Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі.

Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді жəне олардың ешқайсысы да қандай да мəн-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-əрекеттерге тыйым салынады. Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл кағида барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар адамдар немесе куə болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға жəне суретке түсіру, бейне-таспаға жазу, тікелей радио жəне телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-əрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс жəне оның уақытын сот шектеуі мүмкін. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *