1.5. Жаңаратын ресурстарға энергетиканы жобалауда кешенді көзқарас.

Жаңаратын энергия көздері бізді қоршаған ортаның маңызды бір бөлігі және олардың зерттелуі қандайда бір ғылыми тәртіппен шектелмеуі керек, айталық, физикамен немесе электротехникамен. Көп жағдайда зерттеу аймағы қндірістік биотехнология мен басқару процестерін қамтиды.

Кешенді жобалаудың айқын мысалы ретінде агроөндірістік кәсіпорындарды алуға болады. Мал өндірісінің және өсімдік өсіру өндірісінің қалдықтары метан өндіруде шикізат ретінде қолданылады, сонымен қатар сұйық және қатты отын алуға, жалпы тыңайтқыш пен жоғары нәтижелі ауыл шаруашылығыныі кіріспелерін жасауда қолданылады. Жаңаратын энергия көзінің ешқайсысы кез келген жағдайда қолданатын әмбебап ретінде қолданылмайды. Бұл әрқашан нақты табиғи жағдайлар мен қоғам сұранысы, яғни, нақты жағдайлармен анықталады. Сондықтан жаңаратын ресурстарда нәтижелі энергетика жобалау үшін, біріншіден, қоршаған ортаны жүйелі түрде зерттеу, мұнай іздеуіндегі геологиялық зерттеулерге ұқсас, екіншісі, нақты аймақтың өндірістік, ауылшаруашылық өндіріс және тұрмыстық қажеттерінің энергияға деген қажеттілігін анықтау. Соның ішінде ең экономикалық шығыны аз энергия көзін таңдау үшін энергия тұтынушылардың құрылысын білу қажет. Бұған қатысты жаңаратын ресурстар энергетикасы ауылшаруашылық өндірісіне ұқсас, онда белгіл бір өсімдік түрінің жақсы өсіп-жетілу топырақ сапсына, табиғи жағдайларға және сол өнімге нарықтық сұраныстың болуы қажет. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан күн энергетикалық қондырғылары республиканың солтүстігіне қарағанда өзгеше болуы керек.

Жаңаратын энергия көздерінің энергетикасын жобалау отырған аймақтың көлемі орташа 250 км болады және оны ұлғайту мүмкін емес. Өкінішке орай, қазіргі заманның қоғамның дамуы мұндай көп нұсқалы жаңаратын энергия түрін қолдануға үйреншікті емес.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *