Сұрақтар
1. Кіріспе
2. «Өндірістік санитария» пәнінің мақсаты мен міндеттері
3. Негізгі анықтамалар мен терминдер
1. Адамның негізгі құқықбарының бірі- адам өміріне қауіп төндірмейтіндей экологиялық таза, қауіпсіз ортада өмір сүру болып табылады. Бүкіл дүниежүзінде, ортада өмір сүру болып табылады. Бүкіл дүниежүзінде, және біріншіден соңғы екі он жылдық ішінде экономикасы дамыған елдерде қоршаған ортамен байланысты проблемалар өршіп отыр. Бұл проблема экономикалық, әлеуметтік және саясат жағынан негізге алынды.
Адамның психологиялық және физиологиялық жағдайы, көңіл-күйі, іскерлік белсенділігі шешуші жағдайда оның денсаулығына байланысты. Адам үшін ең басты қажеттісі денсаулық, сондықтан денсаулық адамға басқа да барлық мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады.
Қазіргі кезде қошаған ортаға көбінесе антропогендік заттар түсуде, ол тек ластаушы ғана емес, сонымен бірге уытты (токсичный), канцерогенді (рактың сонымен қатар басқа да қауіптіліктердің пайда болуына себепші), аллергенді (ағзада тұншығу, тұмау, қышыма түрінде реакция тудырады) және мутагенді (мутация, бұл тұқым қуалаушы өзгерістер туына әкеліп соқтырады) адамға және басқа да тірі ағзаларға.
Сондықтан адамның өмір сүруі үшін, және барлық биосфера үшін тез арада мүмкіншіліктерді қайта қарауды дамыту керек.
Қазіргі уақытта және де болашақта экономика мен саясатқа қажетті экологияны емес, керісінше экоорталық жолдарын құру қажет. Әр елдің байлығы өндірілген материалдық құндылықтардың санымен бағаланбайды, бұл қазір қабылданғандай,
Керісінше халықтың денсаулық деңгейімен бағалануы тиіс.
Ұлттың денсаулық жағдайы түрлі көптеген факторларға әсер етеді: климаттық, әлеуметтік-экономикалық, бірақ экологиялық фактор 25-30% үлесін құрайды, оған онкологиялық және бірнеше есе көп- аллергиялық аурулар жатады. Сонымен қатар ауыр аурудың түрі, мыс Миниматтор және т.б, қоршаған ортаның кадмиймен, қорғасын, сынаппен ластану жолдары бар.
Адам денсаулығы үшін қажетті бұл- сапалы ауа, ішетін су және тамақ өнімдерінің сандық және сапалық көрсеткіштері, сонымен бірге табиғи радиационды фон, шу мен электромагниттік тербеліс деңгейі болып табылады. Қажетті деңгейден аспау керек.
Қоршаған ортадағы зиянды заттектердің құрамы аурудың жоғарлауын болдырмау керек, бұл шекті жіберілген концентрация жоғарлауы- нормативті санитарлы тәртіптік ережелермен заңдастырылып бекітілген.
ШЖК (ПДК)- шекті жіберілген концентрация барлық ауаны, суды немесе топырақты ластаушы түрлері жоғарылаған кезде адамға, өсімдіктер мен жануарларға зиянды әсерін тигізеді.
2. Өндірістік санитария- бұл жұмыстағы зиянды өндірістік факторлар әсерін жою немесе төмендету үшін арналған техникалық тәсілдер мен ұйымдастыру шаралар жүйесі.
«Өндірістік санитария» пәні адамның тіршілік әрекетінің процестерін оқуға, әртүрлі келетін қауіп әсерлерін, көбінесе процестермен, объектілер белгілі бір жағдайда адам шығынын әкелетін, демек түрлі жазатайым оқиғаларды тудыратын жағдайларды анықтауға бағытталған.
Пәннің мақсаты: Студенттердің өнеркәсіп санитария проблемасына дайындаған, оған биогендік, химиялық және физикалық, психофизиологиялық факторлардың адам денсаулығы мен жұмысшыларға әсерін теориялық және практикалық жақтарын үйрету.
Комфортты метеожағдаймен жұмыс орнының микроклимат параметрлерін, олардың адамағзасына әсерін және комфортты метеожағдай әдістерін жасау пәннің міндеті болып табылады.
3. «Өндірістік санитария» пәнінде пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер.
Іс-әрекет- бұл адаммен жасалынатын барлық мақсатты және мойындалған операция.
Тіршілік әрекеті- бұл өмір сүру, кезекпен жасалынатын іс-әрекетпен барлық демалу түрлері.
Денсаулық- ағзаның табиғи жағдайы, оның қоршаған ортамен тепе-теңдігі мен қандай да бір ауру өзгерістерін (сезу) сипаттау.
Тіршілік ортасы- адамды қоршаған орта.
Зиянды өндірістік фактор- адамға (жұмысшыға) ауру тудыруы мүмкін фактор. Зиянды фактордың биосфераға әсері оның деградациясына әкеліп соқтырады.
Қауіпті өндірістік фактор- адамға (жұмысшыға) жарақат әкелуі мүмкін әсер фактор.
Өндірістік орта- адаммен жасалатын еңбек әрекеті кеңістігі.
Жұмыс орны- қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
Жағымсыз әсер- адам-тіршілік ортасы жүйесіне адам мен материалдық ресурсқа табиғи ортаға шығын алып келетін элементтер құрамы.
Қауіпсіздік- адам- техносфера жүйесіндегі адамға минималды зиянды әсер жағдайымен қарым- қатынасын сақтайтын элементтер құрамын айтамыз.
Тәуекел- адам тіршілік ететін ортаға мүмкін болатын жағымсыз (кері) әсерді айтамыз.
Жіберілген тәуекел- қазіргі уақыттағы қоғамның құтыла алмайтын минималды тәукелдің түрі.
Оқиға- адам мен қоршаған ортаға кері әсер ететін жағдай.
Апат- адамның өлімі мен техникалық әдістер немесе экономикалық жағынан қалпына келмейтін жағдайды айтамыз.
Катастрофа- техникалық жүйеде болған адам өлімінен немесе адамдардың жоғалуына әкелетін жағдай.
Төтенше жағдай аймағы- адам денсаулығымен қоршаған орта жағдайына кері әсер ететін аймақ (регион) немесе оның бөлігі.
Адамның шаруашылық әрекетінің дамуы нәтижесінде (қажеттілік-өндіріс-пайдалану), табиғи экожүйемен, өнеркәсіп объектісінде болған апаттан қоршаған ортаға, табиғатқа әсерінен экологиялық құлдырауға және экологиялық апатқа әкеледі.