Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді. 1.Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар. Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады. Сотқа азаматтық процестің анық сатыларында басшылық рөл берілген. Іске қатысушы тұлғалар судьяға қарсыльқ білдірулері мүмкін, мұндай жағдайда судья ауыстырылып, істі басқа судья қарайды. Сот отырысының хатшысы азаматтық істерді қарау барысында сот отырысының хаттамасын жасайды жəне сот отырысына төрағалық етушінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Сот отырысының хатшысы сотқа іс бойынша шақырылған адамдардың қайсысының келгенін, келмей қалған адамдарға хабарланғандығы туралы жəне олардың келмей қалуының қандай себептері бар екендігін хабарлайды.Сот приставы — төмендегідей міндеттерді атқаратын адам: сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тəртіпті қадағалайды, сотқа іс жүргізу əрекеттерін орындауды жəрдемдеседі, сот ғимаратын, судьяларды жəне процестің басқа қатысушыларын қорғауды қамтамасыз етеді, соттың жəне басқа органдардың атқару құжаттарын мəжбүрлеп орындалатын сот орындаушыларына көмек көрсетеді.Сот орындаушысы — бұл мемлекеттік қызметтегі жəне заңмен жүктелген соттың жəне басқа органдардың актілерін орындау жөніндегі міндеттерді атқаратын лауазымды тұлға. 2.Іске қатысушы адамдар — тараптар; даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; процеске қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар; ерекше өндіріс тəртібінде сотта қаралатын істер бойынша өтініш берушілер жəне басқа да мүдделі адамдар. Іске қатушы адамдар өздеріне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы тиіс. Осы тұлғалар іс жүргізу құқықтарын орындамаған жағдайда заңдарда азаматтық сот ісін жүргізу туралы қарастырылған салдарлар туындайды. Іске қатысушы барлық адамдар екі шағын топқа бөлінед: 1) өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар. Оларға; үшінші тұлғалар, яғни, ерекше өндіріс істері бойынша өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалар кіреді, 2) мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді не жеке адамдар мүдделері мен құқықтарын қорғайтын адамдар. Олар прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар. 3.Сот төрелігін жүзеге асыруға жəрдемдесетін адамдар. Бұл топқа куəгерлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар жəне басқалары кіреді. Мұндай адамдарда азаматтық іске заңды мүдделілік болмайды. Олардың азаматтық процестегі рөлі қосалқы-қызметтік болып табылады, олар сотқа істің нақтылы мəн-жайларын анықтауға, оны дұрыс шешуге жəрдемдеседі жəне нақты əрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі, тап осындай көмекті олар іске қатысушы басқа да адамдарға көрсетеді.