1. Республика Премьер-Министрі:
1) Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасында функционалдық міндеттерді бөледі;
2) Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады;
3) халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
4) Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; министрліктерді және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министр лауазымына тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министрді, оның ішінде Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған министрді лауазымынан босату туралы ұсыныстар енгізеді;
5) Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
6) Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндайды;
7) Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды;
8) Үкімет жанындағы консультациялық-кеңесші органдарды құрады және таратады;
9) Үкіметтің қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.
2. Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады.
АКТ: Республика Үкiметi Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады.