11.Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығының ұғымы мен қағидалары

Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады.

   Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары дегеніміз сайлау құқығы нормалары мен институттары негізінде алынган жетекші ережелер мен талаптар. Бұл қағидаттарды сайлау процесінің барлық қатысушылары (сайлаушылар, сайлау комиссиясы, кандидаттар, т.б.) басшылыққа алуга тиіс. Бұл жетекші идеялар ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Оларға:

• жалпыға бірдей сайлау құқығы;

• тең сайлау құқығы;

• төте сайлау құкығы;

• жанама сайлау құкығы;

• жасырын дауыс беру кағидаттары жатады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *