Модуль 3. Кернеуі 6 — 10 кВ ішкі зауыт желісінің есебі Дәріс — 10 Тақырып 2. Өндірістік кәсіпорындардың қоректену қосалқы станциясының орналасу орнын анықтау

Егер тұтынатын тоқ фаза бойынша кернеуден қалатын болса, онда реактивті қуат оң таңбаға ие, ал егер ток кернеуден асатын болса реактивті қуат теріс таңбаға ие.

Қазіргі уақытқа дейін реактивті қуатты анықтайтын басты нормалық көрсеткіш қуат коэффициенті cos ф болды. Оның мәні 0,92-0,95 аралықта болу керек.

Сәйкесінше қатынастары нормаға сәйкес реактивті қуаттарының динамикалық өзгерісі жөніндегі дәл мәнін бермейді. Мысалы, қуат коэффициентін өзгерткен жағдайда 0,95-тен 0,94-ке дейін реактивті қуаты 10% өзгереді, ал 0,99-дан 0,98-ке реактивті қуаты 42% өседі.

  — реактивті қуатының коэффициенті.

Өнеркәсіп өндірісіндегі реактивті қуаттарының басты тұтынушылары асинхронды қозғалтқыштар (жалпы тұтынушы 60-65%), трансформаторлар (20-25%), вентильдік түрлендіргіштер, реакторлар, әуелік тораптар және басқа қабылдағыштар (10%). Реактитвті қуаттарының жабдығына байланысты коэффициент 1,3-1,5 болуы мүмкін.

Келесі себептер бойынша реактивті қуаттарды желілер және трансформаторлар арқылы тарату тиімді емес.

1. Электржабдықтау жүйесінде қосымша активті қуаттар және энергия шығындары туындайды. Электржабдықтау жүйесінің элементі арқылы активті және реактивті қуаттарын кедергісімен активті қуаттар шығынын құрайды:

Қосымша активті қуаттар шығыны реактивті қуаттарының Q квадратына прапорционал.

2. Аудандық тораптарда қосымша кернеулер шығындары туындайды. Мысалы, электржабдықтау жүйесі арқылы активті және реактивті кедергілерімен қуаттарды таратудағы кернеу шығындары:

мұндағы: – активті қуатымен таңдалған кернеу шығыны;

  — реактивті қуатымен таңдалған кернеу шығыны.

3. Реактивті қуаттарды өнеркәсіп тораптарында электржабдықтау және трансформаторларда жүктеу олардың өтпелі қасиетін төмендетеді және әуелік және кабельдік желілерінің сым қимасын өсіруін, сонымен қатар номиналды қуаттарын және қосалқы станциядағы трансформаторлардың санын көбейтуін талап етеді.

Өнеркәсіп өндірісінде бұл шынайы жолмен шешім табылуы мүмкін. Мысалы, қабылдағыштың жұмыс режимін жақсарту, жоғарғы кострукциялы қозғалтқыштар қолдану және оларды жүктеуден алшақтату, сонымен қатар арнайы компенсациялайтын қондырғы орнату арқылы жүзеге асырады.

Бұл жерде айта кететін жәйт реактивті қуатты компенсациялау кезінде активті қуаттың экономикалық шығыны өнеркәсіптің электржабдықтау тораптарында емес барлық электржабдықтау жүйесіндегі элементтерінде болады, яғни энергожүйенің генераторларынан бастап өнеркәсіп өндірісіндегі басты төмендеткіш қосалқы станция трансформаторына дейін (ГПП) немесе өнеркәсіптің басты тарату қосалқы станциясының қоректенетін желілеріне дейін.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *