5.Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысуы.

Олардың түрлері.1)Даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдейтін үшінші тұлғалар 1. Даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа да талап қою арқылы істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін процеске кірісе алады. Олар барлық құқықтарды пайдаланады жəне талап қоюшының барлық міндеттерін орындайды. 2. Сот істі сот талқылауына дайындау кезінде жəне қойылып отырған талаптар үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі туралы анық деректер болған кезде көрсетілген тұлғаларға осындай арыздың қабылданғаны

туралы хабарлайды. 3. Егер үшінші тұлға іске қатысу немесе бірінші сатыдағы сотта дербес талап қою құқығын іске асырмаса, сот істі талап қоюшының қойған талабы бойынша қарайды жəне шешеді. 2)Даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдемейтін үшінші тұлғалар 1. Даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысты олардың құқықтарына немесе міндеттеріне əсер етуі мүмкін болса, бірінші сатыдағы сот іс бойынша шешім шығарғанға дейін талап қоюшының немесе жауапкердің жағында процеске кірісе алады. Олар тараптардың жəне іске қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша іске қатысуға тартылуы мүмкін. 2. Сот істі сот талқылауына дайындаған жəне қойылған талаптар үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі туралы анық деректер болған кезде көрсетілген тұлғаларға осындай арыздың қабылданғаны туралы хабарлайды. Даудың нысанасына дербес талабын мəлімдемейтін үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы шешімді сот істі сот талқылауына дайындау сатысында қабылдайды, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда немесе сот отырысында ұйғарыммен көрсетіледі, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі. 3. Дербес талаптарын мəлімдемейтін үшінші тұлғалар процестік құқықтарды пайдаланады жəне өзі қай тараптың жағында қатысса, сол тараптың процестік міндеттерін атқарады. Көрсетілген тұлғалар талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талаптардың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талап қоюдан бас тартуға, талап қоюды тануға, татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісім не дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісім жасасуға, қарсы талап беруге, соттың шешімін мəжбүрлеп орындатуды талап етуге құқылы емес. Дербес талабын мəлімдемейтін үшінші тұлға іске кіріскен кезде осы тұлғаға іс материалдарымен, оның ішінде іске қатысатын адамдардың бұрын берген түсініктемелерімен танысу мүмкіндігі беріле отырып, істі қарау жалғастырылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *