Пәннің мақсаты мен міндеттері

1.Кабельдік бұйымның классификациясы

 1.1 ГОСТ 15845—80 байланыс кабельдік өнімді өткізгіштерге, бауға және кабельге бөледі.

Әр түрлі белгілері бойынша кабельдік бұйымды бөлуге болады:

— біртекті өнім тобы бойынша;

— конструктивті элемент құрамы бойынша;

— оқшаулағыш материалы бойынша;

— қолданылу аймағы бойынша.

Жалпылама кабельдік бұйымдар біртекті өнім тобы бойынша стандартталады.

Біртекті кабель өнімінің 25 тобы бекітілген:

— кернеуі 35кВ стационарлы төсем үшін арналған күштік кабельдер;

— кернеуі 110 кВ және жоғары стационарлы төсем үшін арналған күштік кабельдер;

— стационарлы емес төсем үшін арналған күштік кабельдер;

— симметриялық емес байланыс кабельдері;

— коаксиалды байланыс кабельдер;

— телефонды байланыс кабельдер;

— телефонды таратқыш байланыс кабельдер;

— радиожиілікті кабельдер;

— оптикалық кабельдер;

— басқару кабельдері;бақылау кабельдері;

— электр тасымалдағыш әуелік желі үшін арналған оқшауланған өткізгіштер;

— иілгіш оқшауланбаған өткізгіштер;

— оқшауланған күштік өткізгіштер;

— эмальды оқшаулағышы бар орамалы өткізгіштер;

— қабыршақты оқшаулағышты және пластмассалы, талшықты, эмальды-талшықты орамалы өткізгіштер;

— төменгі вольтты монтажды өткізгіштер;

— жоғарғы вольтты монтажды өткізгіштер;

— борттық өткізгіштер;

— ленталық өткізгіштер;

— тұтандыру немесе қосу өткізгіштер;

— күштік баулар;

— телефонды таратқыш өткізгіштер;

— күштік кабель арматурасы;

— әлсіз баулар.

Кабельдік бұйымдарды құрылымдық элементінің құрамы бойынша келесі топтарға бөлуге болады: электрлік өткізгіштерге, электрлік бауларға, электрлік кабельдерге.

Өткізгіш — үстіңгі қабаты (тасымалдауына және шартына байланысты) металл емес қабықшадан, талшықты материалды орама және (немесе) қаптамадан немесе талсымнан тұратын, бір немесе бірнеше оралған сымнан, не бір және одан да көп оқшауланған талсымнан құралған кабельдік бұйым.

 Бау — жылжымалы құрылғыларды жалғау үшін арналған оқшауланған жоғарғы иілгіш талсымы бар өткізгіш.

Кабель — бір және одан да көп талсымнан (өткізгіштен) тұратын, металдық немесе металдық емес қаптамасы бар, үстіңгі қабаты төсем шартына және тасымалдауына байланысты қорғаныс қабаты бар (сауыты бар), және су асты немесе жерге төсеу үшін жарамды болып келетін кабельдік бұйым.

Барлық кабельдік бұйымдарды оқшаулағыш материалына байланысты келесі топтарға бөледі:

— оқшауланбаған өткізгіштер;

— қағазды оқшаулағышты(сіңдірілген және сіңдірілмеген) өткізгіштер және кабельдер;

— пластмассалы оқшаулағышты бау және өткізгіштер, кабельдер;

— резеңкелі оқшаулағышты бау және өткізгіштер, кабельдер;

— эмальды өткізгіштер;

— талшықты және аралас оқшаулағышты сым және кабельдер.

Бұл белгідегі классификациялар кабельдік завод немесе цехтағы арнайы дайындамаға сәйкес, кабельдік бұйымның технологиялық өндірісіне байланысты қарастырылатын сұрақтар үшін маңызды.

Бірақ келтірілген классификацияның үш нұсқасы кабельдік бұйымның басты міндетін білдіртпейді.

Міндетіне байланысты кабельдік бұйымдарды келесі топтарға бөледі:

— жоғарғы кернеулі өткізгіштер және кабельдер;

— төменгі кернеулі өткізгіштер және кабельдер;

— байланыс кабельдері;

— радиожиілікті кабельдер;

— орамалы өткізгіштер

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *