10.Процессуалдық мерзімдер

121-бап. Процестік əрекеттер жасау мерзімдері

      1. Процестік əрекеттер осы Кодексте белгіленген процестік мерзімдерде жасалады.

      2. Егер процестік əрекеттер жасауға арналған мерзім осы Кодексте белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды. Сот тағайындайтын процестік мерзім процестік əрекеттер жасау үшін ақылға қонымды жəне жеткілікті болуға тиіс.

122-бап. Процестік мерзімдерді есептеу

       1. Процестік əрекеттер жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіле отырып, дəл күнтізбелік күнмен айқындалады немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен айқындалады. Соңғы жағдайда əрекет бүкіл кезең ішінде жасалуы мүмкін.

      2. Кезеңмен айқындалатын процестік мерзімнің ағымы оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады.

123-бап. Процестік мерзімдердің аяқталуы

      1. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында жəне күнінде бітеді.

      2. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы тиісті айында бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сəйкес келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.

      3. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді.

      4. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сəйкес келген жағдайда жылдармен, айлармен жəне күндермен есептелетін мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

      5. Жасалуына мерзім белгіленген процестік əрекет мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін поштаға, телеграфқа тапсырылса немесе өзге де байланыс құралдары арқылы берілсе, онда мерзім өткізіп алған болып есептелмейді.

      6. Егер процестік əрекет тікелей сотта жасалуға тиіс болса, онда мерзім сотта белгіленген ішкі тəртіптеме қағидалары бойынша жұмыс аяқталатын сағатта бітеді.

      7. Осы бапта көзделген процестік мерзімдерді есептеу тəртібі сотқа берілетін электрондық құжаттарға да қолданылады.

      1. Процестік əрекеттерді жасау құқығы осы Кодексте белгіленген немесе сот тағайындаған процестік мерзімнің аяқталуымен жойылады.

      2. Процестік мерзімдер аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы мəлімделмесе, сот оларды берген адамға қараусыз кері қайтарады.

      3. Процестік мерзімнің өтуі іске қатысатын адамды процестік міндеттерін орындаудан босатпайды.

125-бап. Процестік мерзімдерді тоқтата тұру

      1. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұрумен бірге барлық өтпеген процестік мерзімдердің жүруі тоқтатыла тұрады. Мерзімдерді тоқтата тұру сот іс бойынша іс жүргізуді осы Кодексте көзделген негіздер бойынша тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған күннен басталады.

      2. Сот іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап процестік мерзімдердің жүруі жалғасады.

126-бап. Процестік мерзімдерді ұзарту жəне қалпына келтіру

      1. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады.

      2. Егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дəлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.

      3. Сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін процеске қатысушының мүмкіндігін шектейтін заңды не сот актілерін сот бұзған жағдайда (іске қатысатын адамға сот актісінің көшірмелерін уақтылы жібермеуі; егер сот актісі адам білетін тілге аударылмаса, сот ісін жүргізу тілін білмеуі; құқық мирасқорлығын дұрыс ресімдемеуі), сондай-ақ оған уақытында шағым жасауға немесе наразылық білдіруге кедергі болған өзге де мəн-жайлар болған кезде сот актілеріне шағым жасау, наразылық келтіру үшін осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруге міндетті.

      4. Өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арыз арыз иесіне өзінің құқықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған күннен бастап бір айдан кешіктірмей процестік əрекеттер жасалуға тиісті сотқа беріледі. Арыздың қаралатын уақыты мен орны туралы іске қатысатын адамдар хабарландырылады, алайда олардың кез келгенінің келмеуі арыздың қаралуына кедергі келтірмейді.

      5. Мерзімді қалпына келтіру туралы арыз берумен бір мезгілде құқықтарды қорғау туралы талап берілуге, мерзімді өткізіп алу себептерінің дəлелділігін растайтын құжат ұсынылуға тиіс.

      6. Соттың өткізіп алған процестік мерзімді ұзартудан немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына апелляциялық тəртіппен шағым жасалуы жəне наразылық білдірілуі мүмкін.

      7. Соттың процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *