Жаңа техника және энергетикадағы электр машиналарының ролі және мәні.
2. Электр машиналарының және трансформаторлардың дамуы бойынша қысқаша мағлұмат.
Электрмашиналарын жасаудағы прогресс электр машиналар теориясының облысындағы жетістіктерге байланысты. Энергияны электромеханикалық түрлендіру процесін терең түсіну тек қана электр машинаны жасап және пайдаланатын электрмеханиктерге емес, сонымен бірге қызметі электрмеханикасымен байланысты көптеген мамандар иесіне қажет.
Барлық электр энергия электр машиналарымен өндіріледі. Бірақ электр машиналар тек қана генераторлық режимдерде ғана емес, сонымен бірге электр энергияны механикалық энергияға түрлендіретін қозғалтқыш режимінде де жұмыс істей алады.
Электр станцияларда өндірілген электр энергияның үштен бір бөлігі әртүрлі электр жетектер арқылы механикалық энергияға түрленеді. Айнымалы және тұрақты тоқ электр қозғалтқыштары қуаттары бірнеше ваттан ондаған мың киловаттқа және кернеулері бірнеше вольттен ондаған мың киловольтке дейін жасалады. Айналу жиілігі тәулігіне бір айналыстан 500000 айн/мин дейінгі шекті алып жатыр.
Қазіргі кезде электрмеханика облысына қойылытын негізгі мәселе, электр машиналарын жасауда жаңа дәстүрлі емес энергия көзін пайдалану. Қазір электр энергияның шамамен 80 % органикалық отынды жағу арқылы жылу электр станцияларында өндіріледі. Мұнай, газ және көмір қорлары шектелген, және жақын жылдарда еліміздің отын балансында органикалық отын үлесін айтарлықтай азайту қажет. Болашақта энергетикада энергияны электр механикалық түрлендіру негізгі болып есептеледі, сондықтан жаңа энергия көзін пайдаланып электр генераторларды жасау, электр механиктер үшін ерекше қамқорлық болып табылады.
Осы кезге дейін электр машинаның бір класы — индуктивті қолданылып келді, яғни энергияны электрмеханикалық түрлендіру магнит өрісінде өтеді. Электрлі және элетр магнитті өрістерде бір кезде энергия түрленетін электр механикалық түрлендіргіштер өнеркәсіпте әлі қолданылмайды. Мұндай электр машиналарды жасау электрмеханиканың ең қиын мәселесі.
Электр машинаның теориясын түсіндіру энергияны электр механикалық түрлендіру заңдарынан және жалпыланған машина теңдеулерінен басталады.