналған, ортадан тепкіш сораптар және ШЭП 5302-У2 үштастырмай басқару станциясы бірге, қуаттылығы 1…11 кВт-тық батырмалы электрқозғалтқыштарды басқару үшін, САУНА (сорап агрегатының автоматты басқару станциясы), және БОН 9200 сериялы басқару блогы бар, қазіргі заманғы, кешенді құрылғы «Каскад» (қуаттылығы 1…65 кВт электрқозғалтқыштарды басқару мен қорғауға арналған) пайдаланылады.

«Каскад» құрылғысы мынадай қызмет атқара алады:

— құдықтағы немесе су мұнарасындағы судың деңгейіне байланысты, сорғышты автоматты түрде қосып – ажырату;

— су мұнарасындағы немесе құдықтағы судың қысымына, деңгейіне байланысты, сорғышты 15 минуттен кейін автоматты түрде су көтеруге қосып, белгілі уақыттан кейін, бірақ, (қысым бойынша автоматты басқарылатын құрылғы үшін) 90 минуттен асырмай, тоқтату;

— сорапты қасында тұрып немесе алыстан қосу ;

— сораптың белгілі төменгі 2…3 с, жоғары шегі бойынша 20 с уақыттан кейін автоматтың өздігінен қосылуы;

— артық жүктелгенде, қысқа тұйықталған және фазасы толық болмаған кезде, сорапты ағытып тастау;

— құдықтағы судың деңгейі, бақылаудағы шамадан төмендеп кеткенде, сорапты автоматты түрде ажыратып тастау;

— «құрғақ жүрістен» сақтау (қуаттылығы 4,5 кВт және одан жоғары электроқозғалтқыштармен жетектелген құрылғылар үшін);

— қорғау қосылғаннан кейін, сорапты, автоматты түрде қайта қосуды болдырмау;

— сораптың апатты ажыратылғанын көрсететін, жарықпен берілетін белгінің, іске қосылуын қамтамасыз ету (тұйықталу немесе фаза толықсыздығынан ажыратқан кезден басқа жағдайда);

— фазалардың бірінде сораптың жүктелуін бақылайды;

— апат белгісін құрылғы аумағынан сырт жерге беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

— кернеу, қысқа мерзімде болмай қалып, қайта пайда болғанда, сораптың өзі қосылу уақытын сақтап қалуды қамтамасыз етеді. «Каскад» басқару жәшігінен, түрлендіріп бергіштерден (датчик), «құрғақ жүріс түрлендіріп бергіші» (датчик сухого хода) электртүйіспелі манометрден тұрады.

Жәшіктің ішіне қосу-қорғау аппаратурасы орнатылған (сораптың күйі және логика бөлімдері), «құрғақ жүріс түрлендіргіші» металл шыбықша түрінде жасалған, өткізгіштермен қосылған жерлері полиэтилменен пресстелген. Деңгей түрлендіріп-бергіші екі «құрғақ жүріс түрлендіріп-бергішінен» құралған. Деңгейі бойынша автоматты басқару құрылғысының сорапты қосу «құрғақ жүріс түрлендіргіш» түйістіргішінен берілген белгі бойынша орындалады. Қысым бойынша автоматты басқарылатын құрылғылар үшін, сорапты қосу, су қысымын өлшейтін түрлендіріп бергіш – электртүйіспелі манометрден берілген белгі бойынша атқарылады.

Басқару мен қорғауды күйіне келтіру реті «Каскад» құрылғысының төлқұжатында келтірілген. Құрылғыға техникалық қызмет көрсету дегеніміз, мерзімінде, оның қосылған жерлерінің босағанын бекітіп, ұзақ тұрып қалғаннан кейін, жұмысқа қосар алдында, мұқият қарап шығу.

Желіден қысқа тұйықталу салдарынан ажыратылған сайын, алты айда бір рет, ажыратқыштарды тотықтанудан және метал шашырандысынан тазартады, винттерінің тартылғанын, серіппелерінің бүтіндігін және түйіспелерінің жағдайын тексереді. Ажыратқыш механизмінің топсасы, мерзімінде, аспап майымен майлайды. Мерзімінде реле түйіспелерінің күйін, винттерінің және іске қосқыштың гайкаларының тартылуын тексереді. Түйіспелердің бетін бензинге немесе спиртке аздап шыланған шүберекпен сүртеді. Маусымдық сақтық бақылауын өткізеді және деңгей өлшегіш түрлендіріп-көрсеткіштерді (датчиктерді) жылына екі рет тазалайды.

4.12.-кестеде, сораптарды басқару құрылғыларының негізгі ақаулары мен оларды жою жолдары көрсетілген. «Каскад» құрылғысы қорғанышты, тоқ мөлшеріне қарай, мына уақыт ішінде іске қоса алады, тоқ 1,35Ін болса – 10…30 с; тоқ (1,7…2,0)Ін болса және фазалардың біреуі үзілген жағдайда – 10…25 с, тоқ Іп болса 3…5 с, тұйықталу тоғы кезінде дереу және «құрғақ жүрісте» 0,5 с-тен аспайтын уақытта.

4.12-кесте.

Негізгі ақаулар және оларды жою жолдары

Ақау Негізгі себептері Жою тәсілдері

Басқару блогында қорғаныштар күйген Басқару қорабында қысқа тұйықталу. Тұйықталуды жойып, қорғанышты ауыстыру

Электр сорапты апатты жағдайда ажыратқанда апат белгісін беретін шам жанбайды. Белгі беретін шам күйіп кеткен. Шамды айырбастау.

Апат жағдайында істеп тұрғанда, басқару жәшігі сорапты ажыратпайды. Басқару блогінің қорғаныш зақымданған. Қорғау ұясын шешіп алып, жөндеу

Сорапты автоматты қосу белгісі берілгенмен ол қосылмайды. Басқару блогінің қорғаныш ұясы зақымданған. Ұяны шешіп алып, жергілікті басқаруға көшу.

Сорапты қосу жөнінде жергілікті және алыстан қосу белгісі берілгенімен ол қосылмайды. Басқару блогінің қорғаныш ұясы зағымданған. Ұяны шешіп алып, оны жөндеу.

Логикалық бөлім құрылғысына кернеу бергенде істемейді Қоректендіру ұясы зақымданған. Ұяны шешіп алып жөндеу.

Эксплуатациялау барысында, қорғанышты жұмысға қосу, қосудың бастапқы тоғын реттеу: ток 1,35Ін болса, 25% шамасында, бірақ, мұнда жасаушы-зауыттың қорғаныш сипаттамасына кепілдік берілмейді. Қозғалтқыштың нақтылы тоғына қарай қорғанышын орналастыру былай жүргізіледі.

«Жұмыс» тәртібің ажыратып-қосқышын, жергілікті басқаруға «қосу» жағдайына қояды. Қосқыш құрылғыны ұясына орнатады.

Блоктың «қорғанышын баптау». өлшеу шегі 30 В-тық тұрақты тоқпен істейтін вольтметрді «Оң» ұясына немесе блоктың «қорғанышын баптау» ұясына қосады. «Кернеу» түймесін қосу арқылы электрқозғалтқышты қосады. «Қорғанышты орнату» потенциометрінің тұтқасын жайлап бұрап отырып, электрқозғалтқыштың ажырауына және артық жүктеліммен қорғау іске қосылуына қол жеткізеді. Жұмысқа қосылуы кернеуін аспаптың көрсетуі бойынша жазып отырады. «Кернеу» түймесін ажыратады. «Қорғанышты баптау» ұясынан жалғастырғыш құрылғыны алады. «Кернеу» түймесін қосады және кернеуі бұрын өлшегеннен 1,23 есе аз болатындай етіп «қорғанышты баптау» потенциометірінің тұтқасын керекті жағдайға қояды. Сөйтіп, мәні қалыпты тоқтың 1,35-дей болатын қажетті қорғанышты іске қосу тоғын алуға қол жеткізеді. Содан кейін «қорғанышты орнату» потенциометрінің тұтқасын токтың алынған сан мәніне қояды.

Айтылған қайта өзгертуді, электрқозғалтқыштың жұмысшы тоғының, құрылғының қалыпты тоғынан айырмасы 25%-дан артпайтын болғанда ғана, жасайды. Атап өтетін жағдай САУНА жүйесінде айтылған қайта өзгертуді жасауға болмайды, себебі, жасаушы-зауыт эксплуатациялау қызметкерлеріне логика блогін ашуға тыйым салады. Дегенмен, «Каскад»-тың құрылғысына ұқсастырып өзгертіп жасауға болады. О.Г. Мамедов пен И.А. Каримов, резистордың қорабының бірін, потенциометрмен немесе кедергілер тобымен ауыстыру арқылы, қорғанышты қайта құруды ұсынады. Бүл өзгерту арқылы ескірген САУНА жүйесін жетілдіріп, оның сипаттамасын, қазіргі шығарылып жүрген «Каскад» құрылғысына жағындатуға болады.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

1. Басқару, қорғау аппаратурасы мен автоматика ғүрылысын сынау, жөндеу дегеніміз не?

2. Батырмалы қозғалтқышы бар автоматты басқару және қорғау жүйесін эксплуатациялау туралы айтып беріңіз.

3. Қорғау және басқару аппаратурасының эксплуатациялығ сенімділігін қалай арттыруға болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *