Лексикалық–грамматикалық жəне елтану тестілері
9-сынып
1. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.
a) кешікті
b) айтқан
c) отыр
d) жүзеді
e) айтты
2. Антоним сөзі бар мақал-мəтелді табыңыз.
a) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.
b) Адал достық алтыннан да қымбат.
c) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
d) Ашуың келсе, қолың тарт.
e) Татулық – табылмас бақыт.
3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Мен ертең Астанаға … a) кетемін
b) келдім
c) кетіппін
d) кеткенмін
e) кеттім
4. «Арық …» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.
a) қалам
b) аспан
c) ағаш
d) қой
e) дəптер
5. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Бəрін қойып, ашық əңгімеге кірісейік. a) əңгімеге
b) қойып
c) кірісейік
d) ашық
e) бəрін
6. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
a) түзу
b) баяу
c) күлу
d) жаяу
e) сұлу
7. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты … !
a) қайтар
b) қорға
c) өткіз
d) жу
e) қүрес
8. “Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі”. Бұл мақалда не туралы айтып тұр? a) егіншілік
b) батырлық
c) ас, тағам
d) ынтымақ
e) денсаулық
9. «Көзі ашық» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.
a) көргіш
b) анық
c) жылдам
d) білімді
e) белгілі
10. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Гүлдей бер, туған жерім
a) Құрмалас
b) Лепті
c) Сұраулы
d) Жалаң
e) Толымсыз
11. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз.
a) аспанда
b) сызғыш
c) аста
d) ақылым
e) менде
12.Көп нүктенің орнына қандай одағайды қолдану керек? …, ауылдан көптен күткен əжем келді! a) алақай
b) тəйт
c) қап
d) ойбай
e) бəсе
13. Қандай шылау қою керек? Біз бүгін ерте шықтық, … сабақтан қалып қойдық. a) жəне
b) немесе
c) біресе
d) сол себепті
e) бірақ
14. Жұмбақты шешіңіз. Кішкене ғана қараша,
Туған жері тамаша.
Бір мезетте жер жүзін, Алады шарлап қараса. a) тіл
b) жүрек
c) көз
d) саусақ
e) қол
15. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.
a) „Біріншіден, көбі келген жоқ оқушылар“ деді класс жетекші.
b) „Біріншіден, көбі келген жоқ оқушылар“, — деді класс жетекші.
с) „Біріншіден, көбі келген жоқ, оқушылар“ деді класс жетекші.
d) „Біріншіден, көбі, келген жоқ оқушылар“ — деді класс жетекші.
e) „Біріншіден, көбі келген жоқ, оқушылар“, — деді класс жетекші 16. Астананың орналасқан жерін табыңыз.
a) Сарыарқа даласы
b) Көкшетау бауыры
c) Науырзым қорығы
d) Бетпақ даласы
e) Оңтүстік аймақ
17. Сырға, білезік, алқа жасайтын адамды қалай атайтынын белгілеңіз. a) ұстаз
b) шебер
c) жүргізуші
d) зергер
e) оқытушы
18. Қазақ музыкасын əлемге тұңғыш танытқан əншіні көрсетіңіз.
a) К.Бəйсейітова
b) Қ.Жандарбекова
c) К.Қуанышбаев
d) Ə.Қашаубаев
e) Б.Төлегенова
19. Толықтырыңыз: Тудағы қанатты қыран … белгісі.
a) бақыттың
b) еркіндіктің
c) заманның
d) уақыттың
e) қуаныштың
20. Ежелгі Отырар қай облыста екенін табыңыз.
a) Солтүстік Қазақстан
b) Жамбыл
c) Оңтүстік Қазақстан
d) Қызылорда
e) Алматы