9.Соттағы өкілдің өкілеттіктері (көлемі жəне рəсімделуі).

Өкілдің өкілеттіктері: 1. Тапсырма бойынша өкіл талап қою арызына қол қоюдан, iстi төрелікке беруден; татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісім жасаудан, талап қоюдан немесе талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартудан, талап қою талаптарының нысанасын ұлғайтудан немесе азайтудан, талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгертуден, өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруден (сенімді басқаға аударудан); сот актісіне апелляциялық, кассациялық тəртіптермен шағым жасаудан, жаңадан ашылған немесе жаңа мəн-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз беруден, сот актісін мəжбүрлеп орындатуды талап етуден, сот алып берген мүлікті алудан, апелляциялық шағымнан, өтінішхаттан бас тартудан басқа, осы Кодексте көзделген барлық процестік əрекеттерді өзі өкілі болып отырған тұлғаның атынан жасауға құқылы.

      2. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тапсырма бойынша өкіл осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, заңды тұлғалардан анықтамаларға немесе өзге де құжаттарға сұрау салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен заң көмегін көрсету үшін өзге де əрекеттерді жасауға құқылы.

      3. Өкілдің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген процестік əрекеттердің əрқайсысын жасауға өкілеттіктері өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуге тиіс.

2.Өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу: 1. Өкілдің өкілеттіктері заңға сəйкес берілген жəне ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.

      Сенімхат сотқа жазбаша нысанда немесе сенім білдірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.

      2. Кəсіптік одақтар мен басқа да ұйымдардың уəкілетті өкілдері осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақшаларына сəйкес осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куəландыратын құжаттарды сотқа беруге тиіс.

      3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттіктері «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен берілетін ордермен куəландырылады.

      Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші бөлігінде көзделген процестік əрекеттерді жасауы сенімхатпен куəландырылады.

      4. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе осыған уəкілеттік берілген өзге де тұлға береді.

      5. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 5) жəне 6) тармақшаларында көрсетілген өкілдердің өкілеттіктері сенімхатта немесе сот отырысына жеке өзі қатысқан жағдайда сенім білдірушінің сот отырысының хаттамасына енгізілген ауызша мəлімдемесінде көрсетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген өкіл жоғары заң білімі туралы дипломның расталған көшірмесін ұсынады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *