Негізінен көбінесе теорияда электрлік аппараттарды таңдау олардың нормалық және апаттық режимдерде сенімділік жұмысымен қамтамасыз етеді. Электрлік станциялардың және қосалқы станциялардың бірнеше тізбегі өзіне әртүрлі электрлік аппараттар қосады. Олардың барлығы тек қана номиналды шарттарды емес және апаттық жұмыс режимін қанағаттандыру қажет. Электр станциялардың және қосалқы станциялардың бірінші тізбекті электр аппараттары келесі параметрлер бойынша таңдалынады:
1) Номиналды кернеу;
2) Номиналды ток;
3) Қондыру түрі бойынша;
4) Конструктивті орындалуына;
5) Тоқтың және қуаттардың айырылуы (жұмыс және апаттық тоқтың жұмысы үшін аппараттар).
Номиналды кернеулер және аппараттардың тоғы және айыру тоғы мен қуаттары паспорттық мәндері болып келеді.
Таңдау кезінде олар лектр қондырғылардың параметрлерінен кіші болмау керек.
Аппараттарды таңдау кезінде оларды алдымен қайда орналастыратының анықтау керек. Осыған байланысты сыртқы және ішкі қондырғылардың аппараттары анықталады.
Конструктивті жағынан аппараттарды таңдағанда ол конструктивті және экономикалық-техникалық көрсеткіші жағынан электр техникалық қондырғылардың мәндеріне сәйкес келу керек.
Аппараттарды таңдау қоршаған ортаның температурасын ескеру керек. Егер ол 35° С асқан жағдайда, жіберу тоғы мына формуламен есептелу керек:
мұндағы — қоршаған орта кезіндегі жіберу тоғы;
— аппараттардың номиналды тоғы;
— қоршаған ортаның температурасы;
— аппараттардың тоқтартқыш бөлігінің жіберу температурасы =35° С кезіндегі.
Электр станция және қосалқы станция бірінші тізбекті аппараттарын электродинамикалық және термиялық беріктікке тексеру керек. Аса ауыр апаттық режимді есептеу кезінде аппараттарды көп механикалық және жылулық жүктемелер пайда болады.
Тоқтартқыш бөліктерін термиялық беріктікке тексеру:
Өткізгішті термиялық беріктілікке тексеру келесі теңестірілуге әкеліп соқтырады. Төмендегі шарттар орындалу қажет:
Төменде жіберу температурасының қысқа тұйықталу кезіндегі мәндері берілген. Бірақта токтартқыш бөліктерінің түріне және материалына байланысты:
Мысты шина 300
Алюминді шина 200
Аппараттардың байланысы жоқ болатты шиналар 400
Аппараттарға байланысқан болатты шиналар 300
Кернеуі 10 кВ дейін қағазды оқшаулағышы бар кабельдер 200
Кернеуі 20-35 кВ қағазды оқшаулағышы бар кабельдер 125
Кабельдер және оқшау сымдар полихлорвинильді
немесе резеңкелі оқшаулағышы бар 150
Полиэтиленді оқшаулағышы бар оқшауланған сымдар
және кабельдер 120
Сақтандырғышты таңдау:
— Қондырғының кернеуі бойынша ;
— Тоғы бойынша
— Конструкциясы және қондырылғаны бойынша;
-Айырылу тоғы бойынша ,
мұндағы; I П.О — мөлшерлі айыру тоғы (симметричная составляющая).
Ажыратқыштарды таңдау:
Ажыратқыштарды арнайы параметрлер бойынша шығару керек:
— Қондырғының кернеуі бойынша:
— Жіберу тогы бойынша:
— Айыру қасиеті бойынша.
Ең біріншеден айыру симметрия тоғына шарт бойынша тексеріледі:
Қысқа тұйықтаудағы айыратын апериодты токты құрайтын тоғын тексеру:
,
мұндағы: ia.ном — номинал жіберетін мәні апериодты құрайтын айыру тоғы уақыт үшін ;
— айыру тоғындағы апериодты құрайтын номиналды мәні (каталог бойынша);
iа. — түйіспелердің ыдырау, айыру кезіндегі апериоды құрайтын қысқа тұйықталу кезіндегі тоғы;
— қысқа тұйықтау кезінен бастап доға сөндіргіш түйіспелердің айырылуына дейінгі қысқа уақыты.
,
мұндағы: =0,01 с – релелік қорғанысындағы минималды уақыты;
— ажыратқыштың өзіндік айыру уақыты.
Электродинамикалық беріктігінде ажыратқыштар қысқа тұйықталудың аралық өтпелі тоғымен тексеріледі:
мұндағы қысқа тұйықталу аралық өтпелі тоғының мәні (каталог бойынша);
— қысқа тұйықталу аралық өтпелі тоғының амплитудалық мәні;
— ажыратқыш тізбегіндегі қ.т пертодты құрайтын тоғының мәні
iy — ажыратқыш тізбегіндегі қ.т соғу тоғы.
Термиялық беріктігіне ажыратқыш жылулық импульсі бойынша тексеріледі:
мұндағы Вк — жылулық импульсі;
— термиялық беріктік тоғы каталог бойынша;
— термиялық беріктік тоғының ағылу уақыты, с.