Республикалық референдумды өткізудің түсінігі, пәні мен тәртібі.

Республикалық референдум — Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру.Референдум Республиканың бүкiл аумағында өткiзiледi. Референдум өткiзу:1) азаматтардың референдумға өз ықтиярымен қатысуы және еркiн ашық бiлдiруi;2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бiрдей, тең және төте қатысу құқығы;3) жариялылық принциптерiне негiзделедi. Референдумды ұйымдастыру мен өткiзу ашық әрi жариялы жүзеге асырылады.

  Референдумды өткiзу туралы шешiм мен оған қойылатын мәселе (мәселелер) азаматтардың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткiзiледi. Референдум комиссиялары референдум өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi өзiнiң жұмысы туралы, дауыс беретiн учаскелер құру, комиссиялардың құрамы, орналасқан жерi және жұмыс уақыты туралы, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi туралы азаматтарды хабарландырады. Референдум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының Президентiнде болады. Референдум оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте емес және үш айдан кеш емес мерзiмде өткiзiледi. Ерекше жағдайларда Республика Президентi референдум өткiзудiң басқа мерзiмiн белгiлеуі мүмкiн. Референдумға дайындық пен оны өткiзудi мыналар жүзеге асырады:1) Орталық референдум комиссиясының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы2) аумақтық референдум комиссияларының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының аумақтық сайлау комиссиялары;3) учаскелiк референдум комиссияларының функциясын орындаушы учаскелiк сайлау комиссиялары.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *