Орамалы сымдар – электр машиналар мен аппараттар және құрылғылардың орамасын жасау үшін қолданады. Қолданылатын өткізгіштік материалдарға қарай, оралмалы сымдар мысты, алюминді және төмен кедергідегі құймаларға бөлінеді. Айтарлықтай сымдардың аз бөлігі биметалдан, бағалы металдардан, арнайы құймалардан жасалған өткізгіштермен қоса шығарылады. Изоляция түрлеріне қарай оралмалысымдар келесі түрлерге бөлінеді:
— эмальді изоляциясымен немесе эмальданған сымдар;
— талшықтар немесе эмальды-талшықты изоляциясымен аралас,
сонымен қатар, әйнекті – талшықты және қағазды, пластмамассалы изоляциясымен;
-арнайы тағайындалған керамикалық және әйнекті эмальданған изоляциясымен.
Шығарылатын орамалы сымдардың негізгі бөлігіне эмальданған сымдар құрайды, олар изоляцияның аз қалыңдығын құрайды. Эмальданған сымдарды қолдану электр машиналарымен аппараттарындағы саңылауды қолдану коэффициентін ұлғайтуға жол береді. Осыған орай, бұрыңғы габаритті өлшемдердің қуатын көтеріп немесе параметрлерді сақтай отырып габаритті өлшемдерді төмендетіп отыру. Және де еңбектің өнімділігі эмальданған сымдарда шығару кезінде, талшықты изоляциясы бар сымдарды шығарғанға қарағанда жоғары.
Берілген топта маңызды орынды қабатшалы (пленочный) изоляцияны герметизациялап қыздырады. Орамалы сымдардың басты сипаты қызуға төзімділік болып табылады, дегенмен олардың жұмысы температураға ғана
байланысты емес, сонымен қатар эксплуатация жағдайын анықтайтын бірқатар факторларға да тәуелді.
Әлемдік және отандық практикада орамалы сымдардың классификациясы қызуға тұрақтылығы бойынша қолданылады.
Орамалы сымдарды температуралық индекс мәні бойынша келесі түрде жіктеуге болады:
— поливинилацеталды изоляциялы және майлы лактар негізіндегі
изоляциясы сымдар;
— полиуретанды изоляциялы, талшықты, лавсан изоляциялы сымдар;
— модифицирленген емес полиэфирлі изоляциясы бар;
— полиэфирримидті изоляциялы сымдар, әйнекті талшықты, изоляциялы сымдар;
— кремний органикалық лактармен сіңдірілген әйнекті талшықты изоляциялы сымдар.
Орамалы сымдардың жұмысы құрамындағы бұйымның әр түрлілігіне
байланысты ажыратылады.
Кабельді бұйымдарды шығарудың технологиялық процестерінің жалп