ҚР Конституциясында қандай саяси режим бекітілген:

ҚР Конституциясында қандай саяси режим бекітілген:

<variant>демократиялық

<variant>либериалдық

<variant>либералды-авторитарлық

<variant>авторитарлық

<variant>тоталитарлық

<question>Қазақстан — зайырлы мемлекет. Ол дегеніміз:

<variant>діни бірлестіктер мемлекеттен ажыратылған

<variant>жоғарғы қоғамның ерекше құқықтары танылады

<variant>жоғарғы рухани-этикалық қағидалары бар мемлекет

<variant>саяси қызметі жоғары мәдениетті мемлекет

<variant>заңның басымдылығы танылады

<question>Мемлекеттік егемендік белгілеріне жатпайтын тармақшаны алып тастаңыз:

<variant>аумақтарды автономияға бөлу

<variant>мемлекеттің тәуелсіздігі

<variant>мемлекеттің ісіне өзгенің қол сұқпауы

<variant>өз азаматтығы мен аумағының болуы

<variant>мемлекеттік биліктің біртұтастығы мен жоғарылығы

<question>Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда саяси мақсаттағы қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол беріледі ме:

<variant>жол берілмейді

<variant>жол беріледі, себебі онымен азаматтардың мемлекет істеріне қатысу құқығы іске асырылады

<variant>олардың жарғысында белгіленгенде жол беріледі

<variant>заңмен белгіленген жағдайларда жол беріледі

<variant>тиісті мемлекеттік органның рұқсатымен жол беріледі

<question>Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы:

<variant>халық

<variant>Президент

<variant>Парламент

<variant>Үкімет

<variant>жергілікті әкімдік

<question>Республикада мемлекеттік билік іске асады:

<variant>биліктің үш тармаққа бөліну қағидасына сәйкес (атқарушы, заң шығарушы, сот билігі)

<variant>тек кана Парламент палаталарының бірлескен отырысымен

<variant>Конституциялық бақылау органдарымен

<variant>тек қана Республика Үкіметімен

<variant>Республика Президентімен және оның әкімшілігімен ғана

<question>ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының халқы:

<variant>мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы

<variant>биліктің объектісі

<variant>саяси билік үшін резерв

<variant>салық жинаудың көзі

<variant>ешқандай ролі жоқ

<question>Біртұтас мемлекет белгілеріне аталғандардың қайсысы жатпайды:

<variant>аумақтық бірліктердің өз еркімен шығу құқығы

<variant>бір азаматтықтың болуы

<variant>біртұтас мемлекеттің аумақтық бірліктерінің саяси дербестігі болмайды

<variant>құқықтың бірыңғай жүйесінің болуы

<variant>жоғарғы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесі

<question>ҚР Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы:

<variant>өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады

<variant>құқықтық мемлекет құру мақсатын қояды

<variant>әлеуметтік мемлекет құру мақсатын қояды

<variant>өзін конституциялық мемлекет деп жариялайды

<variant>демократиялық, құқықтық мемлекет болып табылады

<question>ҚР-ның мемлекеттік құрылым нысаны:

<variant>біртұтас

<variant>федеративті

<variant>автономиялық құрылымдарымен біртұтас мемлекет

<variant>ТМД елдері құрамына кіретін мемлекет

<variant>конфедерация

<question>ҚР Конституциясына сәйкес халық пен мемлекет атынан билік жүргізу құқығы берілген:

<variant>Президентке, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттілігі шегінде Парламентке

<variant>Президентке, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттілігі шегінде Үкіметке

<variant>тек қана Президентке

<variant>тек қана Парламентке

<variant>тек қана Үкіметке

<question>ҚР Конституциясына сәйкес ҚР азаматтығы:

<variant>оны қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып танылады

<variant>қос азаматтық

<variant>ҚР-ның мемлекетаралық шарттарында белгіленген жағдайда қос азаматтық танылады

<variant>ҚР азаматтарында басқа мемлекеттің азаматтығы танылады

<variant>бірнеше азаматтық танылады

<question>ҚР азаматтығына қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешімді қабылдайды:

<variant>ҚР Президенті

<variant>ҚР Парламенті

<variant>ҚР Парламентінің ұсынысы бойынша ҚР Президенті

<variant>ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон комитеті

<variant>ҚР Үкіметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *