29 БИЛЕТ: Сот бұйрығы (ұғымы, шығару тәртібі мен мерзімі) Сот бұйрығының мамұны:

139-бап. Сот бұйрығын шығару тәртібі мен мерзімі

      Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.

140-бап. Сот бұйрығының мазмұны

      1. Сот бұйрығында:

      1) жүргізілетін істің нөмірі және сот бұйрығының шығарылған күні;

      2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі мен аты-жөні;

      3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi;

      4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жері, оның жұмыс орны және борышкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол белгілі болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi, сондай-ақ қалалық және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтер, электрондық пошта мекенжайы (егер мұндай мәліметтер бар болса және белгілі болса);

      5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;

      6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе құны көрсетілген, талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгілері;

      7) егер заңда немесе шартта тұрақсыздық айыбын өндіріп алу көзделсе, оның мөлшері және ол есептелген уақыт кезеңі;

      8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;

      9) мәлімделген талапқа қарсылық білдіру туралы арыз беру мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, кәмелетке толмаған балаларға алименттер өндіріп алу туралы сот бұйрығында күтіп-бағу үшін алименттер тағайындалған әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріліп алынатын төлемдердің мөлшері және оларды өндіріп алу мерзімі көрсетіледі.

      3. Сот бұйрығына судья қол қояды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *