Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған жоспар
Оқу сауаттылығының мақсаты – оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігін және оларға рефлексия жасай білу, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдану, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуы үшiн дамыту қабілеттерін жетілдіру.
Міндеттері:
— Бір немесе бірнеше мәтіндерде берілген ақпараттармен бір уақытта жұмыс істей білу;
— Жазбаша ақпаратты түсіну;
— Мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау;
— Мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну;
— Сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау;
— Мәтіннің түрлері мен стилін анықтау;
— Әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану;
— Түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты алу;
— Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
— Мәтіндегі ақпаратты сыни тұрғыда бағалай білу.
PISA-да оқушылардың оқу сауаттылығын анықтауда ақпараттың маңынасын ашу және түсінік берудің үш негізгі параметрі бар. Олар: мәтін, жағдай (ситуация), сұрақ. Осы аталған параметрлердің құрылымы келесідей беріледі.
1. Әртүрлі тәсілдермен (кітаптар, парақшалар, ғаламтор-форумдар мен жаңалықтар лентасы), нысандармен (көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызы бар оқиғалар туралы ақпараттар, кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар) берілген мәтін
2. Ахуал. PISA тест тапсырмалары 15 жастағы білім алушы өмірде кездестіре алатын шынайы жағдайдың шарттарын үлгілейді. Білім алушы оқығанын мазмұндамай, берілген мәтіннен ақпаратты іздеу және түсінік беру қабілетін көрсетуі тиіс.
3. Сұрақтар. PISA халықаралық зерттеуінде оқу сауаттылығы бағыты бойынша сұрақтардың мынандай түрлері қолданылады: ашық сұрақтар, жабық сұрақтар, екі типті сұрақтар..
4.Оқушылардың жоспарланған нәтижелерін бағалау жүйесі ағымдағы және аралық бақылау үшін әр түрлі күрделіліктегі әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау түрінде жүреді.
Қолданылған әдебиеттер:
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ (PISA халықаралық зерттеулері бойынша) әдістемелік құралы.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
9- сынып
Аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат
№ № Тақырыптар С/с Мерзімі Қосымша Ескерту
I жартыжылдық, 16 сағат
І тоқсан, 8 сағат
1 Ақпаратты табу (Тұтас мәтін)
1 Тұмау. Байлық,бақыт,ақыл 1
2 Желаяқтар.Олимпиада 1
2 Ақпаратты табу (Тұтас емес және аралас мәтін)
3 Морлэнд. Тұмау мен жөтел. 1
4 Жоспар. Кітапхана 1
3 Мәтінді интерпретациялау (Тұтас және құрамдас мәтін)
5 Тоқаш.Макондо 1
6 Сыйлық.Граффити 1
4 Мәтінді интерпретациялау (Құрамдас мәтін)
7 Жұмыс күші.Сәлемдемелерді поштамен жіберу 1
8 Олимпиада.Қан тапсыру туралы хабарландыру 1
5 Мәтіннің мазмұны немесе формасы бойынша рефлексия жасау және мәтінді бағалау (Тұтас мәтін)
9 Билл Гейтс. Тоқаш 1
6 Мәтіннің мазмұны немесе формасы бойынша рефлексия жасау және мәтінді бағалау (Тұтас емес мәтін)
10 Төленген чек.Супермаркеттегі ескерту 1
11 Электрондық кітаптар.Жұмыс күші 1
7 Аралас мәтін.
12 Шірне жинау.Чад көлі 1
13 Еңбек. Фишинг 1
8 Дискретті мәтін
14 Жейделер.Ауалы шар 1
15 Телефон.Жұмысқа қабылдау. 1
16 Африкаға саяхат.Сыйлық. 1
ІІ жартыжылдық, 18 сағат
ІІІ тоқсан, 10 сағат
9 Жадағай мәтін
17 Мәтіннен сұрақтар құрастыру.(қарапайым,проблемалық сұрақтар) 1
18 Кітап туралы.Мінсіз кеңсе 1
19 Жүгірушілер 1
10 Ашық сұрақ,жабық сұрақ,екі типті сұрақтар
20 Сіз тістеріңізді қалай тазалайсыздар? 1
20 Жұмыстан қалай аман қалуға болады? 1
21 Пантера. Автокөліктердің әсерінен ауаның ластануы. 1
22 Биік ғимараттар. Аралар 1
23 Сапрофиттер.Фиолософиялық дәмхана 1
24 Сапрофиттер.Бала мен суретте бейнеленген арыстан 1
25 Әлем тілдері.Африкаға саяхат 1
26 Аманда мен Герцогиня.Театр өнері 1
27 Көшедегі жарнама.Электронды пошта мен хат 1
28 Мейрамханалар.Кітап туралы 1
29 Тағайындалған жері:Буэнос-Айрес. Афиныдағы демократия 1
30 План International.Төрт қыз 1
31 Вакциналаудан кім өтуі тиіс? 1
32 Мен «Алмасу оқушысы» боламын ба? 1
33 Пешене.Ноғайлы ордасы 1
34 Мәтіннен сұрақтар құрастыру. Қорытындылау.
Барлығы 34