Құқық саласының қағидалары ретінде негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастар реттеледі.

Құқық саласының қағидалары ретінде негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастар реттеледі. Егемен Қазақстанның қазіргі осы заманғы құқығында құқықтың әрбір саласы үшін құқықтық қағидалардың өз жүйесінің болуы сипатты болады. Бұл Қазақстанның жалпы құқықтық қағидаларының қолданылуын теріске шығармайды, бұл қағидалар республика Конститутциясында баянды етілген – бұл ізгілікшілдік, құқықтық мемлекеттің, халық билігінің, заңдылықтың, жариялылықтың, азаматтардың тең құқылығы және т.б. қағидалары. Ал біздің зерделеуіміздің мәні экологиялық құқықтың айрықша қағидалары болып табылады.

Құқық саласының қағидаларының заңнамада баянды етілуі заңды құбылыс немесе экологиялық құқықтың тәжірибені талдау нәтижесінде анықталуы да мүмкін. Экологиялық құқықтың қағидалары жүйесін анықтаудың күрделілігі олардың сан алуандығында болып табылады. Қандай да бір нақты экологиялық құқық қатынасынан (мысалы, көмірсутегі пайдалы қазыналарын өндіру кезінде) біз жалпы экологиялық құқық қағидаларының жер мен тау құқығының қағидаларымен байланысын ұшыратамыз. Ал экологиялық құқықтың әрбір кіші саласында (жер, тау, су және т.б. салаларына) құқықтық қағидалардың өз жүйесі мен экологиялық-құқықтық қағидаларының жалпы жүйесі сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 5-бабында былай делінген:

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi қағидалары:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;

5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;

6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;

8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;

9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;

10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;

12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық қағидаларымен және нормаларымен үйлесуi;

15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.

Жоғарыда келтірілген қағидалардың мазмұнын қарастыралық.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *