Азаматтық істердің ведомстволығы мен соттылығы. Ведомстволықтың ұғымы. Ведомстволықтың түрлері. Азаматтық істердің соттарға ведомстволығы.

  1. Егер осы Кодекске жəне басқа да заңдарға сəйкес бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау өзгеше тəртіппен жүзеге асырылмаса, соттар оларды қорғау туралы істерді азаматтық сот ісін жүргізу тəртібімен қарайды жəне шешеді.

      2. Азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан жəне басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері соттардың ведомстволығына жатады.

      3. Санаттары осы Кодексте көзделген, мемлекеттік басқару саласындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын ерекше талап қою ісі жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.

      4. Санаттары осы Кодексте көзделген ерекше жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.

      5. Егер заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар қатысатын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істер соттардың ведомстволығына жатады.

      6. Шетелдік соттардың шешімдерін, сот бұйрықтарын жəне төрелік шешімдерді тану жəне орындау туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.

      7. Төрелік шешімдердің күшін жою туралы жəне осындай шешімдерді мəжбүрлеп орындауға жіберу туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.

      8. Азаматтық істердің басқа санаттары да заңға сəйкес соттардың ведомстволығына жатқызылуы мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *