1.6 Жаңаратын энергия көздерін қолдануда техникалық қиындықтар. Қоршаған ортаның мониторингісі.

ВИЭ қолдану жөніндегі шешім сол аймақтың қоршаған ортасының жағдайына көпжылдық бақылау (мониторинг) жүргізу нәтижесіненегізделген. Мониторинг процесі кезінде алынған мәліметтер нақты энергетикалық жүйені жасауда пайдаланатын барлық сипаттамаларды кірстіруі өте маңызды. Көпшілік жағдайда мұндай мәліметтер метеорологиялық бақылаулар нәтижелерінде болады, бірақ метеостанциялардың орналасуы көпшілік жағдайда болашақта орналасатын энергоқондырғының орналасу жерімен сәйкес келмейді және тіркеу және сараптау әдістері қарастырылып отырған тапсырмаға да сай келмейді. Бірақ метеостанция деректері мақсатты мониторинг нәтижелерімен салыстырмалы сараптау жасау үшін база ретінде қолданылады. Мысалы, ойластырылып отырған желқондырғысын орналастыру жерінің бірнеше айлар бойы жел жылдамдығының нәтижелері мен оданда ұзақ мерзімді метеодеректерге сүйеніп, жел жылдамдығының мониторинг нәтижелерін анықтауға болады.

ВИЭ бағалауларын жүргізу біршама күрделілеу, себебі оның негізіне қарапайым метеодеректер алынбайды. Бұл жағдайда біршама адами және материалдық ресурстарды қажет ететін арнайы өлшеу әдістері мен соған сәйкес құрылғылар қажет. Бірақ кез келген жағдайда жан-жақты мәліметтерге сүйеніп, керекті мәліметтердің көп білігін алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *