МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ – МЕН ҮШІН ҮЛКЕН МЕКТЕПКЕ АЙНАЛДЫ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ – МЕН ҮШІН ҮЛКЕН МЕКТЕПКЕ АЙНАЛДЫ

«Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды», — деп Мұхтар Әуезов айтқандай, мәдениетті адам болу үшін білімді болу жеткіліксіз. Біліммен бірге тәрбие, әсіресе ұлттық тәрбие адамның болмысымен біте қайнасып жатуы тиіс. Ал жаһандану дәуірінде ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің жойылып кетпей, асқақтауы жолында еңбек етіп жүрген қаншама маманның еңбегін елеусіз қалдыруға, тіпті де болмайтыны хақ.
Негізгі мамандығым мәртебесі биік мұғалім болса да, еңбек жолымның бастауы мәдениет саласымен ұштасқандығына қуанбасам, өкінбеймін. Өйткені, қыз-қыз қайнаған мәдениет саласындағы әрбір тіршілік мен үшін үлкен тәжірибеге айналды! Өнер адамдарының, кітапханашылармен қатар мұражай қызметкерлерінің, тарихи құжаттардың алтын қорына айналған архив саласы қызметкерлерінің тыныс-тіршілігімен терең танысып, ақпарат айдынында сөзбен суреттеу тұлға болып қалыптасу жолымдағы үлкен мектеп деп есептеймін.
Мол мүмкіндіктердің есігін ашып, мәдениет саласының өсіп-өркендеуіне үлесі басым әрбір мәдениет саласындағы мамандар құрметке лайық!

Ғалия АБЫЛАЙ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасының
баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *