16. Дәлелдемелер және дәлелдеу.

Сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін. Егер дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, сот оны жарамды деп таниды.

Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғаныс құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелер және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімде келтіруге тиіс. Осы Кодекстің 29-тарауында (МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ, ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ, ҰЙЫМДАРДЫҢ, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ШЕШІМДЕРІ МЕН ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ) көрсетілген істер бойынша дәлелдеу ауыртпалығы актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *