25. Iстi талқылауды кейiнге қалдыру (ұғымы және негіздері). Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру (ұғымы және негіздері). Iстi талқылауды кейiнге қалдыру.

Егер сот іске қатысатын адамдардың қайсыбiрінің келмеуi, қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап ету қажеттігі,қарсы талап қойылған кезде, өзге де процестік әрекеттер жасау қажеттігі салдарынан осы сот отырысында істі қарау мүмкін емес деп тапса, iстi талқылауды кейiнге қалдыруға жол беріледі.

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының уәкілетті органынан оның баланы Қазақстан Республикасына заңсыз алып өткендігі немесе баланың Қазақстан Республикасында ұсталып отырғандығы туралы арыз алғаны туралы жазбаша хабарлама келіп түскен жағдайда сот осы бала туралы дауға байланысты істі талқылауды отыз күнге кейінге қалдыруға міндетті. Егер бала көрсетілген халықаралық шарт осы балаға қатысты қолданылуға жатпайтын жасқа толмаса, хабарламаға арыздың көшірмесі қоса берілуге тиіс. Iс кейiнге қалдырылған кезде iстiң жаңа сот отырысында қаралуын және шешiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн уақыт ескерiле отырып, жаңа сот отырысының күнi белгiленедi, бұл туралы келген адамдарға қол қойдыру арқылы хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған тұлғаларға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жiберiледi.

Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті

  Сот: 1) егер даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол беретін болса, азамат қайтыс болған немесе заңды тұлға қайтадан ұйымдастырылған, таратылған; 2) азамат заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған; 3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында болған немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жүрген талап қоюшы өтініш берген;4) азаматтық, қылмыстық немесе әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаған; 5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің конституцияға сәйкес еместігін тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің тиісті нормативтік құқықтық актінің конституцияға сәйкес келетіндігін тексеріп жатқандығы белгілі болған;6) тараптар медиатормен медиация жүргізу туралы шарт жасасқан жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.

 Сот:1) тарап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындау үшін тартылған; 2) заңды тұлғалар өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, тарап істі қарау мерзімінен асатын уақытта қызметтік іссапарда болған;3) заңды тұлға өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, тарап медициналық ұйымда стационарлық емдеуде болған;4) бала асырап алу туралы істер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді тағайындаған;6) сот сараптама тағайындаған;7) сотта медиация жүргізілген немесе партисипативтік рәсім жүргізілген;8) осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайларда жауапкер және (немесе) бала іздестіруде болған жағдайларда іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *