Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) басқарған адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) басқарған адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

<variant>ұйымдастырушы;

<question> Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

<variant>айдап салушы;

<question> Қылмыс жасау қаруларын немесе құралдарын берумен қылмыс жасауға жәрдемдескен адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

<variant>физикалық көмектесудегі көмектесуші;

<question> Қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

<variant>физикалық көмектесудегі көмектесуші;

<question> Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат берумен қылмыс жасауға жәрдемдескен адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

<variant>интеллектуалдық көмектесудегі көмектесуші.

<question> Қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

<variant>физикалық көмектесудегі көмектесуші;

<question> Қылмыстық жолмен табылған заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам қатысушылардың қайсысы деп танылады:

<variant>физикалық көмектесудегі көмектесуші;

<question> Қатысушылардың қайсысының іс-әрекетімен қылмыстың аяқталғаны анықталады:

<variant>орындаушы;

<question> Орындаушының өз еркімен бас тартуы қалған қатысушылардың жауаптылығына қалай әсер етеді:

<variant>олар тиісті қылмысқа дайындығы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады;

<question> Бірлесіп қылмыс жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қылмысқа қатысса, ол келесідей жасалған деп танылады:

<variant>алдын ала сөз байласқан адамдар тобы;

<question> Бір немесе бірнеше қылмыстар жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобымен қылмыстар жасау қатысудың қай нысанына жатады:

<variant>ұйымдасқан топпен;

<question> Қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топпен қылмыс жасау қатысудың қай нысанына жатады:

<variant>қылмыстық қауымдастықпен;

<question> Егер қылмысты жасау үшін құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол ……….. жасалған деп танылады:

<variant>қылмыстық қауымдастықпен;

<question>. Қылмыстық қауымдастық ұйымдасқан топтан қандай белгілерімен ажыратылады:

<variant>ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасауға бірігу мен бағытталушылық;

<question> Алдын ала уәде бермей қылмыс іздерін, қылмыс жасау қарулары мен құралдарын жасыруға жәрдемдескен адамның іс-әрекеттері қалай бағаланады:

<variant>жасырушылық;

<question> Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық қылмыс туралы хабарламаған адамның іс-әрекеттері қалай бағаланады:

<variant>хабарламаушылық;

<question> Қандай санаттағы қылмысты жасырушылық үшін қылмыстық жауаптылық көзделген:

<variant>ауыр және аса ауыр;

<question> Қандай санаттағы қылмыстар туралы хабарламағандық үшін қылмыстық жауаптылық көзделген:

<variant>аса ауыр.

<question> Банда қылмысқа қатысудың қандай нысанына жатады:

<variant>ұйымдасқан топ;

<question> Көрсетілген мән-жайлардың қайсысы қылмыстық заңға сәйкес әрекеттің қылмыстылығын жоятын болып табылмайды:

<variant>жәбірленушінің келісімі;

<question> Көрсетілген шарттардың қайсысы қол сұғушылыққа қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылығының міндетті шарты болып табылмайды:

<variant>қол сұғушылық қылмысты болуы тиіс;

<question> Көрсетілген шарттардың қайсысы қажетті қорғанудың қорғануға қатысты заңға сыйымдылық шарты болып табылмайды:

<variant>тек қылмыстық қол сұғушылықтардан ғана қорғануға жол беріледі;

<question> Қажетті қорғану шегінен асуға не жатпайды:

<variant>жалған қорғану;

<question> Көрсетілген шарттардың қайсысы қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтірудің заңға сыйымдылық шарттарына жатпайды:

<variant>оны ұстау кезінде адамға келтірілген зиян онымен жасалған әрекеттің зардаптарымен тең болуы тиіс.

<question> Қандай жағдайда қылмыс жасауда сезікті адамды ұстау үшін негіздер жоқ:

<variant>сезіктінің жеке басы анықталды және ол жасырынбақ болған жоқ;

<question> Қандай шарт қылмыскерді ұстау бойынша іс-әрекеттерді заңға сыйымды деп тану үшін міндетті болып табылмайды:

<variant>қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға құқыққа оған арнайы уәкілетті тұлғалар ие.

<question> Қандай мән-жай аса қажеттіліктің заңға сыйымдылығын жоққа шығарады:

<variant>құқық қорғау мүдделеріне төнген қауіп басқа құралдармен жойыла алатын;

<question> Қандай шарт төнген қауіпке қатысты аса қажеттіліктің заңға сыйымдылығының міндетті шарты болып табылмайды:

<variant>қауіптің қайнар-көзі болып адамның іс-әрекеттері табылды;

<question> Аса қажеттілікте төнген қауіпті жоюда қандай шарт заңға сыйымды болып табылмайды:

<variant>Қылмыстық заңмен қорғалатын мүдде адамның қоғамға қауіпті мінезқұлқынан қорғалады;

<question> Көрсетілген белгілердің қайсысы бойыншп қажетті қорғану аса қажеттіліктен ажыратылады:

<variant>Зиян шабуыл жасаған адмға тиеді;

<question> Аса қажеттіліктің қандай белгісі қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтірудің белгілерімен сәйкес келеді:

<variant>Физикалық зардап келтіру – төнген қауіпті жоюдың жалғыз ғана мүмкіндігі;

<question> Қандай мән-жайлар орынды тәуекелді жоққа шығарады:

<variant>Әлеуметті пайдалы мақсатқа тәуекелді әрекетке бармай ақ жетуге мүмкін болса;

<question> Физикалық мәжбүрлеу нәтижесінде қылмыс жасау:

<variant>Егерде осындай мәжбүрлеуде тұлға өзінің іс — әрекетін басқара алмаса қылмыстық жауаптылықты жоққа шығарады;

<question> Жазаның мақсаты:

<variant>Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *