Өткізгіш, кабель және бау айырмашылығы. Өткізгіш, кабель және бау ерекшеленеді:

1. Ток өткізгіш талсым материалы бойынша — мыстан, алюминді, алюминомысты.

2. Талсымның қимасы бойынша — 0,35; 0,5; 0,75; 1; 1,0; 1,5; 2,5; 4,6; 10; 16; 25; 35; 70 мм2 және т.б.

3. Талсымның есептелген номиналды кернеуі бойынша.

4. Талсым саны бойынша — бірталсымды және көпталсымды, 1-ден 4-ке дейін (бақылау кабельдері 4-тен 61-ге дейін).

5. Оқшаулағышы бойынша — резиналы, қағазды, пластмассалы және т.б.

6. Қабықшасы бойынша — резиналы, пластмассалы, металдық .

Жоғары кернеулі кабель және өткізгіш жоғары мәнді (1000В жоғары) жұмыстық кернеумен және оқшауланбаған өткізгішпен мінезделеді.Оларға ӘЖТ әуе үшін оқшауланбаған өткізгіштер, электр энергиясын бөлу және тарату үшін күштік кабельдер, электротехникалық және радиоэлектронды аппараттар элементін жалғау үшін жоғарғы вольтты монтажды өткізгіштер, сонымен қатар автомобиль және ұшқыш аппараттарды жүргізу және тұтындыру жүйесі үшін арналған өткізгіштер жатады .

Төменгі кернеулі кабельдер, өткізгіштер және баулар автоматика және бақылау жүйесіндегі алыстан басқаруды (бақылау және басқару кабельдері), электр және радиоэлектронды аппараттарды төменгі вольтты сұлба монтажды (монтажды өткізгіш және кабель), тұрмыстық аппараттарды қосу және тізбекті жарықтандыруды (қондырмалы өткізгіштер және тұрмыстық баулар) іске асыру үшін екіншілік торапта (төменгі вольтты) электрэнергиясын тарату үшін арналған .

Байланыс кабельдерін сандық (импульсті) немесе аналогиялық формада, яғни барлық байланыс өткізгіштерінде (телефонда, телевизияда, ақпарат алмасуда және т.б.) ақпаратты тасымалдау үшін қолданылады.

Жұмыстық жиілік диапазонына байланысты олар төменгі жиілікті (жергілікті байланыс), жоғарғы жиілікті (қашықтықтағы байланыс) және оптикалық болуы мүмкін.

Радиожиілікті кабельдерді кабельдік телевидения жүйесіндегі радиоаппаратураларды жалғау және монтаждау үшін, антеннамен тасымалдағыш және қабылдағыш аппараттарды жалғайтын, фидер ретінде жоғарғы жиілікті энергияны тасымалдау үшін қолданылады.

Орамалы өткізгіштерді электр өлшеуіш аспаптарға, аппараттарға, электрлік машинаға әртүрлі орама дайындау үшін қолданылады.

 Міндеті бойынша кабельдік бұйымның классификациясы үш негізгі «электрлік параметрлерге » — кернеу, ток және жиілік мәніне байланысты дайындалады.

Осыған байланысты аталған кабельдік бұйым топтарының есебі, және құрылым ерекшеліктері анықталынады. Бірақ кабельдік бұйымдарды қолданылу аймағына байланысты шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады- жалпы және арнайы міндеттегі бұйымдар .

Жалпы қолданыстағы кабельдік бұйымдарды өнеркәсіп орындарын және электртранспортын, барлық түрдегі жергілікті және алыс байланысты, сонымен қатар тұрғындарды тұрмыстық қажеттіліктерін энергиямен қамтамасыздандыру үшін қолданылады.

Жалпы міндеттегі кабельдік бұйымға мыналарды жатқызуға болады:

— сіңдірілген қағазды, пластмассалы және резиналы оқшаулағышы бар күштік кабельдер;

— ауылшаруашылығы үшін пластмассалы оқшаулағышты күштік кабельдер ;

— электрлік машина және аппараттардың шығыс орамасындағы электрлік энергияны тасымалдау үшін арналған пластмассалы және резиналы оқшаулағышты өткізгіш ;

— бақылау, басқару, дабыл және блоктау кабельдері;

— монтажды өткізгіштер және кабельдер;

-жылжымалы және тасымалды тұрмыстық электрорадиоэлектронды аппараттарға және электрқұрылғыларға жалғау үшін арналған иілгіш кабельдер, өткізгіштер, баулар; электрлік транспорт үшін арналған кабельдер және өткізгіштер .

Арнайы міндеттегі кабельдік бұйымдар жалпы қолданыстағы бұйымдардан ерекшелігі оның арнайы талаптарпында, яғни әртүрлі салада немесе арнайы климаттық әсер шартында қолданылуы.

Арнайы қолданыстағы кабельдік бұйымдарды келесі негізгі топтарға бөлуге болады:

 — жерді қазу және ашық тау жұмыстары үшін қолданылатын жылжымалы механизмді қоректендіретін кабельдер;

— шахталық кабельдер және өткізгіштер;

— газ мұнайлы өнеркәсібі үшін арналған кабельдер;

— геофизикалық жұмыстар үшін арналған өткізгіштер және кабельдер;

— авиациялық және космостық техникалар үшін арналған өткізгіштер және кабельдер;

— қыздыратын кабельдер, өткізгіштер және баулар;

— әртүрлі техника аумағы үшін арналған арнайы кабельдер және өткізгіштер.

Қозғалмалы механизмді қоректендіру үшін арналған кабельдер жердің беті арқылы орын ауыстыру шартында жұмыс жасайды, яғни жердің бірқалыпты еместігіне байланысты, оларда механикалық созылуға соққы және жоғалатын жүктемеге беріктік, иілгіштік, сонымен қатар жоғары ылғалдылық және химиялық беріктік қасиеті болуы керек. Қуатты энергосыйымдылықты механизмдерді қоректендіретін болса, онда мұндай кабельдер жоғары вольтты (35кВ дейін) болуы тиіс және орын ауыстыру шарты кезінде механизм корпусын жерлендірумен қамтамасыз ету үшін қосымша талсымдар болуы керек.

Шахталық өткізгіштер және кабельдерді көмір комбайндарын және басқа да арнайы техникаларды қоректендіру үшін, сонымен қатар жарықтандыру, басқару және дабыл, түрлі электр аппараттарды монтаждау және жергілікті байланысты ұйымдастыру үшін қолданылады. Бұл кабельдік бұйымдар шектелген бос кеңістік шартында жұмыс жасайды. Штрекалы дөңгелек транспорты арқылы орын ауыстыру кезінде төселген кабельді басып кету немесе локальды құлау түрлерінде ақау болуы мүмкін. Шахтадағы өрт қауіпті газды ескере отырып, кабельдің зақымдалуын болдырмау керек, яғни шахталы кабельдер жоғары иілгіштік, жоғары механикалық беріктік (бастырылуға және соққыға беріктік), жанғыш емес, өрт қауіпсіздікті болуы керек.

Осы жағдайға байланысты кабель конструкциясында оқшауланған талсым арасындағы арнайы қысқартылған кәсіби өзекшелер қолданылуы қарастырылады. Сонымен қатар алдын ала айыру жүйесін құру үшін арнайы конструктивті элементтер (экран, қосымша талсым) қарастырылады, бұлар механикалық ақау кезінде кабель талсымын тұйықталу моментіне дейін қамтамасыз етеді. Шахталық кабель материалы ретінде жануды шектейтін резина және поливинилхлоридті (ПВХ) пластикаттар қолданылады.

 Мұнай газды өндірістегі кабельдер мұнай құбырын бұрғылау кезінде қолданылатын, мұнай бұрғылау және мұнай алу үшін қолданылатын тереңдетілген насос электрқозғалтқышты қоректендірумен қамтамасыз етеді. Бұл кабельдерде жоғарғы иілгіштік, радиалды герметика, агрессиялы ортаға беріктік, вибрация шартында жоғарғы гидростатикалық қысым болады .

 Геофизикалық жұмыс үшін арналған кабельдер және өткізгіштерді скважинаны, бурящихся на нефть, газ, көмір, руда және басқа да қазбаларды зерттеу кезінде, сонымен қатар әртүрлі әдістегі полевой геофизикалық жұмысты жүргізу кезінде қолданылады. Оларды екі топқа бөлуге болады: терең құбырдағы жұмысы үшін арналған жүк көтергіш кабельдер және полевой геофизикалық жұмысы үшін арналған өткізгіштер және кабельдер.Жүк көтермелі кабельдердің ерекшеліктері құбырдың тереңдеуіне байланысты жоғары температура және қысым кезінде әртүрлі бұрғымалы құйманы құбырдың белгілі бір тереңдігіндегі жұмысында. Бұл кабельдер кабельді түсіру және көтеру кезінде пайда болатын механикалық әсерге және қатты соққыға, сонымен қатар соңына ілінетін аспап массасы және өзіндік масса әсері кезіндегі (маңызды) үзілу жүктемесіне шыдау керек.Мұндай кабельге механикалық беріктікті диаметрі 0,8… 1,3 мм болатын екі повивті жоғары беріктікті болат қорғасынды сым түріндегі сауыт, сонымен қатар болат мысты ток өткізгішті талсымды қолдану арқылы береді.

Талап етілетін қызу төзімділігіне байланысты оқшаулағыш материалы ретінде резина, полиэтилен немесе балқымалы фторпласттар қолданылады, ал қабықша үшін-мұнай май төзімділікті және жылу төзімділікті резина немесе қызу төзімділікті пластмасса, мысалы балқымалы фторпласттар қолданылады. Бұл кабельдердің тағы бір ерекшеліктерінің бірі оқшаулағыш және талсымның арнайы талаптар бойынша анықталынатын жоғарғы жиілікті қасиеті ақпаратты сигналдарды аппаратурадан құбырға, тасымалдай алатындығы және құбыр тереңдігіне сәйкес үлкен құрылыс ұзындығындай етіп шығарылуы болып табылады.

Авиациялық және космостық техника үшін арналған кабельдер және өткізгіштер борттық торапты, әртүрлі радиоэлектронды аппараттар және аспаптар монтажы, сонымен қатар космостық аппарат және ракета, самолет қосылуын және жіберілу жүйесін қамтамасыз етеді. Бұл кабельдік бұйымға қойылатын негізгі арнайы талаптар: аз масса, жанбайтын қасиет, терең вакуум әсеріне төзімділік, соққы, вибрация, ионизациялық сәуле шығару, температура кезіндегі циклдік өзгеру, сонымен қатар жоғарғы қызу төзімділік, салқынға төзімділік жіне жоғарғы сенімділік. Кабель және өткізгіш конструкциясының кішірейтілуі, яғни өлшемінің кішкене болуы (ток өткізгіш талсымның қимасы), оқшаулағыштың қызу төзімділігіне талаптар қойылады, сондықтан мұндай бұйымдарда әртүрлі фторпластты және жылуға төзімді резиналар (кремний органикалық каучук және фтор каучук негізінде) пайдаланады.

Кемелік кабельдер және өткізгіштер теңіз және өзен флоты суднасындағы байланыс, дабыл, жарықтандыру, басқару, күштік тізбекті қоректендіру үшін арналған, сонымен қатар жағалаулық және жүзімелі обьекталар үшін қызмет етеді. Жұмыс спецификасына байланысты талаптар қойылады: шектеу қойылған аймақтағы төсем, су өтпейтін ортадан өту жерінде, абақтыдағы бөлінетін жарда. Мұндай жағдайға байланысты олар жоғарғы қызу төзімділік, теңіз суының қасиетіне беріктік, мұнайға, түрлі майларға беріктік, радиалды және созылмалы герметика, өртке беріктік және жоғарғы сенімділік қасиеті болуы керек.

Су асты кабельдері су астындағы магистральды желіні байланыстыру үшін арналған. Бұл кабельдер өзінің массасы әсерінен пайда болатын созылмалы жүктемеге жоғарғы беріктікті болуы керек. Жоғарғы гидростатикалық қысымда ( 70 МПа дейін на 6…7 км тереңдікте) жұмыс жасайды. Сонымен қатар су асты кабельдері үлкен құрылыстық ұзындықпен шығарылуы керек. Ертеректе бұл мақсатта үзілуді қамтамасыз ету үшін трубка ішінде болат тросс немесе өткізгіш сыртына төселетін сауытты үлкен өлшемді коаксиалды кабельдер қолданылды. Соңғы уақытта байланыс оптикалық кабелі кеңінен қолданылады.

 Кабельдік телевидения жүйесі үшін арналған кабель телевизиялық сигналды екі өткізгішті (коаксальды) тізбек арқылы тасымалдауын қамтамасыз етеді. Құрылысы бойынша бұлар каоксальды радиожиілікті кабельдерге ұқсайды, бірақ жұмыс шарты қарапайым кабельдерден ерекшеленеді. Біріншіден, оның ұзындығы мың метрге дейін барады. Екіншіден, олар телефонды кабельді канализацияда төселеді, бірақ жиілік диапазоны бойынша қарапайым радиожиілікті кабельдерге ұқсас.

Жылыту кабельдері, өткізгіштері және баулары ауылшаруашылық, өндірістік ғимараттарды, азаматтық обьектілерді (ғимараттың төбесін, тротуар және т.б.), сонымен қатар түрлі өндірістік агрегаттарды және тұрмыстық жылыту құрылғыларын жылыту үшін қолданылады. Олар ұзыннан жылытылатын таратқыш болып келеді және еден астында, қаптама, жар ішінде орналасады. Бұл кабельдік бұйымдардың ерекшеліктері сұлбасында, өткізгіштің басы және аяғы қоректендіру кернеуіне жалғанады және осы талсымның кедергісімен анықталынады. Мұндай кабельдердің ұзындығы бірден жүзге дейін барады және олар мысты, болатты немесе жоғары кедергілі құймадан, ал оқшаулағышы — қарапайым жылуға берік (полиэтилен) немесе қызуға төзімді (фторопласттар, кремнийорганикалық резиналар немесе органикалық емес минералды материалдардан) болуы мүмкін.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *