Corel Draw12 ортада жұмыстың мінездемесі мен ерекшеліктері. Мақсаты: Corel Draw12 ортасы туралы түсінік алу.

1. Векторлық графика туралы негізгі түсініктер.

2. Corel Draw11 векторлық редактордың ерекшеліктері.

3. Құраттың параметрді құрастыру.

1) Сызықтар — векторлық графиканың негізгі түсінігі болып келеді. Түзу сызықтар негізінен қарастырылады, кейбір кезде қисық сызық қолданылады. Қисық сызықты контур деп атайды. Әрбір контур бір немесе бірнеше негізгі нүктелері бар, екі негізгі нүктелердің арасында орналасқан контурдың элементі – контурдың сегменті болып табылады. Негізгі нүктелерді жылжу арқылы контурдың түрін өзгертуге болады, олардың қасиеттері мен ескілерді алып тастау немесе жаңа байлауыштарын (узлы) қосу арқылы жүзеге асады.

Контур ашық немесе жабық болуы мүмкін. Комбинацияланған, топтастырған (группирированные) және біріктірілген операциялар контур арқылы орындалады. Комбинациялық операциядан құралған контур жаңа қасиеттерге ие болады, бірақ байлауыштары өзгермейді. Топтастыру операциядан құралған контур қасиеттерін мен байлауыштарын өзгеріссіз қалдырады. Біріктіру операциядан кейін контур жаңа байлауыштарын қосады және алғашқы контурдың қасиеттерін өзгертеді.

2) Бағдарламаның интерфейсі Windows ОЖ қосымшаға тәуелді болады, бірақ 8 –ші версиядан бастап өзінің ерекшеліктері бар. Элементтерін басқару үшін ерекше түрі — Докер (палитрамен байланыстырған ) қосылды.

Осындай палитра тышқан көмегімен орын ауыстыру кезіндегі жұмыс жақтарына жабысу қасиеттімен ерекшелінеді. Бағдарламада қасиеттер панелі бар. Оның басқару элементтерінің құрылымы алынған объекттін қолдаған кезде динамикалық өзгеріске ұшырайды.

3) Corel Draw бағдарламасы өте көп құрылымдары (настроек) бар, оның сыртқы түрі мен әр іс-әрекет өзгертуін анықталады. Осы құрылымдары параметр терезесінде орналастырған, оны ОПЦИИ – ИНСТРУМЕНТ құрал-сайман арқылы командамен ашуға болады.

Құжаттарын көрсету үшін бағдарламада 5 режимі бар:

1. Қарапайым каркас – иллюстрация каркасын бейнелеу үшін арналған. Құю (заливка) мен орамдары (обмотки) жоғалады, тек иллюстрация құрайтын контурлары ғана қалады.

2. Каркас – осы режим бастапқыға ұқсас, бірақ мұнда арнайы эффектілер бар.

3. Сызба – макет элементтерін жинақтау үшін басым пайдаланатын режим. Осы режимде төмен деңгейде кеңейтілген бейнелер демонстрацияланған объектілердің контурлары тегістелмейді, ал құюшы (заливка) түстері жобалап есептеледі. Мұның бәрі төмендетілген кеңейту мен объектілердің үлкен мөлшерде болған жағдайда да экран суретінің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді.

4. Қалыпты жағдай – бұл режим негізгі болып табылады, өйткені сапа мен жылдамдық арасында компромисс қамтамасыз етеді.

5. Кеңейтілген — нүктелік бейнелерге рұқсат беру режимі қолданылады, осы режим құжат бейнелеудің максималды сапасын қамтамасыз ететін режим.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *